1836-1838 ж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі

Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы
“Жезкент орта мектебі” КММ
Мұғалім: Дауконова Р. Т.

Сабақтың тақырыбы: 1836-1838 ж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына тоқталу.XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында атқарған рөліне түсінуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге , туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін , қызығушылағын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ізденімпаздық қасиетін арттыру. Жеке және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбет пен Исатайдың суреті, қосымша әдебиеттер, схема, карта, интерактивті тақта, көтеріліс картасы

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1)Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету.
І.Проблеманы айқындау кезеңі
1.Топқа бөлу . «Топтастыру» әдісі бойынша үстел үстіне 4 жыл жазылып қояды.Әр тұлғаға байланысты.Әр оқушы алған жылына байланысты топтасып отырады.(3минут)-
-Сұрақ қойылады-Оқушылар алған жылдарыңда қандай оқиға жасырылып тұр?
1.1801жыл 11 наурыз-Бөкей Ордасының Құрылған жылы Топ «Бөкей» тобы деп аталады
2.1801-1845 жылдар-Жәңгір Ханның өмір сүрген жылдары топ «Жәңгір тобы деп аталады»
3.1804-1846 жылдар-Махамбеттің өмір сүрген жылдары топ «Махамбет» тобы деп аталады
4.1812жылы 21 жасында –Истайға байланысты жыл-топ «Исатай деп аталады»
Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл » әдісін қолданып оқушылар топ ішінде келесі тәртіппен жұмыс істейді.
-Әр топ өздері дайындаған сұрақтарын қарсы топқа береді. Әр топ жетекшісіне бағалау парақтары беріледі (Әр топқа 3 минут)
-Әр топ өздерінің сұрақтарына жауап берген қарсы топты бағалайды

Жаңа сабаққа «Көпір салу» «Ой қозғау» сұрақтарын беру(2минут)

  1. Қозғаушы күш деген не?
  2. Қозғаушы күшті кім құрауы мүмкін?
  3. Қозғаушы күш пен шайқастың арасында байланыс бар ма?
  4. Байланыстың қандай түрлері болуы мүмкін?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1.Көтеріліске дейінгі Ішкі Ордада қалыптасқан жағдайға сипаттама
2.Көтерілістің негізгі себептері
3.Көтеріліс басшылары
4.Көтерілістің барысы

  1. Көтерілістің аяқталуы мен тарихи маңызы
    ІІ.Поблеманы шешу кезеңі

Жаңа сабақтың тақырыбы:

Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар Ой қозғау сұрақтары қойылады
-Қозғалыс ұғым ба әлде зат па?
-Қозғалыстың адмзат үшін қандай маңызы бар?
-Азаттық пен козғалыстың қандай байланысы бар?
-Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?
-Тарихтан, қазақ әдебиетінен сендер ХІХ ғ. басындағы Кіші жүздің саяси жағдайы, экономикалық және рухани өмірі туралы не білесіңдер?
Топқа бөлінген оқушыларға әр топ өз тақырыбы бойынша постермен жұмыс істеуге тапсырма беріледі.
1-топ Көтеріліске дейінгі Ішкі Ордада қалыптасқан жағдайға сипаттама
2-топ Көтерілістің негізгі себептері
3-топ Көтеріліс басшылары
4-топ Көтерілістің барысы
Әр топ өз тақырыбын қорғайды

1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы тақырыбындағы мәтінді 4 бөлікке бөліп,әр топқа жеке бөлігін кластер тәсілінің көмегімен орындау тапсырылады (7 минут)

  • «Бөкей тобына»- «Тастөбе шайқасы»
  • «Жәңгір» тобына «Ақбұлақ шайқасы»
  • «Махамбет тобына» :Көтерілістің жеңілу себептері және жазалау шаралары
  • «Исатай» тобына :»Көтерілістің нәтижелері және тарихи маңызы»

ІІІ. Проблема шешімін қолдану кезеңі
Топтық жұмыс
Әр топ кезекпен өздеріне берілген мәтіннің бөлігін басқаларға үйретеді.Өз тақырыптары бойынша презентация жасайды(4 минут)
Бағалау «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды
Рефлексия (кері байланыс)1 минут

Үйге тапсырма:1. Тақырыпты түсініп оқу
2.Тестік тапсырма құрастыру
3.Шығармашылық тапсырма «Махамбетке хат» ой толғам жазып келу
Ұлт – азаттық қозғалыс – отар елдерге тән тарихи құбылыс.
Ұлт – азаттық қозғалыс – халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күрес.
Ұлт – азаттық көтеріліс , ұлт – азаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі.

Мәтіндер: И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Көтеріліс ке дейінгі Ішкі Ордада қалыптасқан жағдайға сипаттама
1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салынған болатын. Патшаның бүл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі түрғысынан қабылданғанды. “Игельстром реформасының” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінен рүқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нүралы ханның баласы Бөкей сүлтанның басқаруымен жеке иелік қүрылды.
Бөкей сүлтан тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен “хан” атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің “Ішкі” жағында орналасқандықтан “қуыршақ мемлекет” рөлін атқарды. Бөкей хандығының қүрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық жағдайдың нэтижесі. Бөкей Ордасы қүрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығының саны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте- бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бүл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак- орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. 1813—1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдары- нан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске үшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақ- тардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал- мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті әкім- шілігі мүндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды. 1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жэңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш үлы қалады. Хан тағының мүрагері Жэңгір оңсолын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жэңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық түрмыс пен әлеуметтік-саяси қүрылымдарға, жер қатынасына, салық саясаты- на өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі жэне жартылай көшпелі халық ханның бүл “жаңалықтарына” дайын болмады.

Көтерілістің себептері

Жер қатынасында әділетсіздіктер орын алды. Жәңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сүлтандар Мүсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Қүдайбергенов т.б. шү- райлы жерлерді неленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жаға- лауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал суғаруға рүқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тыйым салынып, ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын “зекет”, “соғым” сияқты салықтар болды. 1825 ж. “зекет” салығынан 115 мың сом пайда түскен. “Соғым” салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бүл салық кейде 800—1000 бас мал түрінде алынып түрды.1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның “зекет” салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып Орынбор комиссиясына шағымданады.
Жэңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов- ты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске түрткі болды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға үшыратты. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мэжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін эр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сүлтан Шоке Нүралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында жэне одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.
Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бүл жағдайлар 1836—38 жылдары халықтың көтеріліске шы- ғуына әкеліп соқты.

Көтеріліс басшылары

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.  Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды.
Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.)Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнына Исатайдың жақын серігі М. Өтемісүлын тағайындайды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, эрі татар жэне орыс тілдерін үйренеді. . Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды .Ол Жэңгір ханның баласы Зүлқарнаймен бірге Орынбор да түрады. Жэңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырыса ды, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828—1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық үкімет тарапынан 1829 жылы 15 шілде – 1830 жылы қыркүйек аралығында “Еділ арқылы қүпия өткені үшін” деген айып- пен қамауға алынып, екі жылдай Калмыков түрмесінде болады. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. 1831 ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жэңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бүл тағайындауды Шекаралық комиссия бекітпейді.Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

Көтерілістің басты мақсаты:

  1. Хан озбырлығына шек қою.
  2. Шаруалар жағдайын жақсарту.
  3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
  4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық ,отаршылдыққа қарсы.

Көтерілістің барысы.

Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.

Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.

Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.

Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).
1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жүмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бүл әрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жэңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жэңгір хан енді Исатайды алдап Жасқүстағы ордасы- на шақырады, бірақ Исатай бүл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті жэне оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін түтқындауға бүйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш, табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттанады. Мүны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуға әзірленеді. 4-сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдың ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп,
Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Иса- тай батырдың айбынынан сескеніп, хан бүйрыгын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан әрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жэңгір хан ашула- нып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор экімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сүрайды. Қарауылқожа да көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады.

Тастөбе шайқасы

Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17- сінде подполковник Геккені Жэңгір ханга көмекке жіберіп, күшпен тәртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті түтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оган жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт үту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бүдан кейін Гекке губернаторга хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін жэне полковник Меркульевтің отрядына Теректіқүмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін ай- тады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын түтқындайды. Бүл суыт ха- барды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мэжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мэні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор экімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады.Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан қүтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір- біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дүрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мүны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бүйырады, онысы нысанаға дэл тиіп, көтерілісшілерден коп адам шығынға үшырайды. Сол уақытта сол- даттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50—60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бүл уақытта подполковник Геккенің басшылығын- да 700-дей казак-орыс эскері, 2 зеңбірек жэне 400 адамнан түратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін үстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды үстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды.

Ақбұлақ шайқасы

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші жэне екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне жэне оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсыкүреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған үлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы түста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіүлы бастаған көтеріліс те өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады. Бүл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Иса- тайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жэңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілісті басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбүлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды.1838 жылы шілде айының 12-сі күні екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70- 80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне оты- рып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын үсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу үрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап түрып атады. Оган қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанішерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жагасындагы қалган топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаган патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірі- гіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың үйымдастыруымен болган Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі. Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісүлы біраз адамдармен Хиуа хандыгына өтіп кетеді. Кейін Орынбор экімшілігі оны қолга түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаган Баймагамбет сүлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.осылай қазақ халқы өзінің ұлттық мүддесі үшін жалынды күрескер ,асқақ жырларымен рухтандырушы асыл азаматынан айрылды.

1836-38 жылдардағы көтерілістің нәтижесі және тарихи маңызы
Бұл көтеріліс патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Нәтижесі:
1.Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды.
2.Салық мөлшеріне шек қойылды
3.Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.
4.Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін көрсетті.
5.Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Бұл ұлт-азаттық көтеріліс тек жер үшін күреспен шектелген жоқ, ең негізгісі елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ұмтылды.

Көтерілістің тарихи маңызы.

  1. Жәңгір хан және оның маңайындағылардың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды.
  2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.
  3. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.

4.Көтеріліс патшаның отаршылдық саясатының нәтижесінде хандық басқарудың күйрегенін тағы да көрсетті

5.Сандаған ғасырлар бойы ұлттық дәстүрлер арнасында тәуелсіздік үшін күрес рухымен қаруланған халық өзінің ортасынан Исатай мен Махамбет тәрізді айбынды азаматтарды шығара алатынын және ондай қайраткерлердің соңына дейін ел мүддесіне адал болып қалатындарын дәлелдеді
Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана “өлгенінше көпті соңына ерте алды” (Х.Досмұхамедов). Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі – мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі “Тайман жалы” деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы “Қазақфильм” киностудиясы “Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай” атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу – қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы 2003 жылы аталып аталып өтті. 4 томдық жинағы жарық көрді.

Көтерілістің жеңіліске ұшырауы және патша өкіметінің жазалау шаралары
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. Ақбұлақ шайқасында көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Махамбет көтеріліске қатысушыларды қуғындау күшейіп кеткеннен кейін амалсыз Хиуа жеріне барып бас сауғалады.1839 ж қазан айында Бөкей Ордасына жасырын түрде қайтып келеді.1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді Орынбор губернаторы Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы,Танрық Нұржанұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Р.Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды.Смайыл Қалдыбайұлы,Смайыл Өтемісұлы соққыға жығылып солдатқа жіберілді. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері, солдаттары марапатталды. Сұлтандарға алтын,билерге күміс медальдар тапсырылды.
1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.

Көтерілістің жеңілу себептері.
• Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.
• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады.
• Қару – жарақтың теңсіздігі.
• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы.
• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
• бекініс горнизондары, хан және оның жақтастарымен біріге отырып әрекет жасауы да себеп болды.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment