«Отан». «Астанам».

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бисенгалиева Сара Бактыбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Отан». «Астанам».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілін, ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Сауатты жазуға тәрбиелеу. Тапқырлыққа, өздігінен жұмыс жасауға үйрету,  ой-өрісін кеңейту.

Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: слайдтар, текшелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы

 

Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І.Ұйымдастыру бөлімі а) амандасу;

ә) түгендеу;

б) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру;

а) амандасады;

ә)кезекшілік қызметтерін атқарады;

б) зейіндерін сабаққа аударады;

Мұғалім мен оқушы арасында сыпайы қарым-қатынас орнайды.
Психологиялық дайындық.

 

  Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барлығыңды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар хормен айтады.
ІІ.Өткенді пысықтау Өткен сабақты сұрау. Жаттап келген өлеңдерін айтады. Өткен тақырыптарды жақсы меңгергендіктерін байқатып, қойылған сұрақтарға толымды жауаптар бере алулары.
ІІІ. Жаңа сабақ

 

Мәнерлеп оқиды. Мұқият тыңдайды, мағынасын ажыратады. Тыныш отырып тыңдайды.
 «Астанаға саяхат» -Балалар, еліміздің елордасы қай қала?

-Астана қандай қала?

-Кім барды?

 

-Астана.

-Әдемі, көрікті, жаңа, үлкен.

Сұрақтарға ұтымды жауап береді.
Кітаппен жұмыс «Астана» мұғалім мәнерлеп оқиды. Мұқият тыңдайды, жүргізіп оқи алатын 5-6 оқушы оқиды.

 

 
Тренинг Әліппе серігінен жаттаған өлеңдер оқу. Оқушылар әріпті мұғаліммен бірге айтып, қимылмен орындайды.

 

Көңіл күйлері көтеріліп, сергіп қалады.
«Келбетімен сүйсіндірген Астана» Астана туралы бейнебаян тамашалау. Оқушылар тыныш отырып тамашалайды.  
Дидактикалық ойындар Шарты: «Әріптер дүкені» Шарты: берілген әріптен сөз ойлап айту. Оқушылармен орындау. Сабаққа қатысу деңгейлері жоғары, қызығушылықтары тұрақты.

 

Дәптермен жұмыс «Буынды жалғастыр» Шарты: берілген буынды жалғастырып жаңа сөз жазу.

Та/-, са/-, ма/-, ту/-, кө/-, ке/-, бо/-.

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Қолға қалам аламын,

Әдемі етіп жазамын.

 

Сауатты, таза, әдемі жазады.
Сабақты қорытындылау Жинаған ұпайларды санау, қорытындылау. Ұпайларды санайды. Өлеңдерді мәнерлеп оқи алады. Астана қаласы туралы мағлұмат берілді.

Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бере алады.

ІV.Бағалау Жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.   Сабақ мақсатына жетті. Бағаланды.

Мадақталды.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master