«Қобыланды батыр жыры» қасиетті қазынам

Маңғыстау облысы
Бейнеу  ауданы
“Бейнеу  гимнзаиясы” ММ-нің бастауыш  сынып  мұғалімі   Бегжанова  Санжан  Мертеевна

Тақырыбы:  «Қобыланды батыр жыры» қасиетті қазынам

Мақсаты:

  1. Батырлар жыры” туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын ұғындыру.
  2. Қобылынды батыр жырынан мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке  баулу.
  3. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд,безендірілген сахна, кітаптар көрмесі,т.б

Түрі: сайыс

І. Барысы:

Мұғалім:  Құрметті  ата-аналар,ұстаздар, оқушылар! Батырлар жыры-ауыз әдебиетінің ең бай да көне жанрлардың бірі.  Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. “Алпамыс батыр”,  “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қазақ батырларының ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы батырларымыздың бірі Қобыланды батырға арналады.

Атыңды аңыз ән қылып,

Жырлайды алыс-жақының.

Ұмытпайды мәңгілік

Халық нағыз батырын!- деп тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  • Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушылар мен ата-аналарды 2 топқа бөліп отырғызайын деп тұрмын.
  • 1-ші оқушылардан «Ізбасарлар» тобы , 2 –ші «Батырлар»   тобы  ата-аналардан  тұрады.

ІІ. Бүгінгі тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрады

І.   Өткел кезеңі /таныстыру/

Сайысымыздың келесі кезеңіне өтпес бұрын экранға назар аударайық.

(«Қобыланды батыр» туралы видеоролик көрсетіледі 10 мин)

ІI.  Самғау кезеңі. Бұл бөлімде әр топ 3 сұраққа жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 10 балмен есептеледі.

«Ізбасарлар»тобы

  1. Қобыландының ерлік істері адамгершілік қасиеттері қай тұста көрінеді?
  2. Қобыландының мінген тұлпарының аты не?
  3. Қобыланды батырдың қаһармандығы мен елжандылығы сенің бойыңда қаншалықты кездеседі?

«Батырлар» тобы

  1. Батырдың жары кім?
  2. Құртқаның ақыл парасаты мен адамгершілігі қай тұста көрінеді?
  3. Құртқаның ақыл парасаттылығы қазіргі таңда адамның бойында бар ма?

Ортақ сұрақ: Қобыландыдай батыр болуға ер адамдарда қандай қасиеттер жетіспейді?

ІІI. Шарықтау кезеңі. Ұяшықтағы санды таңдайды. Әр ұяшықта белгілі бір тұлға туралы мәліметтер беріледі. Тұлғаның кім екендігін табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 балмен есептеледі

1- ұяшық :Әліп таңба Қыпшақтың

Атағы озған  алаштан.

Сексенге жасы келгенше

Бір бала көрмей……

2-ұяшық:    Тоқтарбайдың жылқыда

Тоқсан құлы бар еді.

Тоқсанының бастығы

……………   деген ер еді.

3-ұяшық:  Осы жатқан көп жылқы

Немере туған ағамыз –

……………..  байдың жылқысы.

4-ұяшық:  Қызылбастың елінен,

……….  деген ер шықты,

Жөн білмеген шер шықты,

Ноғайлының көп елін

Олжалап шауып жаншыпты.

5-ұяшық: Қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы ………. батыр

6-ұяшық:  Қияттан шыққан бес батыр:

…………. , …………………  –

Қатардан асқан қос батыр,

Қаражан ұлы ………………..  –

Топты бұзған бұл батыр,

……………….  жауырыншы –

Түнінде қалың жол тартар,

Ғайыптан болжап сөз айтар;

………………..   батырдың

Қабағына қар қатты,

Кірпігіне мұз қатты.

7-ұяшық: Тоқсандағы Тоқтарбай,

Алпыста шеше ………………… ,

Қарындасы …………………..,

Қосақ жары қыз Құртқа

Төртеуі жылап соңынан,

Кескілеп кет деп қолыңнан.

8-ұяшық: Бірге туған бауырың,

Қолғанатың, құйрығың,

Судан шыққан сүйрігің,

Суырылып шыққан жүйрігің,

Жалғыз інің ……………….

9-ұяшық: Қарлығадан ұл туар,

Ұлының аты – ……………..,

Талабы таудай биікті-ай.

Електен өтсең – Есімбай,

Қыс қыстауы –Бұқаржай,

Қалың қыпшақ, көп ноғай,

Жұрт жақсысы баланың

Атын қойды – ……………… !

  1. Шырқау кезеңі. /Үй тапсырмасы/

«Ізбасарлар» тобы  Көрініс: Құртқаның  қалың жылқыдан Қобыландыға ат таңдау сәтінен

Ерқанат (автор):   Бір күндері болғанда,

Қара жолдың үстінен

Қалың жылқы жарылып

Екі жақта қалады.

Құртқа сынды сұлуың

Күймеден басын шығарып,

Жылқыға көзін салады.

Ортасында жылқының

Көгала бие жусап тұр,

Құртқаның көзі шалады.

Тоқтатып қойып күймесін

Ынта(Құртқа):

Сұлтан,

Мынау жатқан көп жылқы

Кімдікі?

Сонау тұрған биені

Мені берсең де алғын

Рамазан(Қобылан):

Басымды оққа байлаған,

Сені берсем, қыз Құртқа,

Бір елдің малын алармын

(Езу тартып күледі.)

Осы жатқан көп жылқы

Немере туған ағамыз –

Сәлімбай байдың жылқысы.

Жанындай мені көреді,

Не сұрасам береді.

Ынта(Құртқа):

Құлақ салып сөзіме

Тобылғы меңді торы атың

Жауға мініп шабуға

Жарамайды бұл атың

Жан серік атың, сұлтаным,

Көкала бие ішінде

Көк бурыл құлын бар,

Дұшпандардың пейілі тар,

Жан серік атың сол болар

Бұл сөзімді білгейсің.

Құртқаның сөзін сынарсың,

Жылқысы болса ағаңның,

Алып келгін бүгін сен.

Ниетқабыл (автор):

Құртқаның сөзін есітіп,

Қондырып көшін сол жерге,

Енді атына мінеді,

Ойлау жерден орғытып,

Тегіс жерден сырғытып,

Аяңдамай желеді.

Сәлімбай байдың тоқсан құл

Қара Көжек бастығы,

Сәлем беріп келеді.

Келіп сөйлей береді:

Рамазан (Қобыланды):

Асқар төбе белсің

Қатар көшкен елсің

Ағамызға сәлем де,

Келінін алып келемін,

Көрімдігін берсін, – деп,

Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де келіп алсын, – деп,

Бұл сөзіме нансын, – деп,

Көрімдігі Құртқаның –

Көгала бие жылқыда

Інім десе берсін, – деп,

Бұл сөзіме сенсін, – деп.

Жұбаныш (автор):

Қара Көжек ал сонда,

Батырдың сөзін есітіп,

Елге шапты жосылтып,

Бұрқыратып тозаңын,

Желге қарай есілтіп,

Жылқыға жау тигендей

Елдің шетін шошытып,

Байға жетіп келеді,

Қарала атты көсілтіп.

Келіп сөйлей береді:

Мирас (Қара көжек батыр):

Қобыланды батыр жіберді,

Ағама дұғай сәлем деп.

Келінін алып келемін,

Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де соған беремін,

Көрімдігін берсін деп,

Келінін келіп көрсін деп,

Бұл сөзіме сенсін деп.

Көрімдігі Құртқаның

Көгала бие жылқыда,

Інім десе берсін деп,

Қобыланды мені жіберді.

Береді деп биені

Үзбей отыр күдерді.

Сақтаған (Сәлімбай бай):

(Көжектің сөзін есітіп,

Сәлімбай бай сөйледі)

Пұл жібердім қалаға,

Бұзау, баспақ, танаға,

Арнап едім балаға,

Бір тайдың несін сұрайды,

Әкете бермей далада.

Бір тай түгіл, Қобыланнан

Жалғыз жаным садаға.

Қалағанымды алдым деп,

Мақтанып барсын алдына

Тоқтар сынды-ай ағаға.

Диас (автор)

Байдың сөзін есітіп,

Қарала атты көсілтіп,

Қайта шапты балаға.

Қалағаныңды берді, – деп

«Батырлар» тобы  өздеріне ұнаған шумақтарын мәнерлеп оқу

 

  1. Қорытынды

Мұғалім: – «Батырлар» , «Ізбасарлар»  деп топқа осылай бөлінуіміздің қандай мәні бар деп ойлайсыңдар? (жауаптары тыңдалады)

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мына әріптерден бүгінгі  сіздердің айтқан әңгімелеріңді қорытындылайтын сөзді шығарыңыздар?

(«Тәуелсіздік» сөзі шығады)

–        Қазақ батырларының қазақ елі үшін, жері үшін күресіп, сондай батырларымыздың арқасында жеңіске жетіп, өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болып отырмыз. Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыру – біздің парызымыз. Ата – бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орын алсын.

Еліміз аман

Жеріміз тыныш

Аспанымыз ашық болсын деп,  «Тайбурылдың шабысы» атты әнмен Сұлтанова Қарақаттың орындауында  ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

  1. Марапаттау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master