Өрнек. 10-а

Сабақтың тақырыбы: Өрнек. 10-а    

Сабақтың мақсаты: Өрнек туралы алған білімдерін кеңейту. Соның ішінде 10-а өрнегінің ерекшелігін түсіндіру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты игерту.

Оқушылардың өрнек бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сәйкестендіру тесті, Венн диаграмма, көрнекілік, жаттығу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын

“Сәлем!” – деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

Айналаға алақанмен

Жылылықты шашайық.

Сәттілік тілеп баршамызға

Сабақты біз бастайық.

ІІІ. Ой қозғау.

Cәйкестендіру тесті

а+8

7-а

Әріпті өрнек                                   9-4

5+5

Санды өрнек                                    5-а

6+а

2+3

 

 

  ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.

а)    “Венн диаграмма”

                            әріпті өрнек   санды өрнек

 

 

 

 

 

  ә) «Ойлан, тап!» Кестені толтыр:

А 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10-а                      

 

Ү. Тақырыпты меңгерту.

-Балалар дүкен аралайық.           -Мынау қандай дүкен екен?

-Кітап дүкені.

–Өзімізге ұнайтын кітапты алу үшін мына есепті шығару керек.

а)Дәптермен жұмыс.

№2. а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және ең кіші сандарды жаз.

-Жазып болсақ әрі қарай кеттік…   -Мына жерде не сауда болып жатыр?

-Сүйкімді күшіктер сатып жатыр.

-Егер мына есепті шығарсақ, бізге таңдаған күшігімізді береді.

   Болаттың 7 қояны болды. Ол 2 қоянын досына берді. Болатта неше қоян қалды?

Есеп.

                         Сыйлады –

                               Болды –

                               Қалды –

                            Шешуі:              

                         Жауабы:

Тіл ұстарту.

-Балалар, көшеде келе жатқанда қандай ережені білуіміз керек?

Жұмысына таң қалған,

Көшеде бар “бағдаршам”

Қалып жүрме алданып,

Қызыл шам жанса

“Жол жабық!”

Сонда болсын ойың бар,

Сары шам жанса

“Дайындал!”

Шатасады білмеген,

Жасыл жанса “Жүр” деген

 

 -Жарайсыңдар, ережені жақсы біледі екенсіңдер, мына есепті де тез шығаратын шығарсыңдар?

          ә)Оқулықпен жұмыс.

№3. (ауызша) Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?

Мына амалдарды орындап, нені табасың:

6 + 4           6 – 4

 

Сергіту сәті

-Әрі қарай серуенімізді жалғастырайық. «Ер қанаты – ат» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың ойын білу)

-Қай ат ұнады? Оның да тапсырмасы бар екен.

А) Қызықты шаршылар

-Алдымыздағы қандай дүкен екен?           -Гүлдер дүңгіршегі.

-Гүлді алу үшін тез есептей білу керек.

Ә) Тез есепте!

      6 + 2 =        7 – 4 =                5 + 3 =

4 + 2 =        9 – 3 =                8 – 2 =

6 – 3 =        7 + 3 =                7 – 5 =

ҮІ. Бекіту.

-Біраз араладық, қарындарың ашқан жоқ па? Мына дүкенде жейтін бар ма екен?

-Жемістер, көкөністер дүкені. Өздеріңе таңдағанын алыңдар

А) Сандардың құрамын көрсет.

Ә) Логикалық тапсырма. «Қай жолмен жүремін?»

ҮІІ. Қорытынды.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

Leave a Comment