Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі және шығармашылық жолы

Қостанай облысы,Жангелдин ауданы
«Болат Хамзин атындағы өнер мектебі»
Пәннің атауы: Әлем музыка әдебиеті
Өтетін орны: Теория кабинеті
Пән оқытушысы: Ниязалина Гаухар Наримановна.
Сабақтың тақырыбы: Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі   және шығармашылық жолы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға С.В. Рахманиновтың өмірі мен
                           шығармашылық жолымен таныстыру.
2.Міндеті:        Оқушыларға тақырыпты меңгерту.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуқабілеттерін    дамыту.
4.Тәрбиелігі: Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, телевизор, стикерлер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:  (амандасу, түгендеу, күнді белгілеу.)
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Александр Николаевич Скрябиннің шығармашылығына шолу жасау.
«Бос микрафон» стратегиясы бойынша.
Түсінік:Мұғалім оқушыларға микрафон арқылы сұрақ койып, жауабын алады.
  1. А.С. Скрябин қай жылы, қай қалада дүниеге келді?
(1871 ж 26 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеге келді).
  2.А.Н. Скрябин кім? (орыстың ірі композиторы, пианист).
  1. А.Н.Скрябин Кадет корпусында қай жылдары білім алды?
      (1882-1889 жылы білім алды).
  1. Скрябин Москва консерваториясының фортепьяно класы бойынша
        қай    жылы профессоры болды?(1898 жылы).
  1. А.Н. Скрябин оркестрмен фортепьяноға арнап қандай поэма     
        жазды?(«Прометей»).
  1. А.Н. Скрябиннің ең жақын досы?(Лядов).
  2. А.В. Скрябин алты жылдан астам уақыт қай елдерде тұрып қызмет
         жасаған?    (Швейтцария, Италия, Франция).
  1. А.В.Скрябиннің анасы қандай аспапта шебер ойнаған?(фортепьяно).
  2. 1888 жылы қай қалаға оқуға түседі?
      (Мәскеу консерваториясына оқуға түседі).
   10.А.В. Скрябин қай жылы, қандай ауруға шалдығып дүниеден       
        өтеді?(1915 жылы, 14 сәуірде қан ауруына шалдығады).
Сұрақтар арқылы үй тапсырмасы пысықталады. Рахмет өте жақсы дайындықпен келген екенсіңдер, олай болса бүгінгі жаңа сабағымызды «Мюстенберг әдісі»  арқылы бастайық.
Апрооллллдлллсергейьббюююююм
мииттььббаолддвасильевичфывапролдж
рахманиновфываваппрроооллллапр
рооөміріиттьььбббменьбюжжәнепроол
лдшығармашылықячсмить жолыитььббб
Түсінік: тақтадағы адасқан әріптерден бүгінгі тақырыпты оқушылар табады.
Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі және шығармашылық жолы.
«Идеялар себеті» стратегиясы
Түсінік: оқушылар жаңа тақырып бойынша өздерін толғандыратын ойларын себетке стикер арқылы жапсырады.
      С.В. Рахманинов-көрнекті орыс композиторы , көркем орындаушылық өнердің биігіне көтерілген талант иесі, атақты пианист, дирижер.
      С.В. Рахманинов 1873жылы 20 наурызда орташа дәулетті отбасында Новогород губерниясының «Онег» деген жерінде өмірге келген. Алғашқы музыка сабақтарын төрт жасында өзінің туған анасынан алады.
 80-жылдардың бас кезінде Рахманиновтар отбасы Петербургке қоныс аударды. Өсе келе Сергей  Петербург консерваториясына В.В.Демянскийдің  класына оқуға түседі. Алайда ұстазының оқушы талантын менсенбеуінен Сергейдің оқуға деген қызығушылығы болмайды.
1885 жылы Рахманиновтар отбасы атақты пианист А.И.Зилотидің ұсынысымен баласын Москва консерваториясыны оқуға береді. Осы кезден бастап Рахманинов музыкалык білім жолына түседі. Бастауыш сыныптарға сабақ беретін Н.С.Зверевтің курсына қатысады. Ол оқушылардың фортепьяно аспабын игеруін ғана қадағаламай жан-жақты дамуы үшін түрлі концерт, спектакльдерге, музыкалы кештерге кызығушылыгын оятады.
       1888 жылы Сергей консерваторияның жоғарғы курсына ауысып, Зилотиден дәріс алады. Осы кезден бастап жас музыканттың бойынан композиторлық қабілеті анықталады.
       Талапты жас қиын жағдайда өмір сүрді. 80-жылдары болашақ композитордың ата-анасы айырылысып, Москвадан көшіп кеткен. Композиторлық шығармашылықпен айналсуға мүмкіндігі болмай, Рахманинов «Зверев» үйінен қоныс аударып, В.А. Сатинаның (әкесінің қарындасы) қолына көшеді. Кейін консерваторияда бірге оқыған жолдастарымен пәтер жалдап тұрады. Өзі шығарма жазып, өзге композиторлардың туындыларын фортепьянода ойнауға лайықтап, дәріс беріп, концерттік қойылымдар үшін қаламақы алып күнін көреді. Консерваторияны аяқтағаннан кейін көптеген музыкалық білім ордаларында ұстаздық және инспекторлық қызмет атқарады.
       1892 жылы С. Рахманинов консерваторияны композиторлық мамандығы бойынша аяқтайды.
1897 жылы «Ән шырқама, сұлу қыз», «Арал», «Көктемгі су» туындыларынан тұратын үш дәптер романс жазады. 1897 жылдан С. Рахманиновтың кәсіби дирижерлік  қызметі басталады. Осы кезеңде атақты әнші Ф. Шаляпин екеуінің арасында достық орнап, олар айырылмас дос болады. 1906 жылдан бастап ол фортепьяно мен виоланчельге арналған соната, Некрасов сөздеріне жазылған  «Көктем» кантатасы, 21 романс, 23 прелюдиялық шығармалары, «Сараң рыцарь» операсы және «Франческа да Римини».
   Рахманинов Москва, Петербург және көптеген Ресей қалаларында концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді.  Өзінің отбасымен Швецияға аттанып, біраз уақыт Францияда болған Рахманинов 1918жылы АҚШ-қа қоныс аударады. Еуропадағы тұрақты мекені ретінде Швейцарияны таңдайды. Сыртта жүріп композитор он жылдай уақыт ештеңе жазбайды. Ол туралы композитор: «Ресейден көшкеннен кейін мен шығарма жазуға деген қабілетімнен айырылдым. Отанымнан ұзаған соң өзімді өзім жоғалттым», – дейді.
        Шығарма жазуға қабілеті Рахманиновқа 1926жылы  оралады. Сол жылы ол төртінші концерті  мен «Оркестр мен хорға арналған үш орыс өлеңін» жазады. 1940жылы композитор өзінің ең соңғы шығармасы-оркестрге арналған «Симфониялық би» жазды. Екінші дүниежүзілік  соғыс жылдары  Рахманинов жан күйзеліске ұшырайды. Отанынан алыста болған  композитор орыс халқының тағдырына қатты күйінеді. Әрбір жеңілген шайқас, немістердің әрбір жаулап алған қала, облыс туралы хабары оған оқтай тиеді. С. Рахманинов бірқатар концерттер беріп, жиған-тергенін КСРО әскерінің қорына жібереді. «Жеңіске сенгім келеді, сенемін»,-деп жазады. 1943жылдың 28 наурызы күні қатты науқастанған композитор дүние салады.
Жаңа сабақты бекіту: «Дана үкі» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс
Түсінік: мәтінді екі топқа бөліп беремін, әр топтан бір оқушы шығып бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға бөліседі.
Сергіту сәті: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеру барысында, өз ойларын ақ қағазды басына қою арқылы  қаламмен өзеннің , гүлдің , кітаптың суреттерін салу арқылы сабақты қандай деңгейде түсінгенін анықтау.
Сабақты қорытындылау: алған білімдерін өй елегінен өткізу үшін оқушыларға «Арба арбакеш» әдісін пайдаланамыз.
Түсінік: 2 топ сұрақ-жауап арқылы жауап береді.
  1. С.Рахманиновтың кәсіби дирежерлік қызметі қай жылы басталды?
1.1897 жылы басталады.
2.1943 жылы 28 наурызда қандай оқиға болды?
2.С.Рахманинов қатты науқастанып дүние салады.
3.С.Рахманинов 1918жылы?
3.АҚШ-қа қоныс аударады
4.1892 жылы С.Рахманинов?
4.Консерваторияны компазиторлық мамандық бойынша аяқтайды.
5.1889жылы Рахманинов концерттік сапармен кай елге барады?
5.Лондонға
 Мұғалім сабағын бағалау.
1.Қазіргі сабақтан не күтесіз?
2.Неге сенімдізсіз?
3.Мақсаттарыңыз қандай?
4.Нәтиже?
Үй тапсырмасы:Сергей Васильевич Рахманинов өмірі және     шығармашылық жолын оқып, мазмұнын айту, басқа да                                                                     деректер жинау

 

Сабақтың презентациясын көру

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master