«Ерейментау аудандық білім бөлімі» ММ

«Еркіншілік орта мектебі» КММ

Исатаев Бейбит Толеутайевич

физика пәні мұғалімі

Физика және астрономия-табиғат туралы ғылымдар

 Мақсаты:

Білімділік:  Тәжірибе  барысында оқушылардың  физика  пәнінен  білімдерін  толықтырып жетілдіру.

Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау, бақылау, зерттеу, құрал- жабдықтарды ұқыпты  пайдалану қабілеттерін  дамыту

Тәрбиелік:  Оқушылардың  физика пәніне деген қызыушылықтарын арттыру.

Бірінші сабақты келесі жоспар бойынша өткіземін

  1. Мұғалімнің сөзі
  2. Қызығушылықтарын арттыратын тәжірибелер
  3. Аспапты өз қолымызбен жасау.

Сабақтың түрі: тәжірибе сабағы /дәстүрлі емес/

Сабақтың әдістері:  бақылау, зерттеу, тәжірибе жасау.

      Құрал- жабдықтар: айна,кефир шынысы, шырпы, қағаз,бір түйір піскен жұмыртқа, жалпақ тарелка, су, тиын, қағаз, шұңғыл ыдыс, ермексаз, газет, сызғыш.

Мұғалімнің сөзі: Біз сендермен қызықты және қажетті ғылым физика пәнін оқуға кірісеміз. Оқу барысында талай кереметтермен танысасыңдар.

Физика грек сөзі, қазақшаға аударғанда «табиғат» деген мағынаны береді. Физика жалпы табиғат құбылыстарын, ал астрономия аспан денелерін зерттейді.

«Физика»  деген табиғат,

Грек сөзінен  алынған

Ғылымға  қажет жаңалық

Осы сөзден табылған

Қоршаған барлық дүние

Табиғатты құрайды

Сарқылмас оның сырлары

Өзгеріп тұрар ұдайып.

Физика техниканың негізі,сондықтан ол туралы білім әр заманауи адамға қажет. Физиканы оқып білген адамның ой-қабілеті жүйеленіп, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Физиктер – білімге құмар адамдар, оларды айналадағы құбылыстардың  неліктен болатыны  және қалай болатыны қызықтырады.

Сендер айнадан өз бейнелеріңді көрген боларсыңдар,кәне кім айнаға келіп өз бейнесін көргісі келеді . Бір оқушы шығып бейнесіне қарайды, нені байқадың? Дұрыс , оң жақ қолың  сол жақта болды, сол жақ қолың  оң жақта. Ал қазір сендер, оданда кереметтерге куә боласыңдар. Мұқият болып, тәжірибелерге зер салыңдар .

Оқушылардың  қызығушылықтарын арттыратын  тәжірибелер:

Оңай көрсетілетін таныс  тәжірибелерді  жасаймын

  • Кефир шынысының  ішіне қағаз жағып салып,  оның аузына  аршылған  піскен  жұмыртқаны тез қоя саламын, ол  бірте- бірте  шынының  ішіне  тартылып барып  түсіп кетеді.
  • Тарелкаға тиынды салып, оның  беттік  деңгейінен сәл  ғана асатындай су құйылады.  Қағазды жағып стакан  ішіне саламын, стаканды  тезірек тиыннің жанына тарелканың ішіне төңкереміз.

Қағаз сөніп стакан ақ  түтінге толады  да,  тарелкадағы су оның ішіне жиналып,  тиын бұрынғы  орнында құрғақта қалады. Осы тәжірибе  барысында су ішіндегі тиынды  қолды  ылғалдамай   қалай алуға  болатыны байқалады.

  • Үстелдің үстіне шетін онымен  бірдей  етіп  газет жайамын. Оның астына орта тұсына  келетіндей етіп  кәдімгі ағаш сызғыш  қоямын. Сызғыштың  ұзындығының 2/3- сі  газеттің астында қалып 1/3-і үстелдің  шетінен шығып  тұрады.

Сызғыштың шетінен жұдырықпен қойып  қалам, қағаз орнынан қозғалмайды, соққы қатты болса сызғыш опырылып кетуі мүмкін.

  • Ыдысты суға толтырып, ермексаздан қайық жасап, ыдыстағы суға салдым.  Қайықты судан алып, бауырсақ  сияқты  домалақтатып  суға салдым.  Олардың суға  батпағанын байқадық.

Қызықты? Иа балалар!

Кейбіреуі  сіздерге түсініксіз,  себебін де білмейсіңдер,  бірақ физика пәнін оқу  барысына міндетті түрде себебімен заңдылығына сүйсінесіңдер, бара- бара көп тәжірибені сендер көрсетіп, оларды бізге түсіндіресіңдер.

 

 

III  Аспапты өз қолымызбен жасау.

Ал  енді бүгін сендер өз қолдарыңмен аспап жасайсыңдар. Оның сызбасы тақтада көрсетілген ( тақтада аспаптың жарты бөлігі сызылған)

Сызбаны ашып ондағы жазылған  белгілерді  түсіндіріп, оқушылардың назарын  бүгілетін,   қиятын  сызықтарға  аударамын.

Сөйтіп «Аспаптың» дайын моделін көрсетемін- ол тік  ұшақ

Қане өздерің  істеуге кірісіңдер

(Оқушылар жұмыс істейді)

Енді көрсетіңдер не шықты. Керемет!

Ал , орыңдықтарыңа тұрыңдар. Өздерің істеген  аспаптарыңды қолдарыңа алып  мүмкіндіктеріңше созылып жоғарыға көтеріліңдер, тік ұшақтарыңды жіберіңдер, оның ұшуын  байқаңдар

Ұнады ма?

Кейін оқушыларға,  алдын  ала дайындаған параққа жауап жазуларыңызды сұраймын

  1. Тік ұшақ туралы не білесіңдер?
  2. Аспап жасап оны ұшырғанда қандай әсерде болдыңдар?

 

Физика ғылым  тұғыры,

Таласы жоқ бұл күнде.

Физикасыз, айтшы сен,

Түсіндіру мүмкін бе?!

Электр шамы жануын,

Мұндайды  жерден алдың,

Заңдары қандай болады,

Ғимараттар салудың?

Теледидар көруіңді,

Интернеттегі шеруіңді

Көтергіш кран жұмысын,

Шеге қаға білуіңді,

Жерде жүрудің өзін де,

Айдың жақындауын көзіңе,

Айшықтанды қай ғылым,

Жүр, бала,соны сезіне.

Жету үшін табысқа,

Ұшу үшін алысқа,

Оқу керек, достарым,

Физика деген ғылымды

Деп бүгінгі кіріспе сабағымыз  да аяқталды.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master