Хор өнері

Қызылорда қаласы
Қалалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы
Орындаған : Мектепалды даярлық тобының музыка пәнінің мұғалімі

Төлегенова Алтынай Асылбекқызы

Сабақтың тақырыбы : Хор өнері
Музыка мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Музыка әлеміндегі хор өнерімен таныстыру, хор туралы білімдерін кеңейту, хормен ән салу.
Міндеттері:
1. Білімділік – хор өнерімен таныстыру, ән үйрету.
2. Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.
3. Тәрбиелік – әсемділікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, тыңдату.
Көрнекілігі: слайд, «Айналайын», «Елігай» хор ұжымдарының әндерін тыңдату, үнтаспа, фортепиано аспабы .
Күтетін нәтижесі:
1. Хор, халықтық хор ұғымдарын біледі.
2. Хордағы дауыстарды ажырата алады.
3. Әнді сауатты орындайды.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезені.
Мұғалім:
Ал, канекей, балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Дауысымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
2. Өткен материалды пысықтау.
Нота сауаты бойынша өткенді қайталау,7 нота, бес сызық,скрипка кілті,бас кілті туралы ұғымдарды пысықтау, гамма орындау.
Дауыс жаттығуларын орындау.
Орындау : ҚР әнұраны
3. Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.
– Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор, дуэт, трио, топтар, біріңғай ұлдар тобы, қыздар тобы, аралас тобы және т.б)
Олай болса үйге берілген тапсырманы орындайық. Қандай ән өтіп жатырмыз, балалар? Кім жайлы ән білеміз? Әрине, мұғалім ол біздің атты әнді үйреніп жатырмыз. Кәне сөзін бір қайталайық есімізге түсірейік.
(Экраннан әннің сөзін қайталаймыз.)Енді балалар, әуенге қосып орындайық. «Мұғалім ол біздің» әнді орындау.
Балалар «Мұғалім ол біздің» атты әнді қалай орындадық? Жеке айттық па? Әлде топ болып, ұжым болып орындадық па? Әрине ұжым болып , яғни хор болып әнді орындадық . Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Хор өнері .

4. Жаңа материалды меңгеру.
Балалар қазір хор ұжымының орындауында шығарма тыңдайық мұқият болайық , қалай орындап жатыр екен өз ойларымызды ортаға саламыз .
Музыка тыңдау: «Айналайын» балалар хорының орындауында «Отаным сен үшін» атты әнді тыңдау .
Музыка сауаты: Балалар, ән қай екпінде орындалды? Әнді кімдер орындады? Балалардың орындау техникасы ұнады ма? Неше бала орындады?
Әрине бұл әнді аралас хор ұжымы орындады. Сонымен ,хор дегеніміз көп адамның қосылып ән орындауын атаймыз. Барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір – бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады. Ауылда апа – әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын – тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді. Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар – жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.
Халықтық хорлар көп халықта бар. Олар орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар ел ішінде кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды. Енді балалар орынымыздан тұрып сергіту сәтін жасап алайық.
5.Сергіту сәт- кішкентай балапандар биі
Экранға назар аударайық, келесі хор ұжымының орындауындағы шығарманы тыңдайық.
«Елігай» балалар хорының орындауында – Город мой әні .
Балалар бұл аралас хоры және бұл хор шығарманы симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен орындады.
Хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар. Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды. Олар: сопрано және альт – әйел дауыстары, тенор және бас – ерлер дауыстары.

6.Сабақты қорыту .
Мұғалім : балалар, бүгін біз сабаққа қандай жаңа ұғыммен таныстық? Балалар : хор жайлы өттік.
Мұғалім : Хордың қандай түрлері болады?
Балалар : Аралас, бірыңғай хорлар, әйелдер хоры, ерлер хоры, балалар хоры.
7.Бағалау .
Мұғалім : Барлығында бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Енді мен сендерге күлімсіреген смайликтер таратамын. Күлімдеген күндей жарқырап, ән салып жадырап жүре берейік. Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар.
«Айгөлек» әні ойналып оқушылар сыныптан шығады.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master