Астана-арман қала

Есіл ауданының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Кошерова Мейрамгүл Сапабекқы

Сабақтың тақырыбы:  Астана-арман қала

Сабақтың мақсаты: Еліміздің бас қаласы Ел орда туралы мағлұмат беру,өлеңмен жұмыс жасай отырып, тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,

Тыңдаушылардың  ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту,топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , Астананың  көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

 Сабақтың әдісі: Тесть, Сұрақ  жауап,  түсіндіру,  әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті  тақта слайдтары.  

Сабақтың барысы: Сәлемдесу.

Астана қаласы туралы жалпы мәліметтер:

Құрылған жылы – 1832 ж.

Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы.

1961 жылға дейін – Ақмола қаласы деп аталды.

1961 жылдан бастап 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы деп аталды.

1993 жылдан бастап 1998 жылға дейін – қайта Ақмола болып өзгертілді.

1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

I .Ұйымдастыру кезеңі:

Саяхат картасы.

  1. Вокзал
  2. Бәйтерек

3.Пирамида

  1. Ақ Орда
  2. «Думан»
  3. «Хан шатыры»

-Тыңдаушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.

Тыңдаушылар, қазір назарларыңды тақтадағы видеороликке аударып, мұқият тыңдап, қарап отырамыз.

Видеороликті көре отырып, Сұраққа жауап беру.

1-аялдама. Сөздік алқабы.

ғимарат- здание

аялдама-остановка

көрікті-красивий

жаға-берег

орталық-центр

ойын-сауық орталығы-развлекательный центр

2-аялдама. «Бәйтерек»

Мәлімет беру.

Сол жағалауында  – на левом берегу

Әмбебап ғимараты – универсальное здание

 

Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Бейбітшілік пен келісім Сарайы – Дворец мира и согласия

Зәулім ғимараттардың бірі – один из высотных здании

жобасы бойынша – по проекту

3-аялдама «Пирамида»

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі  бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

4-аялдама «Ақ Орда»

«Ақ Орда» Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

5- аялдама «Думан»

«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.

Жоғары қабатында – на верхнем этаже

Жағажай – пляж

6-аялдама. «Хан шатыры»

 

 

Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр  ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино

2-бөлім  Тест сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?

а) 1991 жылы, 16 желтоқсан.

в) 1993 жылы, 17 желтоқсан.

с) 1995 жылы, 15 желтоқсан.

д)  1992 жылы, 18  желтоқсан.

  1. Астананың тұсаукесері қашан  болды?

а) 1998 жылы, 10 маусым.

в) 1999 жылы, 17 маусым.

с) 1992  жылы  15 маусым

д) 1993 жылы 13 маусым

  1. Қазақстан Республикасының Ел таңбасының авторын ата?

а) Кәрім Мәсимов

в) Жандарбек Мәлібеков

с) Әділбек Жақсыбеков

д) Шәкен  Ниязбеков

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның авторы?

а) Жұмекен  Нәжімеденов, Нұрсұлтан  Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

с) Шота Уәлиханов.

в) Жандарбек Мәлібеков, Шәкен Нязбеков.

д) Мұхтар Шаханов, Нұрғиса Тілендиев

  1. Қазақстан Республикасның ұлттық ақшасы қашан пайдалануға  берілді? 

а) 1993 жылы 15 қараша

в)  2006 жылы 14 қараша

с)  2004 жылы 23 қараша

д) 1995 жылы 18 қараша

  1. Ең алғаш Астана  әкімі болып кім тағайындалды?

а) Әділбек  Жақсыбеков

в) Иманғали Тасмағанбетов

с) Бауыржан Байыбек

д ) Ахметжан Есимов

  1. Астана қаласының қазіргі әкімі?

а) Әділбек  Жақсыбеков

в) Иманғали Тасмағанбетов

с) Ақметжан Есимов

д) Тастанбеков Қайрат

  1. Қазақстан Республикасы қанша мемлекетпен  шекаралас жатыр?

а) 6 мемлекет

в) 5 мемлекет

с) 4 мемлекет

д) 7 мемлекет

  1. Конституция неше бөлім және баптан тұрады?

а)  9 бөлім, 98 бап

в)  8 бөлім   94 бап

с)  10  бөлім  95 бап

д)  5  бөлім   96 бап

  1. Қазіргі таңда қолданыста жүрген Конституция қашан қабылданды?

а) 1995 ж. 30 тамыз

в) 1992 ж. 20 тамыз

с) 1994 ж. 25 тамыз

д)  1993 ж. 21 тамыз

  1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?

а) 1986 жыл,

в) 1989 жылы

с)  1984 жылы,

д) 1987 жылы,

 

3-бөлім  Тапсырма:  

  1. Топ – «Астана – арман қала» Эссе жаз.
  2. Топ – Астана қаласына «бес жолды өлең» жаз.
  3. Сарарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра  Астана туралы әңгімеле.

5-бөлім

 

– Саяхат сендерге ұнады ма?

– Олай  болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.

 

“Сиқырлы сандық”

Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға

жауап бер.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет.
  2. Қазақстанның елордасы қай қала? Қазақстанның елордасы Астана.
  3. Қ.Р.Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? Қ.Р.М. тік рәміздері:ту, елтаңба, әнұран.
  4. Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.
  5. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
  6. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
  7. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл  ?
  8. Қазақстанның астанасы болған қалалар:   Қазақстанның астанасы болған

қалалар: Орынбор, Қызылорда,Алматы,Астана.

  1. Астанаға қандай тілек айтасың?
  2. Адасқан сөздерді орнына  қой.

Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.

16 желтоқсан –ата бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күнімен баршанызды құтықтай отырып өлең жолдарымен аяқтайын!

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігер жастардың  сарқылмаған.

Әлі де шығар аланға Отан  үшін

Карсы аккан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді.

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ

Түсінеміз ұғамыз

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

 

Сабақты қорыта келе Астанаға саяхат атты  сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

1.Сарарқа, Есіл сөздерімен  байланыстыра  Астана туралы әңгімеле.

Сарарқа самалымен  тербелген  ерке-Есілдің  бойындағы ғажап қала ол біздің Астанамыз. Астана сан түрлі  арман қиялдарды  жүзеге асырып, сан – қилы тағдырларды тоғыстырып  жатқан керемет те көркем қала.

 

Сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән.Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені,”Астана –дәуір”,”Рамстор”,”Парламент ғимараты”,”Ғашықтар саябағы”,”Байтерек” салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.

 

Астананың бүгінгі көркі бойымызды тіктеп, жанымызды шымырлатып Сұлұлықтың жылы лебімен тербейді, бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңіл-күйін шарықтата биіктетеді.

 

Астана қаласына  «бес жолды өлең»

Ел ордам менің – Астанам

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп,

көрікті сондай жас қала.

 

 

Астанама  қарашы,

Елімнің жас қаласы

Неткен ұлы, неткен кең

Қазағымның даласы!

 

 

 

Арайлы таң Астанам

Бір өзіңмен мақтанам

Есіл өзен бойымен,

Көркейген менің жас қалам.

 

 

Қазағым  ұнатпайды аласаны,

«Бәйтерек» зеңгір көкпен таласады.

Көркіне шаһарының көрік қосып,

«Хан шатыр», «Пирамида» жарасады…

Жұмақ-ау Есіл жағасы,

Арқаның кербез даласы.

Әлемнің жұрты сүйсінген,

 

 

 

Топ – «Астана – арман қала» Эссе жаз.

1.Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік – Қазақстанның жаңа бейнесі, астана келбеті. Дүние жүзіндегі астаналардың ішіндегі жас қала Астана халқымыздың болашаққа деген үмітінің сенімді келбеті.Тәулсіздіктің бұғанасы қартаймай жатып бұлашақты боз дала сары арқа өңірінен елестеткен ел басымыз қазақ жерінің тұтастығын сақтауды асыл мұрат тұтып, орталықты жасыл шыршалы, ақбас Алатау бауырындағы ару Алматыдан Арқа төсіне көшірді.

 

 

2.Тұнғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жұрттың жүрегінде көптің көңілінде. Отанымызды алға бастайтын,ілгері дамытатын оң шешім еді. Оның ұлт үшін, мемлекет пен ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша тағылымдық маңызы бар.  Жаңа ғасыр қаласы өзінің заманауи бейнесін таныта ажарлана түсуде. ХХI ғасырдағы түркі әлемінің мақтанышы Астана қаласындағы әрбір оң өзгеріс күллі Қазақстан жұртшылығының көз қуанышына айналып отыр. Еліміздің әрбір азаматы Астананың дамуына көркейуіне өзіндік үн қосуы-Қазақстанды өркендетудегі үлесі дер едім.

4.Жылдан жылға көркейіп,гүлденуі егеменді ел болғанымыздың айғағы,өркендеуіміздің көрінісі. Оны дәріп тей, жетістігін жұртшылыққа жеткізу тұрғысындағы іс-шараларды, жүргізіп жатқан жұмыстарды күшейту біздің азаматық міндеттеріміз.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment