Жаңа форматтағы тест кітапшалары шықты…

Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі  оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушылардың білімін бағалауда жаңа қадам, жаңа өзгерістерді қажет етеді.

Жан-жақтағы әріптестер, оқушылар мен ата-аналардың сұранысы бойынша Республикалық «KAZBILIM» орталығы жаңа үлгідегі тест кітапшаларын шығарды. Тест кітапшалары таңдау пәндеріне қарай біріктіріліп жаңа форматта жасалған. Кітапша оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және 2 таңдау пәнінің тест сұрақтарынан тұрады. Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген. Тапсырмалары құрылымы жағынан күрделірек болады. Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі  және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады.

Кітапшада берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің  оқу бағдарламасына негізделген. Кітапшаны Республикалық «KAZBILIM» орталығының және дарынды балаларға арналған мектептердің үздік, тест құрасытыру және сараптамалық топтарда қызмет атқарып жүрген тәжірибелі мұғалімдер құрастырған. Кітапшаның мазмұнын жақсарту бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңызды қабылдауға әзірміз.

Қазірге дейін жаңа форматта сынақ тест кітапшаларынан әр таңдау пәндеріне қарай біріктірлген 5 нұсқа шығардық, яғни, 2 таңдау пәндерімен санағанда 50 түрліден асады. Бұл ең алдымен әріптестерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой. Алдағы күндерде міндетті және таңдау пәндерінен жеке тест жинақтары шығады….

Жаңа форматтағы тест кітапшалары қазірге дейін дайындаған нұсқаларын сатып алу үшін Республикалық «KAZBILIM» орталығынан сатып алуға немесе телефон арқылы тапсырыс беруге болады. Облыстарға почтамен немесе пойызбен жіберіледі.

Барлық түлектерге сәттілік!!!

Байланыс:

Астана қаласы,  Тәуелсіздік көшесі 38/2.

8 7172 432 411; 8 775 431 8008.

Орталық туралы толық ақпарат:     www.kazbilim.com

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master