Программа түсінігі, құрылымы. Шамаларды сипаттау

Оңтүстік Қазақстан облыс

Түркістан қаласы

№ 22 жалпы орта мектеп

Назарова Мадина

Сабақтың тақырыбы: Программа түсінігі, құрылымы. Шамаларды сипаттау

 

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі М.Назарова Пәні Информатика Сыныбы 9 «б» Мерзімі 07.11.2016
Сабақ тақырыбы Программа түсінігі, құрылымы. Шамаларды сипаттау
Смарт мақсат Оқушыларға программа түсінігі, программаның құрылымы, шамаларды сипаттау бөлімі жайында толық мәлімет беру. Программаны құрып үйрету
Күтілетін нәтиже Оқушылар  программа түсінігі, программаның құрылымы, шамаларды сипаттау бөлімі жайында толық мәлімет алады. Программаны құрып үйренеді
Уақыты Кезеңдері

Қоданылған модульдер

Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Оқу дағдысы Бағалау ресурстар
3 мин Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назырын аудару Оқушылар амандасады, сабаққа назырын аударады      
3 мин Қызығушылықты ояту • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
• Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
• Көшу операторы не үшін қажет?
• Меншіктеу операторының форматы.
Оқушылар сұраққа жауап береді.  Сабаққа қызығушылығы оянады Сабаққа қызығушылығы артады Мадақтама Смайликтер

Кеспе қағаздары

12 мин Жаңа сабақ

–  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

–       топтық жұмыс

Оқушыларға оқулықтан тапсырма бөлініп беріледі Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады Оқушылардың жауапкершілігі артады. Тапсырманы топпен орындап дағдыланады Екі жұлдыз бір тілек Оқулық, А4 қағазы, маркерлер
10 мин Практикалық жұмыс Компьютермен жұмыс
№1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) , у = a* b
Program esep 1;
Var a, b, x, y:integer;
Begin Write (‘a. b- сандарын енгіз’);
Readln (a, b);
X:=sqr (a+b);
Y:= a*b;
Writeln (‘x=’, x);
Writeln (‘y=’, y);
End.
№2. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.
№ 3. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2 оқушы К себет , 3оқушы L себет алма жинаса, олар t сағатта қанша алма жинайды? (74 бет1-тапсырма).
№4. Бір зат алдымен 10% -ке қымбаттап, одан соң 10% -ке арзандатылса, заттын бағасы қанша % -ке өзгерген. (75 бет 11- тапсырма).
№5. х және у-тің мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа құрыңдар. (73 бет, 5 жаттығу)
№6. 75 бет, 19, 20 тапсырмалар
Оқушылар берілген практикалық жұмысты  жеке орындайды Компьютермен жеке жұмыс жасап дағдыланады Мұғалім бағасы компьютер
5 мин Сабақты бекіту

«Хат қалта» ойыны

• Программа әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?
Оқушылар сұраққа жауап береді Оқушылардың ойнау арқылы ойлау дағдысы артады. Сұраққа жауап беріп дағдыланады Мадақтама

смайликтер

Хат қалта
3 мин Үйге тапсырма 74-75 бет – 2, 6, 12, 13, 18 тапсырмалар.        

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment