Озық ойлы оқушы

Шығыс Қазақстан облысы
Оскемен қаласы
Кабдуалиева Шынар Кайрбаевна

    « Озық ойлы оқушы»
Мақсаты:
а) Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту.

 ә) Оқушылардың білімге деген қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу  қабілеттерін дамыту.

б) Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлғаны тәрбиелеу.
Сайыстың түрі: танымдық ойын сабағы.

Көрекілік: Слайд.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін шыңдайтын, білімді оқушыларды анықтайтын «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.

«Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады» дегендей білімді адам ешнәрседен қорықпайды.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,- дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілейміз. Сайысқа  6 сыныптың  оқушылары қатысады. Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Сайыс бағдарламасы:

І.кезең: Тарихи тұлғалар» Слайд арқылы тарихи тұлғалар жайлы сұрақтар қою.

ІІ.кезең: Тарихи хронология» немесе «Жылдар сөйлейді»

ІІІ. Кезең: «тарихи ұғымдар» 

ІV. Кезең: «Тарихи жұмбақ»

  1. кезең: картамен жұмыс

VІ.кезең:  Мерген

VІІ.  Кезең:«Жорға»  топ басшылары сайысы.

І.«Кім көп біледі?» бөлімінде сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Ал тұлға жайлы қосымша мәлімет келтірілсе + 10 ұпай. «Тарихи тұлғалар»

1.Қазақ әліппесін жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2.Алаш партиясын ұйымдастырушы, жетекшісі ( Ә. Бөкейханов)

  1. 1933 жылы Қазақстанда болып жатқан аштық жайлы Сталинге ашық хат жазған кім? (Т. Рысқұлов)

4.Қашғарияға саяхат жасаған кім? (Ш.Уәлиханов)

5.Абайдың дарынды шәкірті ( Шәкәрім)

6.тарих атасы атанған грек тарихшы кім? (Геродот)

7.1946ж бастап Қазақстанда қола дәуірін жүйелі түрде зерттеу экспедициясын бастаған ғалым (Әлкей Марғұлан)

8.Қазақтың тұңғыш академигі (Қаныш Сәтбаев)

9.»Қарлығаш би» атанған адам (Төле би)

  1. Рейхстаг төбесіне жеңіс туын тіккен қазақ батыры (Р. Қошқарбаев)

ІІ.»Қасиетті жетілік» (7 сұрақ  беріледі) «Тарихи хронология» немесе «Жылдар сөйлейді»

30 * 20
20 40 30
40 * 50

1.Сол жақтағы 30 Жаңа тас дәуірінің (неолит) уақыты б.з.б 5-3ғ

2.Оң жақтағы 20 тарих пәнінен сұрақ: Сақтар Қазақстан аумағын мекендеген уақыт б.з.б 8-3ғ

3.Ортадағы 40 сұрақ: «Алтын киімді адам» қай жылы табылды?  (1969ж)

4.Сол жақтағы Томирис патшайымның өмір сүрген уақыты (б.з.б 570-520жж)

5.Оң жақтағы 30 сұрақ: Экспо көрмесі Астана қаласында қай жылы өткізіледі? (2017ж)

6.Сол жақтағы 40 сұрақ:»  Ұлы жібек жолы қашан қалыптасты? (б.з.б ІІ ғ соңы  )

7.Оң жақтағы 50 сұрақ: Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары (1835-1865 ж)

ІІІ.» «тарихи ұғымдар»  ребус шешу, анықтамасын беру. 10 ұпайдан беріледі.

  1. петроглиф- тасқа қашап салынған сурет.
  2. Цитодель- ортағасырлық қалалардың орталық бөлігі
  3. Диаспора – Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ.
  4. Топонимика – жер- су аттарының шығуын, дамуын, жазылуын зерттейді.
  5. Микролит – ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал.

ІV. Кезең: «Тарихи жұмбақ»

Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті- білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде құдіретті еркектер

 

Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атайды
Грек Геродот сақтарды массагеттер

Ағаға тыныс іні еді
Тарих өткеннің үні еді
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? Помпей торг

Тарихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі.
Аргипейлер қай жерді,
Мекен қылып көшеді? Аралдың солт.шығысы

Көгенге құлын байлады
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар
Арал мен Сырды жайлады? парадарая

Білімді алтынға теңедік
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? хаомаварга

Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерде гректің? дайлар

Айлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүті балмен тең,
Сақтар қалай атады? шұбат

Бел- белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерді мекен жасады? Жетісу

Қазақстан баршаға болған мекен
Баурайы да байлыққа толған екен.
Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде
“Алтын адам” нешеде болған екен? 17

  1. кезең: картамен жұмыс

1-ші тапсырма: Үйсін мемлекетінің территориясын көрсету.

2- ші тапсырма: Қаңлы мемлекетінің территориясын көрсет.

3-ші тапсырма: Ғұн мемлекетінің территориясын көрсет.

4-ші тапсырма: Сармат  мемлекетінің территориясын көрсет.

VІ.кезең:  Мерген

1-ші тапсырма  Астаналарын тап:

Үйсін                                      Битянь

Қаңлы                           Суяб

Түрік қағанаты            Чигучен

2-ші тапсырма  Сақтар

Ақ                                 Жауынгер

Сары- көк                     Абыздар

Қызыл                          Малшылар  мен егіншілер

 

2-ші тапсырма  Тас дәуірі

Палеолит            Қыш құмыралар заманы

Мезолит              терімшілік негізгі кәсіп болды

Неолит                садақ пен жебе , микролит  ойлап табылды

сәйкестендіру

VІІ.»Жорға»  топ басшылары сайысы. бөлімінде оқушылардың ұпайлары саналып ұпайы жоғары екі оқушы ғана қатысады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептеледі.

Бірінші оқушыға сұрақтар:

1.Тілдер мерекесі

2.Түйені қашан қолға үйретті                                                                                           6.  Қазақстан неше елмен шектеседі?

  1. компасты ойлап тапқан ел

4.100 жыл ? ғасыр

  1. Қытайлық питекантроп

 

7.Тұңғыш қазақ журналы

  1. Төле би қай жүздің биі
  2. Абылайдың лақап аты

10 .Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

Екінші оқушыға сұрақтар:

1.16-желтоқсан                                                                6. Тарихи дәуірлерді ата

2.Үш би                                                                            7.   Көзе дәуірі

3.Ең киелі құс                                                                 8  «Тайқазан» қай жерде сақтаулы ? ( Түркістан)

4.Бір ғасыр                                                                     9.   1929ж елмізідің астанасы болған қала

5.Сақ патшайымы

10.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?

Қорытынды:       ұпай саны есептеліп , жеңімпаз топ анықталып марапатталады.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

    Білімменен аспанға жол салынар –

 деп бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master