Оксидттердің химиялық қасиеттері, қолданылуы

Қазығұрт ауданы

«Қақпақ» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі

Айгуль Ерназарова

                                                          

Сабақтың тақырыбы:  §45.Оксидттердің химиялық қасиеттері, қолданылуы

Cабақтың мақсаты: Оксидттердің химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, есеп шылға алуға, алған білімдерін бірлескен оқуда, өмірде пайдалануға үйрету.

Сабақтың міндеті: Оқушылардың өз ойын еркін, нақты жеткізе алуына ықпал жасау;

Сабақтың нәтижесі: Оксидттердің химиялық қасиеттерін, қолдану аясын біледі. Оксидттерді ажырата алады және есептердің шығару жолдарын біледі. Сыни тұрғыдан ойланады, ойын еркін айта алады, дәлелдей алады.

Сабақтағы әдіс тәсілдері: топтық жұмыс, кері байланыс, Джигсо әдісі

 

Уақыты Кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурс
1 мин Кіріспе бөлім Психологиялық дайындық

Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

“Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.”

Оқушылар сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды    
7 мин  

Тұсаукесер

Кері байланыс: Тестілеу

1. Оттектің периодтық жүйедегі орны

а) І период және ІІ топтың негізгі топшасы

ә) ІІ период және ІV топтың негізгі топшасы

б) ІІ период және VІ топтың негізгі топшасы

в) ІV период және ІІ топтың негізгі топшасы

2) Негіздік оксидтті тап

а)   Na2O      ә)  SO3           б) SO2          в) NO2

3) Тұз түзбейтін оксидттер

а)   Na2O, СаО   ә)  SO2, Al2O3   б) NO, CO     в) SO3, CO2

4. 1s22s22p63s23p5 электрондық формула сәйкес келетін элемент

A) оттегі        ә) күкірт         б) хлор      в) фосфор

5. Cu + HgCl2 ® CuCl2 + Hg теңдеуімен өрнектелген реакция типі

A) айрылу        ә) орынбасу          б) қосылу        в) алмасу

6. Қосылыстар арасынан қышқылдың химиялық формуласы:

А. Н2О        ә). Са (ОН)2        б) NH3            в) HNO3

7.Қосылыстардағы азоттың массалық үлесі ең көп зат:

A) N2O3        B) N2 O5        C) N2O         D) NO

8. 200 г ізбестас (СаСО3) ыдырағанда түзілетін көмірқышқыл газдың көлемі:

A) 22,4 л       ә) 33,6 л        б) 44,8 л       в) 5,6 л

9. Негіздік оксидтің формуласы :

A) CaO        ә) P2O5        б) NO2        в) SO3            

10. 8моль алюминий оттекте жанғанда 3352 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісі:

A) 419 кДж        ә) 1676 кДж       б) 3352 кДж     в) 124,15 кДж

Жауабы 1. Б  2. А  3. Б  4. Б  5. Ә  6. В 7.  В  8. Б    9. А   10. Ә

Оқушылар тес парақшаларын алып, тест шешеді.

Ин. тақтада көрсетілген тест жауаптары бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Бағалау шкаласы:

9-10жауап «5»

6-8жауап «4»

5-3жауап «3»

Ин. Тақта, тест парақшалары,

Бағалау парағы

1 мин   Топқа бөлу

Формулалар таратылады

Мысалы: P2O5, Са(ОН)2, SO3 ,   HNO3 , Н2О , CuCl2

  І-топ Қышқылдар, ІІ-топ Негіздер, ІІІ-топ Оксидтер,  ІV-топ Тұздар

 Оқушылар формулалар бойынша тез,  әрі жылдам топқа бөлінеді

 

  Формулалар жазылған парақшалар
 

5 мин

 

Негізгі бөлім Қызығушылықты ояту мақсатында БББ кестесін ұйымдастырамын.

Білемін Білгім келеді Білдім
     
Оқушылар оксидтер туралы білгенін, білгісі келетін сұрақтарын екі бағанға толтырады   Плакат, маркер, смайликтер
14 мин   Жаңа сабақ мағынаны тану Джигсо әдісі

Оқушыларға тақырып бөлініп беріледі

  І-топ Қышқылдар:  қышқылдық оксидттер

ІІ-топ Негіздер:  негіздік оксидттер

ІІІ-топ Оксидтер:  екідайлы оксидттер

ІV-топ Тұздар:  оксидттердің қолданылуы

оқушылар жаңа тақырыпты өз топтарында талқылап, келесі   топқа барып таныстырады

 

Бағалау критерийлері:

1.Ұйымшылдық

2.Түсіндіру әдісі

3.Ойлау дәрежесінің  ұшқырлығы

Оқулық, плакат, маркер, стикер
2 мин   Сергіту сәті: реттік номерін айтамын, оқушылар сол номерде орналасқан элементті атайды.

Мысалы: 16 – күкірт, 30 – мырыш, 13 – алюминий

Реттік номері бойынша элементтерді жылдам тауып, айтады   Менделеев кестесі
10 мин Қорытынды 1.Химиялық лото

  +     +  

 

  +     +  

 

  +     +  

 

  +     +  

1.      H2O,     HCl,     BaO,      BaCl2

2.      Na2SO3, NaOH, H2O, SO2

3.      ZnO, H2O, H2SO4 , ZnSO4

4.      SiO2, CaSiO3, CaO

2. “Кедергілермен көтерілу”. “Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата.

                                                                                      K (I)

                                                                      N (IV)

                                                      Cu (II)

                                   Al (III)

                      P (V)

      S (VI)

3. Кел, есептер шығарайық

1-есеп. 5,4г алюминий оттекпен әрекеттескенде  түзілген алюминий оксидінің массасы қандай болатынын есептеңдер. Ж:10,2г

2-есеп. Пропан С3Н8 толық жанғанда көміртек (ІV) оксиді мен су буы түзіледі. Көлемі 0,5 м3 (қ.ж.) пропан жанғанда түзілген СО2 , газының зат мөлшері мен массасын есептеңдер. Ж: 67 моль, 3кг

3-есеп. Әктасты СаСО3 қыздырғанда сөндірілген ізбес СаО мен тағы бір оксидке айырылады. 112 кг сөндірілмеген ізбес алу үшін қанша килограмм әктас қажет болады? Ж:200 кг

1.      Формулаларды пайдаланып реакция теңдеуін жүргізеді

2.      Оксидттердің формулаларын құрастырады, атайды

3.      1-3 есептерді өмірмен байланысыра отырып шығарады

Бағалау критерилері:

1.Реакцияның дұрыс жүргізілуі

2. жылдамдық

3. есептің шығару жолы

3. жауабының дұрыстығы

Интербелсенді тақта, дәптер
1 мин   Үйге тапсырма беру: §46. «Негіздердің алынуы және қасиеттері.

Шығармашылық тапсырма: Оксидттердің қолданылуын топтастыру арқылы постер жасау.

Тыңдайды, белгілеп алады.    
2 мин   Бағалау. Сабақ бойы топтарға таратылған бағалау парақшасы бойынша бағалаймын Өзін-өзі, топты бағалайды . Бағалау парақшасы
2 мин   Рефлексия

БББ кестесін аяқтап, білдім бағанын толтырғызу

Сабақта білгендерін, үйренгендерін білдім бағанына толтырады   БББ кестесі

Бағалау парағы: Топтың атауы:________________________

Аты- жөні тест Мәтінмен жұмыс

(10 балл)

Химиялық лото

(10 балл)

Кедергілерден көтерілу

(5 балл)

Кел, есептер шығарайық

(10 балл)

Жалпы

Ұпайы 

Баға
1                
2                
3                

 

 

Leave a Comment