Жүгері

 Пәні: Қылқалам шебері

Мұғалімі: З.Қ.Жансүгір

Тоқсан:І

Күні:16.10.2015

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Жүгері

Сабақтың мақсаты: Түстер туралы білімдерін жетілдіре отырып саусақпен салу

әдісін үйрету. Жүгері туралы  деректер айта отырып, оның                                                    пайдасы және одан жасалатын өнімдерге тоқталу. Сурет салу                                                           кезінде ескерілетін ережелерді қайталау.                                                                                    Оқушылардың сурет салу іскерлігі мен дағдысын, қарындашпен,                                         бояумен жұмыс жасай білу білігін дамыту.                                                                        Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, адам                                                еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Жүгері, слайдтар, суреттер, бояу, қылқалам, қарындаш, альбом.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, практикалық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

 

Сурет салсам  – гүл саламын,

“Гүл толып тұрса алаңым”.

 

Сурет салсам  – күн саламын,

“Күндей күліп тұрса маңым”.

 

Сурет салсам  – қала салам,

“Болсын барлық баласы аман”.

 

Сурет салсам  -Адам салам,

“Қорған болсын маған,саған!”

 

ІІ.Қайталау – білім анасы

  1. Негізгі түстерді ата.
  2. Қандай түстер жылы түстерге жатады?
  3. Суық түстерді ата.
  4. Ақ,сұр, қара түстер қалай аталады?
  5. Қызыл, қызғылт, сары, көк, жасыл, күлгін түстерді қалай атаймыз?

ІІІ.Сиқырлы бояулар

Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді шығару.

ІҮ.Ребус шешу.Суреттегі заттардың бас әрпінен сөз құрастыру.

ЖҮГЕРІ

Ү. Жаңа сабақ

Жүгері туралы деректер келтіру.

Жүгері – дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады.                                                                                                                              Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсуақуызмайкалийфосформагнийкальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компотшырынкисельпростоквашаайранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

ҮІ. Жүгері туралы мултьфильмнен үзінді тамашалау.

ҮІІ.Практикалық жұмыс

1.Қағазды тігінен ұстау

  1. Салынатын заттың орналасу ретін көмекші сызықтар арқылы сызу
  2. Жүгерінің сұлбасын сызу

4.Жасыл бояумен жапырағын салу

  1. саусақты сары бояуға батырып жүгері дәндерін салу.

1) 2) 3)  4)     5)

ҮІІІ. «Қылқалам шеберлері» көрмесі

Көрмеге жасалған жұмыстар талданып қойылады.

ІХ.Бекіту

  1. Жүгерінің мүшелерін ата
  2. Ол қандай өсімдік?
  3. Жүгері суретін салуда қандай түстерді пайдаландың?
  4. Жасыл түс қандай түстердің қосындысы?
  5. Негізгі түстерді ата.

Х.Мадақтау.Бағалау.

Презентацияны көру

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master