Модемдер және факс-модемдер

 

Курс: ІІ Топ: ЭЕТ – Е – 15 Сабақ нөмірі: №11
Пән атауы: ДК аппараттық құралдары
Оқытушы аты-жөні: Ержанова Динара Жайлаубаевна
Мамандығы/

Біліктілігі:

1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»                             

1304063-«Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсететін техник»

Уақыты: 14.11.2016
Өткізілетін орны: №130 аудитория
Сабақтың тақырыбы: Модемдер және факс-модемдер
Сабақ мақсаты:
ü  Білімділік: Модемдер және факс-модемдер туралы және оның түрлері туралы, байланысу әдістерін, жұмыс жасау принциптері туралы біледі

 

ü  Тәрбиелік: Оқушыларды  ізденуге, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу.

Мұқияттылыққа, өзін – өзі сенімді  болуға баулу

ü  Дамытушылық: – коммуникативті мәселелердің шешу жолдарын табу;

– жеке тұлға және қоғам қалыптастыруға бағытталған мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысу.

Сабақ түрі: Лекциялық
Сабақ типі: Аралас
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:
– оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

– оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: жеке және топтық оқыту әдістері, оқытудың дифференциалдық технологиялары

– оқытудың дамытушылық технологиялары: жазу және оқу арқылы ойлауды жан-жақты дамыту технологиялары, оқытуды дамыту технологиялары.

Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
Бор, тақта, формулалар, тапсырмалар
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

1.  Александриди Т.М. и др. Работа на микро-ЭВМ. – М.: Финансы и статистика, 1989.

2.  Aнoкин И. А., Майстров Л.Е. История вычислительной техники. – М.: Наука, 1980.

3.    Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика: оқу құралы, Астана, 2004,232б.

4.    Балапанов Е., Бөрібаев Б., Сейнасинов Б. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі, А, 2000.

5.  Богумирский Б. С. Руководство пользователя ПЭВМ. Часть 1. Санкт-Петербург: Печатный Двор, 1994.

Қосымша әдебиеттер:

1.  Брусенцов Н П. Микрокомпьютеры. – М.: Наука, 1985.

2.  Василевский А. М., Кропоткин М.А.. Тихонов В. В, Оптическая электроника. -Л.: Энергоатомиздат, 1993.

3.  Васильев Б.М., Частиков А.П. Микропроцессоры (история, применение, технология) //Информатика и образование. – 1993. -N 5. -С. 71-83.

4.    Ватаманюк А.И. Видеосамоучитель. Апгрейд, ремонт и обслуживание компьютера (+CD).- СПб.: Питер, 2008. -240 с.: ил.

5.  Гершензон Е. М., Полянина Г. Д., Соина Н. В. Радиотехника. – М.: Просвещение, 1989.

 


Сабақ барысы Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті Қажетті оқу-ресурстық құралдар
1 2 3 4
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация – Оқушылармен сәлемдесу;

– Аудитория тазалығын қадағалау;

– Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;

– Сабаққа назарларын аударту;

– Оқытушымен сәлемдесу;

– Аудиторияны сабаққа дайындау;

– сабаққа дайындық жасау;

– сабаққа назарларын аудару;

Кітаптар, компьютер, таратпалар
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс) –          Үй тапсырмасын сұрау;

–          Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасын беру;

–          Қосымша сұрақтар қою;

–          Бағалау шартымен таныстыру;

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
С В Е В А А А Д А В
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
Д В С Д В С В С Д С
–          Үй тапсырмасын орындау;

–          Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасына жауап береді;

–          Қосымша сұрақтарға жауап беру;

–          Бағалау шартымен танысу;

 

Кітаптар, компьютер, таратпалар
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту         Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.
Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.
Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. Модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін.
Модемдер ішкі және сыртқы болады. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер ішкі модемдер деп аталады
Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-up модемдер (56кбит/секунд дейін), DSL модемдер (128кбит/секунд дейін) және кабелдік жолдарға арналған модемдер (30 000 кбит/секунд дейін).
Модем типтері

• Сыртқы – COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады;
• Ішкі – компьютердің ішіне ISA, PCI, PCI-E, PCMCIA, AMR, CNR слоттары арқылы қосылады;
• Кірістірілген – кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады.

 

Жұмыс принципі бойынша:

Аппараттық модем – сигналды өдейтін барлық операцияларды модемнің өзі орындайды
Бағдарламалық модем – сигналды өңдеу операцияларын орындайтын арнайы бағдарламалары бар жүйелік блок
Байланысына қарай

v Телефон желісі арқылы – ADSL модемі – қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Телефон желілері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.
v Кабельдік модемдер – арнайы кабельдер бойынша ғана мәліметтермен алмасу үшін қолданылады – мысалы, DOCSIS протоколы бойынша ұжымдық телекөрсетілім кабелі бойынша
v Ұялы байланыс – сымсыз модемдер, тек қана қана ұялы байланыс протоколдары – GPRS, 3G, 4G, Wi-Fi және т.с.с бойынша ғана жұмыс істейді. Жиі USB-салпыншақ (брелок) түрінде келеді. Мұндай модемдер ретінде көбінесе ұялы байланыс терминалдары қолданылады
v Спутниктік модемдер – спутниктік интернетті ұйымдастыруға қолданылады. Спутниктен алынған сигналды қабылдайды және өңдейді. Компьютердің арнайы DVB-картасы болуы қажет. Ол спутниктен деректерді қабылдауға арналған компьютерлік тақша.

 

Басқа да мүмкіндіктері бар модемдер

Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Дауыстық модем – телефон желісіндегі сигналды сандық түрге айналдыру және еркін дыбысты желіге орындап шығару функцияларына ие. Бұл мына әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:

• Дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару.

• Мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдалану және дауыстық поштаны ұйымдастыру.

Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды Кітаптар, компьютер, таратпалар
ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер Жаңалық
– Қазіргі кездегі кең қолданыстағы USB модем. Altel ұялы байланыс арқылы Интернет желісіне кіруге болады. SIM картасы бар. Жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы. 8000 тг
– Бұл мобильді WiFi модемде қазіргі кезде үлкен сұранысқа ие. Altel ұялы байланыс арқылы Интернет желісіне кіруге болады. SIM картасы бар. Жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы, бағасы 15000 тг. Компьютерге USB шнуры арқылы қосылады. 100 мбит/с. Бір уақытта 10 адам қолдана алады (ноутбук, телефон, планшет т.б.). Аккумуляторлық батареясы бар.

– Сымсыз байланыс түрі. Бұл модем арқылы интернет желісіне компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефонмен қатар Smart TV-і бар телевизор арқылы кино және т.б. көруге болады. Үй ішіне өте ыңғайлы. Тарифқа байланысты төленеді.D LINK, TP LINK 10000-15000тг.

USB-модем дегеніміз – көлемі сұқ саусақтай болатын, ноутбуқа қосылуға ыңғайлы, ішінде арнайы бағдарламалық жадысы және мобильді телефонның SIM картасы бар модем. Модем әдетте интернетке қосылуға арналады. Осы уақытқа дейін қолданып келген компьютерлердің процессорларында модем ішінде орнатылатын. Бірақ олар сымның көмегімен ғана жұмыс істей алады. Ал USB-модем сымсыз ақ, кез келген жерден қосылуға мүмкіндік береді. Қазақстан әр өңірінде әртүрлі компаниялардың антенналары қойылғандықтан, бір өңірде USB-модемдер қалыпты жұмыс істегенімен, кейбір аймақтарда іркілістер туындауы ықтимал. Сонымен қатар қалада ұялы байланыстың таралу аумағы әлсіз болса, USB-модемдердің жұмысы баяулайтынын білдіреді. USB-модемдердің ең үлкен артықшылығы ноутбукпен жұмыс істегенде арнайы интернет радиотолқындарын ұстайтын орындарды іздеп, әуре болмайсыз. USB-модем мобильді сигнал көмегімен жұмыс істейді. Сондықтан қалтафоныңыз байланыса алатын жердің бәрінде USB-модем көмегімен интернетке қосылуға болады. Әрі төлемақы жасау да жеңіл. Ғаламторға қосылудың мұндай түрі әлемдік нарықта бизнесмендердің сұранысына орай пайда болған. Ноутбугымен іскерлік кездесуге барған жандарға едел-жедел интернет арқылы мәлімет алмасу ауадай қажет. Уақыт өте келе, интернет тек қана бизнес жасайтын орта емес, сонымен қатар әлеуметтік белсенділікті қалыптастыратын, әрі қоғамның өзара жылдам мәлімет аламасатын алаңына айналды. Сондықтан кез келген жерден ноутбуктың көмегімен жылдам байланысқа шығу қажеттілігі күн санап артуда.

Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды Кітаптар, компьютер, таратпалар
Ү.Білімді бақылау, бағалау Бақылау сұрақтары:

Жаңа тақырып бойынша слайд арқылы бақылау сұрақтары беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1.        Модем дегеніміз не?

2.        Модем типтері қандай?

3.        Модемнің жұмыс принципі?

4.        USB модем?

5.        Сымсыз байланыс түрлері?

6.        Модемге қатысты қазіргі таңдағы жаңалықтан деректер келтіріңіз?

7.        ADSL модемі?

8.        Ұялы байланыс?

9.        Спутниктік модемдер?

10.     Кабельдік модемдер?

Бақылау сұрақтарына жауап береді Кітаптар, компьютер, таратпалар
ҮІ. Қорытынды (рефлексия) Сабақты қорытындылау үшін өтілген тақырып бойынша 10 сөз беріледі, бір студент топқа мимикамен сөздерді түсіндіру керек

1.        Модем

2.        Принтер

3.        Компьютер

4.        Wi – Fi

5.        Сканер

6.        Ноутбук

7.        Телефон

8.        Факс

9.        Интерактивті тақта

10.     Оқулық

Оқушылар қойылған 10 сөзді  бір – бірден шапшаңдықпен жауап береді Кітаптар, компьютер, таратпалар
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру Үй тапсырмасы теориялық және шығармашылық бағытта беріледі    
Теориялық тапсырма

 

Шығармашылық тапсырма

Модемдер және факс-модемдер туралы қосымша әдебиеттерден ізденіп, лекция материалдарын толықтырып келу

 

 

Модемдер және факс-модемдер тақырыбына слайд дайындап келу

Үй тапсырмасын дәптерлеріне түртіп алады, түсінбеген сұрақтары болса оқытушыға қояды  
Студенттердің білім көрсеткіші:      
Оқытушының өзін-өзі бағалауы:      

 

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.
Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.
Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді.

Модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін.

Модемдер ішкі және сыртқы болады. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер ішкі модемдер деп аталады

Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-up модемдер (56кбит/секунд дейін), DSL модемдер (128кбит/секунд дейін) және кабелдік жолдарға арналған модемдер (30 000 кбит/секунд дейін).

 

Модем типтері

  • Сыртқы – COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады;
    • Ішкі – компьютердің ішіне ISA, PCI, PCI-E, PCMCIA, AMR, CNR слоттары арқылы қосылады;
  • Кірістірілген – кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады.


Жұмыс принципі бойынша:

Аппараттық модем – сигналды өдейтін барлық операцияларды модемнің өзі орындайды

Бағдарламалық модем – сигналды өңдеу операцияларын орындайтын арнайы бағдарламалары бар жүйелік блок

 

Байланысына қарай

v Телефон желісі арқылы – ADSL модемі – қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Телефон желілері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.
v Кабельдік модемдер – арнайы кабельдер бойынша ғана мәліметтермен алмасу үшін қолданылады – мысалы, DOCSIS протоколы бойынша ұжымдық телекөрсетілім кабелі бойынша

v Ұялы байланыс – сымсыз модемдер, тек қана қана ұялы байланыс протоколдары – GPRS, 3G, 4G, Wi-Fi және т.с.с бойынша ғана жұмыс істейді. Жиі USB-салпыншақ (брелок) түрінде келеді. Мұндай модемдер ретінде көбінесе ұялы байланыс терминалдары қолданылады
v Спутниктік модемдер – спутниктік интернетті ұйымдастыруға қолданылады. Спутниктен алынған сигналды қабылдайды және өңдейді. Компьютердің арнайы DVB-картасы болуы қажет. Ол спутниктен деректерді қабылдауға арналған компьютерлік тақша.

 

Жаңалық
– Қазіргі кездегі кең қолданыстағы USB модем. Altel ұялы байланыс арқылы Интернет желісіне кіруге болады. SIM картасы бар. Жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы. 8000 тг

– Бұл мобильді WiFi модемде қазіргі кезде үлкен сұранысқа ие. Altel ұялы байланыс арқылы Интернет желісіне кіруге болады. SIM картасы бар. Жылдамдығы жоғары, сапасы жақсы, бағасы 15000 тг. Компьютерге USB шнуры арқылы қосылады. 100 мбит/с. Бір уақытта 10 адам қолдана алады (ноутбук, телефон, планшет т.б.). Аккумуляторлық батареясы бар.

– Сымсыз байланыс түрі. Бұл модем арқылы интернет желісіне компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефонмен қатар Smart TV-і бар телевизор арқылы кино және т.б. көруге болады. Үй ішіне өте ыңғайлы. Тарифқа байланысты төленеді.D LINK, TP LINK 10000-15000тг.

USB-модем дегеніміз – көлемі сұқ саусақтай болатын, ноутбуқа қосылуға ыңғайлы, ішінде арнайы бағдарламалық жадысы және мобильді телефонның SIM картасы бар модем. Модем әдетте интернетке қосылуға арналады. Осы уақытқа дейін қолданып келген компьютерлердің процессорларында модем ішінде орнатылатын. Бірақ олар сымның көмегімен ғана жұмыс істей алады. Ал USB-модем сымсыз ақ, кез келген жерден қосылуға мүмкіндік береді. Қазақстан әр өңірінде әртүрлі компаниялардың антенналары қойылғандықтан, бір өңірде USB-модемдер қалыпты жұмыс істегенімен, кейбір аймақтарда іркілістер туындауы ықтимал. Сонымен қатар қалада ұялы байланыстың таралу аумағы әлсіз болса, USB-модемдердің жұмысы баяулайтынын білдіреді. USB-модемдердің ең үлкен артықшылығы ноутбукпен жұмыс істегенде арнайы интернет радиотолқындарын ұстайтын орындарды іздеп, әуре болмайсыз. USB-модем мобильді сигнал көмегімен жұмыс істейді. Сондықтан қалтафоныңыз байланыса алатын жердің бәрінде USB-модем көмегімен интернетке қосылуға болады. Әрі төлемақы жасау да жеңіл. Ғаламторға қосылудың мұндай түрі әлемдік нарықта бизнесмендердің сұранысына орай пайда болған. Ноутбугымен іскерлік кездесуге барған жандарға едел-жедел интернет арқылы мәлімет алмасу ауадай қажет. Уақыт өте келе, интернет тек қана бизнес жасайтын орта емес, сонымен қатар әлеуметтік белсенділікті қалыптастыратын, әрі қоғамның өзара жылдам мәлімет аламасатын алаңына айналды. Сондықтан кез келген жерден ноутбуктың көмегімен жылдам байланысқа шығу қажеттілігі күн санап артуда.

 

Басқа да мүмкіндіктері бар модемдер

Факс-модем – компьютерге факсимильді бейнелерді басқа факс-модемге немесе факс-машинаға қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Дауыстық модем – телефон желісіндегі сигналды сандық түрге айналдыру және еркін дыбысты желіге орындап шығару функцияларына ие. Бұл мына әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • Дауыстық хабарламаларды шыңайы уақыт жағдайында басқа дауыстық модемге жіберу мен одан хабарламаларды алу, және оларды ішкі динамик арқылы дыбыстап шығару.
  • Мұндай модемді автожауапқайтарғыш ретінде пайдалану және дауыстық поштаны ұйымдастыру.

Тест тапсырмасы

 

 

  1. Информатика – бұл…
    А) Гуманитарлық ғылым
    В) Қолданбалы ғылым
    С) техникалық ғылым +
    Д) қоғамдық ғылым
  2. Радиоқабылдағыш ақпаратты не түрінде таратады?
    А) сигнал

В) дыбыс +

С) қимыл

Д) иіс

  1. 1 Кбайт-
    А) 1000 бит

В) 1024 бит

С) 8 М байт

Д) 1024 байт +

  1. Санау жүйесі – …
    А) сандардың айтылу әдісі
    В) сандардың жазылу әдісі +
    С) әріптің орнына сан жазу
    Д)дұрыс жауабы көрсетілмеген

 

  1. Екілік код элементтері –
    А) 0,1 +

В) 1,2

С) 0, 1, 2

Д) 2

 

  1. Алғашқы ЭЕМ пайда болған (ХХ ғасыр)
    А) 40 – шы жылдар +

В) 60-шы жылдар

С) 70-ші жылдар

Д) 80- ші жылдар

  1. Бэббидж машинасы, қазіргі заман компьютері мен адам миының ортақ қасиеті нені өңдеу қабілеттілігі болып табылады?
    А) сандық ақпаратты +

В) мәтіндік ақпаратты
С) дыбыстық ақпаратты

Д) Графиктік ақпаратты

  1. ЭЕМ-ді функционалдық мүмкіндіктері мен мөлшері бойынша бөлуге болады
    А) төменгі супер ЭЕМ, үлкен ЭЕМ
    В) минисупер ЭЕМ, микро ЭЕМ
    С) жоғары супер ЭЕМ, кіші ЭЕМ
    Д) супер ЭЕМ, үлкен ЭЕМ, кіші ЭЕМ +
  2. ЭЕМ құрылғылары бір-бірімен не арқылы байланысады?
    А) шина +

В) драйвер

С) жоғары вольтті өткізгіш

Д) жүйелік блок

  1. Графиктік және мәтіндік ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
    А) сканер

В) принтер +

С) монитар

Д) пернетақта

  1. Компьютерді өшіргенде… барлық ақпарат жойылады.
    А) иілгіш дискідегі
    В) СD-ROM дискідедегі
    С) қатты дискідегі
    Д) оперативті жадтағы +
  2. Жәй телефон желісі арқылы компьютерлер арасында деректер алмасу байланысын қамтамасыз етеді.
    А) Принтер

В) Модем  +

С) Факс

Д) Плоттер

  1. «Пайдаланушы интерфейсі» термині анықтады.
    А) Желілерді басқару үшін арналған арнайы программа
    В) Арнайы желілік құрылғы
    С) Пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара байылынысын ұйымдастыру тәсілі +
    Д) Компьютерлердің бір-білімен байланысу тәсілі
  2. Қай пікір дұрыс:
    А) Монитор – ақпаратты сақтау құрылғысы
    В) Принтер ақпаратты өңдеу құрылғысы
    С) Notebook – қалталы калькулятор
    Д) Пернелік тақта- ақпаратты еңгізу құрылғысы +
  3. Күрделі сызбаларды салу үшін қандай құрылғыны қолданады.
    А) Лазерлік принтер

В) Плоттер +
С) Сканер

Д) Ағымды принтер

  1. 16. Операциялық жүйе дегеніміз?
    А) Дискідегі қатені тексеретін программалар
    В) Мәтіндік ақпаратты өңдейтін программалар
    С) ЭЕМ – нің ақпараттық құралдары мен пайдаланушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын программалар. +

Д) дұрыс жауабы жоқ

  1. Мәтіндік редакторды іске қосу жолы.
    А) Іске қосу – құжаттар – Microsoft Word
    В) Іске қосу – программалар – Microsoft Word +
    С) Іске қосу – Microsoft Word- құжаттар
    Д) Дұрыс жауабы жоқ.
  2. 18. Құралдың аты не деп аталады?
    а) сол жақ бойынша туралау

в) сол және оң жақ бойынша туралау

с) оң жақ бойынша туралау +
д) Беттің ортасы бойынша туралау

  1. Құралдың аты не деп аталады?
    а) Текст

в) астын сызу

с) WordArt
д) Текст түсін бояу +

  1. 20. Құралдың аты не деп аталады?
    а) құжатты ашу

в) белгілеу

с) Құжатты сақтау +
д) Принтерге шығару

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master