Рационал сандарға амалдар қолдану

 № 102 орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі: Ұ.Қайназар

 

Сабақтың тақырыбы:  Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  қайталау сабақ

Сабақтың әдісі:  жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

– оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;назарларын сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық: – Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз? (Оқушылар бірі-біріне тілек тілейді). Берілген фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

1)  Графикалық диктант. / сыныппен жұмыс/

а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең              иә

ә) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – оң сан          иә

б) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан                             иә

в) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі – теріс сан   иә

г) Кез келген теріс сан нөлден үлкен                                      жоқ

д) Оң санның модулі сол санның өзіне тең                            иә

е) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан    иә

ж) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең                        жоқ

з) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – оң сан           иә

и) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен                                 жоқ

2) Кім ойшыл?  / топтық жұмыс/

1-топқа.

Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай, таңбаны қой:

-(*5) = – 5                               *(- 3,9) = 3,9

* (+0,2) = – 0,2                       – (*0,75) =  0,75

2-топқа.

Жұлдызшаларды   тиісті    “+” немесе “-” таңбасымен  ауыстырыңдар:

* 18 + (*5)= -23

*4 · (*12)=  48

*51,5 + (*51,5)=0

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. / жеке жұмыс/

№ 639 есеп А деңгей

  • (0,6 – 1) * 1,5- 0,4*1,5= – 0,6
  • (0,25 – 1) : ( – 5) = – 0,75: (-5) = 0,15
  • (1,3 – 0,5) * ( – 3,5 ) = 0,8 * ( – 3,5) = – 2,8
  • 1,4 : ( – 7 ) + ( – 0,8 ) = – 0,2- 0,8= – 1
  • 3,5 * ( – 2 ) + ( – 8 ) = -7 – 8 = – 15
  • 5,6 : ( – 4) + 0,4= -1,4 +0,4 = – 1

№  644 есеп В деңгей

1) ()*(-))*(- )

2) ():

3) (): (-1)

4) ()*36 ()*36*36

 

№ 652 есеп С деңгей

ІҮ.Сабақты қорытындылау./ топтық жұмыс/

1-топ Теңдеуді шешу:

1)  -1,5 *(х-1) = 0                 жауабы:  х = 1.

2)  3,5*(х-9) =0                    Жауабы:  х = 9

3)  10,8 *( х -9) = 0              Жауабы:  х = 9.
4)  -1,4 *(х – 1) = 0               Жауабы:  х = 1

2-топ  Ауызша есептеу.

  • -124+(+126)= 2
  • -39+(+39)= 0
  • – 1* (-1)= 1
  • -96: (-16)= 6

Сонымен 1991 жылы тарихымызда қандай елеулі тарихи оқиға болды?

Дұрыс айтасыңдар. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.

Ү. Сабақты бекіту:

Әр топ өрнектің мәні 25 шығытындай рационал сандарға амалдар қолдануға  байланысты өрнек құрастыру.

ҮІ. Оқушыларды бағалау:

Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды , белсене араласқан топтар бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

Бағалау парағы.

р/с Оқушының

 аты-жөні

Үй тапсырмасы

 

Оқулықпен жұмыс Сабақты қорытын-дылау  

 

Сабақты бекіту

 

 

Баға

Графика

лық

диктант

 

Кім ойшыл?

 

№639 №644 №652 1 2
 

1

 

Қали Архат

 

 

 

 

 

               

«5»- тік баға

«4»-тік баға

«3»-тік баға

 

Үйге тапсырма: № 640, 645 есептер

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master