Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Құмсай бастауыш мектебі

Жанадилова Асылгүл Төреғұлқызы

Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. (2-сынып)

Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір-бірімен байланысын байқату.

Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Амандасу, түгендеу

ә) Сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Тілейміз көктем шуағын,

Тілейміз жаздың ұзағын.

Тілейміз күздің жемісін

Тілейміз қыстың қарлысын.

-Тілегіміз не туралы болды?    – жыл мезгілдері

-Қазір жылдың қай мезгілі?      -көктем

-Көктемде қандай ерекшеліктер болады?   -қар ериді, күн жылынады, құстар келеді, көк шығады, т.б.

-Ал балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – қонақтар келіп отыр, сіздердің математикалық білімдеріңізді бақылауға және құстар келіпті тапсырмаларымен.

-Әуелі өткен сабақты еске түсіріп жіберейік.

ІІІ. Ой қозғау. (топпен жұмыс)

а) Топтастыру стратегиясы

Көбейтудің

компоненттері

 

Бөлудің

компоненттері

 

 

 

 

 

 

ә)Венн диаграмма

 

көбейту     бөлу

ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.

А) Кестемен жұмыс.   –Кестеде неше баған бар?                -5 баған

-Неше қатар бар?                             – 3 қатар

-Барлығы қанша ұяшық бар?                5 ∙ 3 = 15 (ұяшық)

3 ∙ 5 = 15

Ә) Текшелермен жұмыс. –Неше қатар орналасқан?     – 4 қатар

– Неше баған?                         – 5 баған

-Барлығы қанша текше?     4 ∙ 5 = 5 ∙ 4 = 20 (текше)

Ереже: (хормен) Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

Ү. Тақырыпты меңгерту.

-Құстардың тапсырмаларын орындайтын кез келді. Әрбір тапсырмаға буын беріліп отырады. Яғни, «Әй, жа-рай-сың!» сөзі шығу керек! (құстарға қысқаша тоқталу)

«Әй,» – Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.

№2. (топпен жұмыс)

«жа-» – Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құртарды теріп жейді. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды.
№4. (тақтамен жұмыс, әрбір топтан бір оқушы шығады) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру, кері есеп құрастыру.

Сергіту сәті

«Картоп өсіру, жинау»

«-рай-» – Бүркіт – көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.
Бүркіттің тұмсығы өте мықты. Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң-құстардың етін жұлып жейді.
№5. Тексеру керек – 32 және 27 дәптер

Тексеретін қалды – 30 дәптер

Тексеріп қойды – ? дәптер

Ш: (32 + 27) – 30 = 59 – 30 = 29

(32 – 30) + 27 = 29

32 – (30 – 27) = 29                          Жауабы: 29 дәптер тексеріп қойды.

«-сың!» – Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.

  №6. (Геометриялық фигуралармен жұмыс) Төртбұрыштардың периметрін есептеу.

ҮІ. Бекіту.

– Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Олай болса мына берілген тапсырмаларды орындап тастайық.

а) «Кім шапшаң?» №3(жеке жұмыс)

ә) Сәйкестендіру тесті (топтық жұмыс)

ҮІІ. Қорытынды.

А)Үйге тапсырма. №7   186-бет

Ә) Бағалау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master