Нұрлы болашақ

Есіл ауданының Тілдерді оқыту орталығының Әдіскері Мырзабекова самал Қуанышбекқызы

Тақырыбы: «Нұрлы болашақ»

Мақсаты: тыңдаушылардың өз елін, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, тыңдаушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіңе үйрету.

Сабақтың түрі: Викторина
Әдіс – тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап, көрнекілік;
Көрнекі – құралдар: слайдтар,
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
– Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Құрметті тыңдаушылар. Бүгінгі біздің «Нұрлы болашақ» атты викторинамызға қош келдіңіздер! Ал бүгінгі біздің викторинамыздың мақсаты: Өз елін, туған жерін, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыруға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтаруға үйретуге бағышталған
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі – қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл.
Ал енді сіздердің алдарыңызда «Нұрлы болашақ!» викторинасының қатысушылары.

  1. _________________________________________
  2. _________________________________________
  3. _________________________________________
  4. _________________________________________
  5. _________________________________________
    Сайыс 5 айналымнан тұрады:
    1-айналым «Сәлем – сөздің басы»
    2- айналым «Кім жылдам?»
    3- айналым «Тапқыр болсаң – тауып көр»
    4- айналым «Зымыран сұрақтар»

5-айналым «Қызықты жұмбақтар»

Қатысушылардың дұрыс жауап бергендері мынандай 5 ұпайлық житонға ие болады. Ал ендеше бірінші айналымға көшейік.
Бірінші айналым «Сәлем – сөздің басы»

Бірінші айналымда тыңдаушыларға сөздер беріледі. Осы сөздердің антонимдерін және аудармасын табу керек болады.

 

Ақ – қара (белый – черный)

Жақсы – жаман

Үлкен – кіші

Күн – түн

Ашық – жабық

Бер – ал

Ақылды – ақымақ

Жаңа –ескі

Жас – кәрі

Батыл – қорқақ

Қосу – алу

Көбейту – бөлу

Жақын – алыс

Қыс – жаз

Отыр – тұр
ыстық – суық

 

Әр жауап берген тыңдаушыға житон беріледі.

Бірінші айналымды қорытындылап шығайық.(деп кім неше бал жинағанын санап шығамыз)
• Екінші айналым «Кім жылдам?»
Викторинаның 2-ші кезеңінде сіздерге жұмбақтарды шешу керек.
Мақалды жалғастыру.
1. Ұлдың ұяты – әкеге… (қыздың ұяты – шешеге.)
2. Атаңа не қылсаң,… (алдыңа сол келер.)
3. Туған жердей жер болмас… (туған елдей ел болмас.)
4. Батыр туса – ел ырысы,… (жаңбыр жауса – жер ырысы.)
5. Екі жақсы қас болмас,… (екі жаман дос болмас.)
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,… (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
7. Әдепті елдің баласы,… (алыстан сәлем береді.)
8. Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің.)
9. Сөз жүйесін тапса… (мал иесін табар.)

• Үшінші айналым «Тапқыр болсаң – тауып көр»

Қ,  А, О, Т, Н, З, С, Б, Л, Ш.

Қазақ, Қазақстан, Отан, болашақ, қаз, қас, лақ, нан, от, нан, шаш, бақша, бақа, нас, қант, ата, ана, оқ, тақ, таз, тас, тал, тон, тоқ, бос, зат, сақ, сат, сан, саз, сал, сот, сол, бота, бас, бал.

Тыңдаушылар берілген әріптерден сөздер құрастырады
• Төртінші айналым  «Зымыран сұрақтар»

  1. Күз айларын ата?
  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
  3. Қазақстан қандай мемлекет?
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
  5. Қазақстан Республикасының әнұранын кім жазған?
  6. Қазақ тілінде неше жалғау бар және ата?
  7. Қазақстан Республикасының президенті кім?
  8. Қыс айларың ата?
  9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында не бейнеленген?
  10. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
  11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын?
  12. Қазақстан Республикасының бас қаласы?
  13. Қазақстан Республикасын кім басқарады?
  14. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл толды?
  • Бесінші айналым «Қызықты жұмбақтар»
  1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)
    2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (Күнтізбе)
    3. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
    4. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)
    5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (Сөйлем)

Қатысушылардың ұпайларын  санап, бүгінгі викторинаның жеңімпазын анықтаймыз.

Сіздерге тілейтінім: келешегіміз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын, Көздеген мұрат – мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындалсын, – деп   бүгінгі «Нұрлы болашақ» атты  викторинамызды аяқтаймыз. Ал бүгінгі викторинаның жеңімпазы ___________ .

Құттықтаймыз!!!

Сайысымыз өте қызықты болды деп ойлаймын.

Қазақ тілің жақсы біледі екенсіңдер! Жарайсыңдар!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment