Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

 

 № 102 орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі: Ұ.Қайназар

 Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

/ Безендірілген шырша,  баяу музыка. Балаларды сынып жетекшілері сахна сыртында дайындап тұрады. Әр сыныпты бөлек бөлек ортаға шақыратын бастауыш сынып 7 «Ә». Олар жаңа жылдық бағдарламаны дайындап, ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа жылдық кешті  көруге шақырып қояды.Ата – аналар көрермен ретінде тамашалауға келеді.Кеш соңында ғана тілек айтуға шақырылады/

1-жүргізуші: Архат

2-жүргізуші Абдуллах
1 – жүргізуші:
– Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 – жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 – жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 – жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 – жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой.Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.
1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың
аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
       / Шырша түбіндегі қапшықта ұялы телефон жатады. Телелфон шырылдап қоя береді./
1 – жүргізуші: Алло бұл кім екен?

 /Телефонның ар жағынан дауыс естіледі. /
–          Алло ,Архат, Абдуллах  мынау есікті аша алмай тұрмыз. Сабыр ағай кілттін де бермей жатыр. Есікті тек ғажайып шырша ғана аша алады.
–          Қалай ?
–          Шырша түбінде ұстаздарға арналған сұрақтар бар.Сол сұрақтарға олар жауап айтқан сайын,есік ашылады екен. Оны бізге Салтанат апай айтты. Тездетіңдерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз!!!
–          Жарайды, жарайды, біз қазір бастап жібергенбіз.Сіздерді де ішке кіргіземіз!
–          Абдуллах, ендеше апайлар мен ағайларды ортаға шақырып, тездеп сұрақтарға жауап алайық.
/шырша түбінен сұрақтар оқылған сайын бір –бір сыныптан кіре береді/
1 сұрақ:
  Бекжан ағай сіздің ұнататын сыйлығыңыз қайсы?
Жауап :————————————————————————————————
/  6-сыныптың балаларын   Бекжан ағай жариялап ортаға шақырады. 6-сыныптың  балалары  қуанышты көңіл-күймен шырша маңына жақындайды/
2 сұрақ:
 Салтанат  апай сіздің сүйіп тыңдайтын әніңіз қай ән? Сол әннен бір шумақ орындап беріңізші және 6-сыныптыңың ата-аналарын  ішке кіруіне көмек беріңізші!
Жауап:————————————————————————————————————
/  Сыныптың ата-аналарын Салтанат  апай жариялап ортаға шақырады.   Қуанышты көңіл-күймен шырша маңына ата-аналар да жақындайды/
 Барлық ата-аналар мен  сынып оқушылары толық шырша маңына жиналады. Осы кезде шыршы түбіндегі үлкен қапшық қозғала бастайды, оқушылар шошып кетеді..қаптың аузын ашқанда мыстан кемпір  атып шығады)
2 жүргізуші
: – Мынау тағы не болды екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып

тұрмын.Ашшы сен Архат.
1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Біз бағанағы сияқты былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.
Мыстан кемпір:  Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдім. Қалай қарайсыңдар!
Мыстан кемпір: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1 – жүргізуші: – Жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

Мыстан кемпір:  Мен сіздерге жұмбақ жасырамын! Шешесіңдер ме, балалар!

/ балалар жауап береді/

Жұмбақ:

Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп – тәтті.

                                  (Мектеп директоры)

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар! Құрметті жамағат “Жақсы сөз – жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Өмірзақов Ерік ағайға  береміз.

1 – жүргізуші:

Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын!

2 – жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

1-жүргізуші: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше сыныптың аруларының өнерлерін тамашалайық. Кезек әсем әнде.

Ән: Қош келдің, Жаңа Жыл!

Орындайтындар: Ақұлпа, Ақжүніс, Аңсаған

2- жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

1- жүргізуші: – Жаңа жыл – Тауық  жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

2 жүргізуші:- Архат біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

1- жүргізуші: –  Нені ұмыттық!

2- жүргізуші :-Осы біздің  көне жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатынымызды ұмыттып кеткен сияқтымыз.

1– жүргізуші: –  Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Олай болса, көне жылды шақырайық.

/ ортаға көне жыл келеді/

2-Жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

1-жүргізуші: – Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

2-жүргізуші:  -Бірақ оны Мәншүк апай менің шартымды орындасаңдар жіберемін деп  жатыр екен.Орындайсыздар ма?

–          Ия, ия!!!

–          Мәншүк апай біздің мерекеге қош келдіңіз. Ақ тілегіңізбен бірге , өз шартыңызды айтып берсеңіз. Балалар Аяз ата мен Ақша қарды сағынып қалды!

Мәншүк апай : – Сәлеметсіздер ме? Сіздерді Жаңа жылмен шын ниетпен құттықтаймын!

Менің шартым. Әр ата-ана топтық би көрсетулері керек. Ал оны билеу мына қағаздағы жазылған би түрлерін таңдаудан басталады.

(1 лезгинка, 2 қара жорға, 3 орыс биі)

/ Ортаға 3 ата-ана шығады да, таңдап алынған қағазда жазылған биге билейді/

Мәншүк апай:– Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата,…… Аяз ата,………….. Аяз ата………………

1-жүргізуші:

–          Достар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сендер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, мен сиқырлы таяқшамен оны алып келемін.Жарайма ?

–          Ия, ия, ия….

–          Сіздер 1   2  3  деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.

–          1   2   3

/Осы кезде алдын ала дайындалған үлкен қорапты тұрған Аяз ата ммен Ақша қар жарылғыш фантикті атып кеп жібереді де, қораптың ішінен шығады./

Аяз ата: – Сәлем балалар!!!

2- жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аяз Ата:

–          Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!

–          Ия,Ия…

Жаңа Жыл,…………Жаңа Жыл,……..Жаңа Жыл…….

/ Ортаға жаңа жыл келеді/

–          Ендеше маған өнерлеріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!

–          Ия, ия…

1-жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

2-жүргізуші: Достар, ортаға Аяз Ата мен Ақшақар келіп тұрғанда көңілді күлкі сыйласақ қалай болады.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Бұл ойыңа мен де қосылам. Ендеше кезекті «6-сынып алға!» командасына береміз.

Әзіл: КВН

Орындайтындар: «6-сынып алға!» командасы

2-жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Тауық  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

1-жүргізуші: Абдуллах, бүгінгі жаңа жыл мерекесіне бір топ қонақтар да келген еді. «Ақ шашты көрдім апа самайыңнан», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды», «Ана, ана, ана, Анасың сен ғана»……..

2-жүргізуші: Тоқта, тоқта. Сен не айтып кеттің Архат. Қонақ деп тұрып, өлең айтып кеттің ғой.

1-жүргізуші: Ата-аналарымызды айтып отырмын. Оларға да айтарымыз бар емес пе?

2-жүргізуші: Ия, мен ұмытып кетіппін ғой. Ақұлпа ата-аналарға арнап ойын әкелген. Соны ойнатып жіберейік.

Ата-аналарға ойын: Ақұлпа

1- жүргізуші:

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

2-жүргізуші:  Мына бір өлең жолдарың жақсы екен. Жаңа Жылда құтты қонақтарымызға да ойын ойнатайық. Аяз ата мен Ақшақарымыз бар. Жаңа жыл мен Мыстан әжеміз де бар.

1-жүргізуші: Мына ойың жақсы екен. Кім ойынды ойнатады ендеше.

Жаңа Жыл қонақтарына ойын: Мирас

1-жүргізуші:

Тауық жылы: Туғызар айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Әкеліп бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

2-жүргізуші: Архат, тауық жылы қандай тілектер тілейсің?

1-жүргізуші: Мен бе? Менің тілегім айта берсем көп қой. Бірақ соның маңыздыларын айтар болсам, келесіде Аяз Ата мен Ақшақарды жаңа мектепте қарсы алайық!  ЭКСПО-2017 кормесін әлемдік деңгейде аман есен өткізейік! Ұстаздарымызға шығармашылық шәкірттеріне жетістіктер тілеймін! Ата-анамыздың аман болуын тілеймін! Тәуелсіздігіміздің мәңгіліу болуын тілеймін!

2-жүргізуші: Архат мен де бір тілек айтып жіберейінші. Тауық жылы тек күлкіден айырмасын!

1-жүргізуші: Аааа, күлкі демекші тағы да әзілге кезек берейік.

Әзіл: «6-сынып алға!» командасы

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

/ Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салу/

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

 2- жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар: – Ендеше, достар бір-бірімізге жасаған сыйлықтарымызды табыс етейік.

/Әрі қарай кеш би мен жалғасып, 2-3 бимен кеш аяқталады/

 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master