Қазақшаңыз қалай?

Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?

Сабақтың барысы

1 Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

Біздің Сайысымызға қош келдіңіздер!

Оқушылар шығып өлеңдер оқиды.

  1. Қазақ тілі – дана тілі, асыл тіл

Қазақ тілі – баба тілі, ғасыр тіл

Қазағымның қуанышын сен жырлап

Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.

 

  1. Қазақ тілі – атаң, анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

 

  1. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

 

2-жүргізуші: Қазақ  тілі апталығына байланысты өткізіліп отырған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысатын топтар: 5 «а» Ойшылдар

5 «б» Қырандар

5 «в» Тапқырлар

Бүгін бәріміз қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Қазақ тілін қаншалықты білетінімізді көрсетеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

1-жүргізуші:

Сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Мектеп директоры: Анисимова Екатерина Николаевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Келімбетова Мария Жапаковна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурдунова Шырын Магамедовна

Қазақ тілі бірлестік жетекшісі Біркелемова Айнагүл Төлепбергенқызы

 

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, біз үш топқа бөлініп өтырмыз. Ендігі кезекті әрбір топ басшыларына береміз. Өз тобымен таныстырып өтсін.

І «Қайырлы таң» бекеті

Тапқырлар: Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа.

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына.

  • Топтың аты
  • «Тапқырлар»
  • Біздің ұранымыз
  • «Біз тапқырмыз, біз мықтымыз!»

Ойшылдар: Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,

Келген жоқпыз бекерге көшке еруге.

Тиістіміз болашақтың алдында,

Тік түрегеп, тура жауап беруге.

  • Топтың аты
  • «Ойшылдар»
  • Біздің ұранымыз
  • «Таудан биік, теңізден терең ойлаймыз!»

Қырандар: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

  • Топ аты
  • «Қырандар»
  • Топ ұраны
  • «Білім қымбыт – білу қиын»

 

ІІ «Ғалым» бекеті (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

  • Әнұранның авторлары кім?
  • Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
  • Оқушы бала, мұғалім сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Абайдың шын аты кім?
  • Наурыз көжеге не қосады?
  • Қазақ тілінде неше септік бар?
  • Мына мақалдың жалғасын тап: Тіл тас жарады – …

 

Сұрақтар:

  • Тудың авторы кім?
  • Наурыз көже қашан беріледі?
  • Қызыл, жасыл, сары сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  • Алматы қаласына биыл неше жыл толды?
  • Сан есім дегеніміз не?
  • Мақалдың жалғасын тап: Өнер алды – …

 

Сұрақтар:

  • Елтаңбаның авторлары кім?
  • Бір, екі, үш сөздері қандай сұраққа жауап береді?
  • ҰҚай қалада тұрасың?
  • Наурызды қашан тойлаймыз?
  • Көктем мерекелерін ата?
  • Зат есім дегеніміз не?
  • Мақалды жалғастыр: Ең ащы да тіл – …

 

ІІІ «Үміт» бекеті. Мақал-мәтел жарысы сөздің көркі – мақал

Қай топ көп мақал-мәтел білетінін әділқазылар алқасы анықтайды.

 

ІҮ «Өнерлі өрге жүзер» бекеті

Әр топ өз өнерін көрсетеді, ән айтады, би билейді

Ү «Қызықты грамматика» бекеті (сөздерді тәуелде, септеу,  жіктеу)

ҮІ «Шешен» бекеті. Мәнерлеп оқу сайысы.

Қорытынды бөлім

 

2-жүргізуші: Тіл – қасиетті,  құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға  ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

 

Екеуі бірге:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тілі – арым, иманым,

Аманат саған, аманат.

 

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Топтарды бағалап, марапаттау

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master