Самал

Астана қаласы, №57 орта мектебінің

бастауыш сынып пәнінің мұғалімі

Жылқыбаева Батима Камариденовна

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Самал

Күні: 16.02.2016

Мақсаты:

Білімділік: Мәтінің мазмұнын аша білу, шық пен самалдың бір мезгілде болуын білу керек.

Дамытушылық: Танымдық, есте сақтау, байланыстыырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Мәтінді дауыстып, мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекілігі: аудиотаспа, желдің суреттері, сөзжұмбақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, баяндау.

Түрі: Жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

    (Психологиялық тренинг)

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

  1. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын 5 – 6 оқушыдан сұрап шығамын.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

(сөзжұмбақ шешу)

Сөзжұмбақта «самал» сөзі шығады.

(Аудиотаспаны тыңдату)

  • Балалар бұл ненің дыбысы?
  • Қалай ойлайсыңдар біз бүгін бұл мысалда сонымен немен таныспақщымыз?
  1. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып, талдау жасау.

Сұрақтарға жауап беру.   

  • Таң самалды қалай оятты?
  • Жазушының таңғы сәулені суреттеуін тауып оқып бер?
  • Самалдың мінезін жазушы мысалда қалай суреттеген?

Бөлімге бөліп оқыту

  • Самалдың айналасына жасап жатқан жақсылығы туралы қай бөлімде айтылған?
  • Мәтінге басқа қандай тақырып қояр едің?

 

«Жұмбақ ағаш» ойыны ойнатылады. Мұнда оқушылар тақтадағы ағашқа жапырақтарын ілуге көмектеседі. Әр жапырақта жұмбақ жасырылған.

Жұмбақтар:

Аяғы жоқ, жүреді

Сылы-сылқ күледі.

(Су)

Қол-аяғы жоқ болса да,

Қақпа есікті аша алған.

(Жел)

Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың.

(жаңбыр)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқтістеп алады.

(Аяз)

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.

(Тау)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды.

(Боран)

Дәптермен жұмыс

1-топ: Осы мәтінге ұқсас ертегі немесе мысал құрастырады.

2-топ: Табиғат, жел, орман жайлы төрт шумақ өлең құрастырады.

3-топ: Мәтін бойынша сурет салу

  1. Сергіту сәті

(интерактивті тақта)

  1. Қорытынды

      Күннің бетіндегі бұлттарды алу арқылы сұрақтарға жауап береміз .

  • Мәтінде таңның түсі қызыл ма?
  • Самалды ұйқысынан кім оятты?
  • Шықпен жуын деп кім еркелетті?
  • Самал жел гүлдерге зиян келтірді ме?
  • Самалдың адамдарға да кесірі тиді ме?
  • Өрістегі малдарға қандай көмегі тиді?
  • Сонымен Самал жел мысалда жағымсыз кейіпкер ме?

VII. Үйге тапсырма

«Самал» мысалын оқып келу.

VIII. Бағалау

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment