Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары

Қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі

Апта Күні: 7.10.16ж Сабақ
Сабақтың тақырыбы Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары
Ресурстар Тірек-сызбалар, суреттер, постер, оқулық, слайд,мұғалімге арналған нұсқаулық, интерактивті тақта
Сабақтың міндеті –          Тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуін бағалау;

·         -Сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау,ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру;

·         -Оқушылардың жаңа әдіс- тәсілге деген көзқарасын, пікірін білу.

Сабақтың мақсаты Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан –жакты әрі жеңіл түрде игерту.Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып,К. Линнейдің еңбектеріне, өмірбаянына  жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже –          Оқушылар сабақтың құрылысын нақты білулері тиіс.

–          К.Линнейдің жұмыстарын  оқушылар түсінеді;

–          Сұрақтарды талқылауға қатыса алады;

–          Жоғарырақ деңгейдегі сұрақтарға жауап бере алады.

Негізгі идея К.Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды.
 

Тапсырма көздері

1-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс

2-      модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Жұптық жұмыс. (диалог арқылы оқыту)

 

2-тапсырма.

«Топтастыру стратегиясы» (топпен жұмыс)

5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

Сергіту сәті.

3-модуль.АКТ

 

 

 

3-тапсырма. «Іздену,зерттеу, ой қозғау»

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.  Топтық жұмыс. Постер.

4-тапсырма: «Білгенге маржан» әдісі Жеке жұмыс. Сыни тұрғыдан ойлау

 

Бағалау Топтық бағалау, жұптық смайлик арқылы бағалау
Кейінгі тапсырмалар §6  Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары
Рефлексия «Жетістік ағашы»

 

 

Сабақтың этаптары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру

 

 

 

 

 

Сыныппен байланыс орнату

/1-мин./

 

 

Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту

/2- мин/

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

/2-мин/

 

 

Сыныптың білім деңгейін анықтау

/1-мин/

 

 

Сабақ тақырыбын  ашу

/2-мин/

-Қайырлы күн, оқушылар!

Бейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын,

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын

 

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?

 

 

Өткен тақырыпқа шолу

1.    Эволюция терминін биологияға енгізген ғалым?

 

 

 

 

2.    Аристотельдің еңбектерін атап шығыңдар?

 

 

 

 

 

3.    Теофраст нені зерттеді?

 

 

 

Аристотель, Ч. Дарвин, К. Линней зерттеуші ғалымдар  аттары  арқылы топқа бөлу

 

 

 

 

Жануарларға «қосарлы атаутізімді» енгізген ғалым кім?

 

 

 

 

 

 

Эволюциялық ілім нені зерттейді?

 

 

Шаттық шеңберде тұрады.

 

 

 

Досым, сыныптасым

Үйрену, оқу, іздену

Тірлік, тірек, адамдық

Шындық, бірлік, адалдық

 

Оқушылардың болжамды жауаптары:

-М. Хейл 1677 жылы

 

-Аристотельдің еңбектері: «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың бөліктері туралы» шықты.

 

– Өсімдіктер мен жануарлардың биологиясын зерттеді.

 

Оқушылар зерттеуші ғалымдар аттары арқылы топқа бөлінеді.

 

Оқушылардың болжамды жауаптары:

 

К. Линней

 

 

 

Оқушылардың болжамды жауаптары:

Тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді.

Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту

/2-мин/

 

Логикалық ойлауға жетелеу

/5-мин/

 

 

 

 

 

 

 

Түсіндірме жалпылама сұрақтар:

/5-мин/

Мұғалім. К. Линннйдің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырады.

Тірек-сызбалармен жаңа тақырыпты түсінуге ықпал жасау. (слайд)

 

 

Органикалық дүниенгі бір жүйеге келтірген кім?

 

 

Өсімдіктер мен жануарлардың нешеден астам түрін зерттеді?

 

 

Жануарлар дүниесін 6 класқа жіктеген кім, класс атауларын атаңдар?

 

 

 

 

-Балалар бүгінгі сабақта не айтылды?

 

 

-К. Линнейдің жүйесінің «жасанды жүйе» болу себебі неде?

 

 

-Тауық пен түйеқұсты неліктен бір отрядқа топтастырды.?

 

 

Оқушылар слайд арқылы жаңа сабақты түсінеді

 

 

Оқушылардың болжамды жауаптары:

Табиғат зерттеуші швед ғалымы К. Линней

 

Өсімдіктердің 8000 астам, жануарлардың 4200 түрін зерттеді.

К. Линней. Сүтқоректілер, құстар, амфибиялар, балықтар, бунақденелілер, құрттар.

 

 

К. Линнейдің еңбектері зерттеу нәтижелері туралы ұғындық.

 

Себебі өсімдіктердің туыстық жағы ескерілмеді.

 

Тұмсықтарының ұқсастығына, пішініне қарай жүйелегендіктен топтастырды.

 

Негізгі бөлім

Түсіну  үшін тапсырма

/3-мин/

 

 

Сергіту сәті:

/2-мин/

 

 

Топтарға бағыт беру

/10-мин/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды шығару

/2-мин/

 

 

 

Жеке оқушымен жұмыс.

Дәптермен жұмыс  /3-мин/

1-тапсырма.Оқушылар мәтінмен танысу. Әр топ постерде сабақтың құрылысын құрастырып шығады.

К. Линнейдің өмірі

К. Линнейдің эволюциялық ілімі

К. Линнейдің жаратылыстану ғылымына қосқан жаңалықтары.

 

Сергіту сәтін орындату

 

 

 

 

2-тапсырма. Үш топта  «топтастыру» стратегиясы бойынша жұмыстану.

1-топ: К.Линнейдің өсімдіктерді жіктеуі

2-топ: К. Линнейдің гүл бөлімдеріне енгізген атаулары

3-топ: К. Линнейдің «жасанды жүйе»болу себебі.

 

 

3-тапсырма.

1-топ: Кестемен жұмыс

2-топ: Биологиялық диктант

3-топ: Кубизм әдісі

 

 

 

Әр топ берілген өсімдіктер туралы ақпарлама береді. «Білгенге маржан» әдісі.

1-топ:Тауық пен түйеқұс

2-топ: Сәбіз пен зығыр

3-топ: Жыртқыштар мен приматтар

 

 

 

Венн диаграммасы

1-оқушы: Тауық пен түйеқұс

2-оқушы:Сәбіз бен зығыр

 

 

 

Оқушылар  жұптық жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

Оқушылар сергиді.

 

 

 

 

Оқушылар топта «топтастыру» стратегиясын қолдана отырып постермен жұмыс жасайды.

 

 

 

Оқушылар К. Линнейдің еңбектерін назарға ала отырып кестемен,биологиялық диктант, кубизм әдістері арқылы жұмыс жасайды.

 

Оқушылардың болжамды жауаптары:

Оқушылар өздері дайындап келген өсімдіктер мен жануарларға  сипатама береді

 

Оқушылар дәптерлеріне  тауық пен түйеқұстың, сәбіз бен зығырдың  айырмашылықтарын жазады.

 

Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу

/2-мин/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

/1-мин/

Бағалау

/1-мин/

 

Кейінгі тапсырма:

 

 

-Балалар бүгінгі сабақта не айтылды?

 

 

 

 

 

 

-К. Линнейдің табиғат зертеушісі болуға не әсер етті?

 

 

 

-Ботаникаға неше термин енгізді?

 

 

Кері байланыс. «Жетістік ағашы»

 

 

Смайликпен бағалау

 

 

§6 Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары

Оқушылардың болжамды жауаптары:

Эволюция ілімінің зерттеушісі К. Линнейдің өмірі, шығармашылығы, еңбектері жайында түсінік  алдық.

 

Лунд қаласындағы университеттің профессоры Стобеустің үйіндегі мұражай әсер етті.

Ботаникаға 1000-ға жуық термин енгізді.

 

Оқушылар кері байланыс жасайды.

 

Оқушылар бағалау бетшесіне смайлик жапсырады

 

 

 

 

Тянова Гүлназ Бисенбекқызы

Биология пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған орта мектебі

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master