Теңге тиыннан құралады

Тілдерді оқыту орталығы

Конференция – сабақ

Тақырыбы: «Теңге тиыннан құралады»

Өткізген: Оразалина Т.Б.

Конференция – сабақтың мақсаты:  Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. Тыңдаушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту. Тыңдаушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

  ІІ –  Тыңдаушылардың қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қою .

  1. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
  2. Теңгеде кім бейнеленген?
  3. Ақша қандай қызмет атқарады?
  4. Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?

ІІІ – Конфенция сабақты өткізу

Қайырлы күн, құрметті конференцияға  – сабаққа  қатысушылар!  Қош келдіңіздер!

1.Ой шақыру стратегиясы.

Оқытушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

  1. Ой қозғау стратегиясы .
  2. Ұлттық теңгеміз туралы нақты ақпарат алу үшін қатысушыларға сөз береміз .
  3. Тарихшылар тобы
  4. Экономистер тобы
  5. Саясатшылар тобы

Тарихшылар :

Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы. 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні атап өтіледі. Бұл күні 1993 жылы теңге қолма – қол айналымға енгізілді. 1992 жылдың көктемінде Ұлттық валютаны енгізу бойынша құпия комиссия мен шығармашылық топ құрылды. Банкноттар дизайнының 4 нұсқасы жасалды. Қазақстанның жаңа ақшасына «сом», «ақша», «алтын» және т.б. деген атаулар беру ұсынылған еді. Банкноттардың бірінші топтамасында Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғалары және олардың туындылары, тарихи орындар Қазақстанның әсем табиғаты бейнеледі. 1993 ж. 15 қараша  08: 00 – де Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді.Теңге 5 күн бойы: 1 теңгеге 500 кеңестік рубль бағамы бойынша айырбасталды. Тиындар (1/100 теңге) бастапқы кезде металдан жасалуы тиіс. Бірақ зауыт жылдың соңына дейін монеталардың қажетті көлемін соғып үлгермеіне байланысты қағаз банкноттар пайда болды.  1994 жылы металл тиындар мен 500 және 1000 теңгелік банкноттар айналымға шығарылды. 1995 жылы Банк фирмасы мен Теңге сарайының ашылуы. 1993 жылдың нұсқасындағы 1,3,5,10 және 20 теңгелік темір монеталар шығарылды. Қазақстандық валютаның «теңге» атауы орта ғасырдан алынды. Онда Қыпшақ даласының аумағында «таңга» деп аталатын тиындар болған. 1996 жылы 2000 теңгелік банкнот шығарылды. 1998 жылы 1,5,10, 20, 50 теңгелік монеталар мен  5000 теңгелік банкнот айналымға енді.  2001 жылы 1993 жылғы темір теңгелер айналымнан шығарылды. 2002 жылы 100 теңгелік монета шығарылды. 2003 жылы 10 000 теңгелік банкнот шығарылды.  2005 жылы 2 теңгелік монета шығарылды. 2006 жылы 200 – 10 000 теңге аралығындағы банкноттар жаңартылды. 2007 жылы теңге символы енгізілді. 2009 жылы 9 жыл бойы ақшасыз есептеу кезінде және құжаттарда ғана қолданып жүрген тиындар дөңгеленіп, іс жүзінде төлем құралы болуы тоқтатылды.  Теңге әлемдегі жалғыз екітілді валюта болып табылды. 2011 жылы 5000 және 10000 теңгелік банкноттар жаңартылды. Соңғысы Қағаз ақша белгілерін жинаушылардың Халықаралық қауымдастығының нұсқасы бойынша «Жыл банкноты» болып танылды. 2012 жылы 5000 теңге «Жыл банкноты» аталды. 2013 жылы 1000  және 2000 теңгелік банкноттар жаңартылды Тенге үшінші жыл қатарынан «Жыл банкноты» атанды. Бұл жолы бұл атаққа мың теңгелік банкнот ие болды. 2013 жылы Ұлттық валютаның жиырма жылдың мерейтойына орай 20000 теңгелік естелік банкноты шығарылды, бірақ айналымға шығару өткізілді.

2018 жылдың 14 қарашасына дейін 1998 және одан кешірек шығарылған 200 – 10 000 теңге аралығындағы ескі банкноттарды қазіргі банкноттарға айырбастауға болады. Ол үшін алдымен Ұлттық    банктің кез келген филиалында сараптамадан өткізу қажет.

Тарихшыларға сұрақ қою.

  1. Теңге дегеніміз не?

Теңге – Қазақстанның ұлттық

валютасы.

  1. Қай күн Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады?

15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні атап өтіледі.

Экономистер :

 Көп ақша табу – батырлық, оны сақтау – ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу – өнер…

Б. Авербах

“Теңге тиыннан құралады” демекші, аз ақшаны ұстай білуге өз-өзімізді үйретейік. Осы орайда, ақшаны қалай үнемдеп ұстауға болатыны туралы бірнеше кеңес береміз.

  1. Түртіп алып отырыңыз

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

  1. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

  1. Тамақ сатып алғанда…

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

  1. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін.

Экономистер тобына сұрақтар беру:

  1. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы– Инфляция
  2. Айырбас деген ұғым нені білдіреді – Бартер
  3. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы –Инвестиция

 Қаржыгерлер:

 Ақша табудың қысқаша жолдары

  1. Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады.
  2. Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді. Мәселен, шет тілдерін жақсы білсеңіз, адамдарды оқытатын курс ашыңыз. Егер қолыңыздан техника жөндеу, антивирус орнату, әктеп-сырлау т.б. қызметтер келсе хабарлама тақталарына жазып, осы қасиеттеріңізді қосымша кіріс ретінде пайдалансаңыз болады.
  3. Қосымша табыс. Жұмыскер немесе студент болсаңыз, жұмыстан не сабақтан бос уақытта қосымша табыс табуға мүмкіндік көп. Бала күтуші, көлігіңіз болса қызметкерлерді тасымалдаушы, курьер, хабарламаларды ілуші, т.б. қызметтерде істесеңіз болады. Бірнеше сағат істеп, бір күндік табысыңызды аласыз.
  4. Блог немесе сайттан қаражат табу. Бұл өте қызықты жұмыстардың бірі. Пайдалы тақырыптарда блог жүргізіңіз. Бұл әдісте парақшаңызда рейтинг көтерілген сайын сізге пайда келеді. Қалай? –Оңай. Жарнама берушілерден, партнерлік бағдарламалардан, ақылы сілтеме мен мақала жариялап отырып, қаржы табуға болады.
  5. Хэнд мэйд. Бұл өз қолыңызбен жасай алатын ерекше сувенирлер, білезіктер, т.б. заттар. Көп адам сыйлыққа ерекше зат іздейді. Егер ерекше дүниелер жасай алатын шебер болсаңыз, бұл пункт сіз үшін.  Инстаграм, фейсбук, вконтакте, одноклассники, твиттер т.б. желілерге фотоға түсіріп, астына түсі, бағасын жазу арқылы жүзеге асырасыз.

 

  1. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар – Ақша
  2. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
  3. Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер –Банкнот

«Иә немесе жоқ!  Ойыны


  1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
    2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы– Инфляция
    3..Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта
    5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
    6. Әзербайжан валютасы – Манат
    7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі – Экономика
    8. Армения валютасы – Бран.
    9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді – Бартер
    10.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер –Банкнот
    11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу – Транзит
    12. Монғолия валютасы – Тугрик
    13. ҚР ең алғаш астанасы – Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
    14. Үндістан валютасы – Рупии
    15. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды – V ғасырда ежелгі Грецияда
    16. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар – Ақша
    17. Грузия валютасын ата – Лари
    18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы –Инвестиция
  2. Англияның ақшасы – евро
  3. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы – 1доллар-370 теңге
  4. Экономиканың күре тамыры – жол
  5. Ұлттық банк төрағасы кім ? – Акишев А
  6. Теңгенің авторлары – Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов
  7. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата – Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан
  8. Ең бірінші теңге бағамы – 1 АҚШ $ 4,75 теңге

 

Ақшаны қалай жұмсайсыз? (тест)

 

  1. Сіз ойда жақсы санай аласыз ба?Хорошо ли вы считаете в уме?
  2. Сіз үнемдей аласыз ба? Умеете ли вы экономить?
  3. Өз күніңізді жоспарлай аласыз ба? Планируете ли свой день?
  4. Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Удачно ли выбрали свою профессию?
  5. Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме? Хотели бы открыть свое дело?
  6. Сіз басқа адамдарды басқара аласыз ба? Способны ли руководить другими людьми?
  7. Сіз ешкашан ақталмайсыз ба?Вы никогда не оправдываетесь?

8.Сіз өзіңізге жарнама жасай аласыз ба? Способны ли вы сделать себе рекламу?

  1. Сирек кездесетін заттарды ұнатасыз ба?Любите ли вы редкие вещи?
  2. Ұсақ ақшаны жерден көтересіз бе?Подбираете ли вы мелкие монеты?
  3. Сәттілікке сенесіз бе? Верите ли вы в удачу?
  4. Сіз миллион долларды жұмсай аласыз ба? Асықпаңыз. Жұмсаған ақшаңызды қағазға жазыңыз.

Смогли бы вы потратить миллион долларов? Не торопитесь! Четко распишите все траты на бумаге…

 

Конференция – сабақты  қорытындылау

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment