Зат құрылысы тарауы бойынша PISA тесттік тапсырмаларын физика сабақтарына енгізу жолдары

Алматы облысы

Қаратал ауданы

Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар  орта  мектебі 

«Физика  сабағында функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»

Тақырыбы: «Зат құрылысы тарауы бойынша PISA тесттік  тапсырмаларын физика  сабақтарына  енгізу жолдары»

Рымбекова Айжан Мухтаровна

   Физика  пәні  мұғалімі,

үшінші (базалық) деңгей

 

Мақсаты: Шебер-сынып  қатысушыларына PISA тестілеу  тапсырмаларын  физика сабақтарына  енгізу  жолдарын қарастыруға, оның  оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  арттырудағы  маңызын түсінуге  ықпал  ету.

Күтілетін  нәтиже Шебер-сыныпқа қатысушылар PISA тесттік  тапсырмаларын физика  сабақтарына  енгізу  жолдарын  қарастырып, оның оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттырудағы  маңызын  түсінеді

Мақсаты бағытталған аудитория:  мұғалімдер

Жетекші идея    PISA халықаралық зерттеуі

Функционалдық  сауаттылық

 

Ресурстар    Презентация  «PISA халықаралық зерттеуі»

PISA тесттік  тапсырмалары

Құрал  жабдықтар  Интербелсенді  тақта, маркер, скитер, постерлер, презентация. Интернет желісіне  қосылған  ноутбуктер,  үлестірмелі  материалдар

Жұмыс кезеңі

Кіріспе бөлімі

Кезең мазмұны Қатысушылар іс әрекеті Уақыты Ресурстар
Сәлемдесу   Жағымды көңіл күймен  шебер-сыныпқа  қатысушыларымен  сәлемдеседі 2 мин  
Топқа  бөлу   Коуч  қатысушыларға жауаптар  жазылған  қима  қағаздарды алып, жауаптарға  сәйкес  топтарға  бөлініп, орындарын  тауып, рөлдерге бөлінуге  тапсырма  береді. Қатысушылар  қима қағаздарды  алып, жазылған  жауаптарға  сәйкес  келетін «ИЯ/ЖОҚ», «ТЕСТ», «ЛОГИКАЛЫҚ  ЖАУАП»  топтарындағы  орындарына  жайғасып, рөлдерге  бөлінеді 6 мин  
«PISA халықаралық зерттеуі»

Презентациясын  көрсету

  Коуч коучинг  қатысушыларының  назарына  «PISA халықаралық зерттеуі»

Презентациясын  ұсынып, зерттеулердің  мақсатымен, Қазақстандық  оқушылардың  нәтижесімен  таныстырады

5 мин  
PISA тапсырмаларын  орындау   Коуч қатысушыларға  топ  аттарына   сәйкес  PISA  тапсырмалары  берілген  үлестірме  қағаздарды  таратып, топта  талқылай  отырып  шешуге  үсыныс  береді. Қатысушылар  топта  бір-бірімен  талқылай  отырып, тапсырмаларды  орындап, басқа  топтарды  нәтижелерімен  таныстырады 10 мин  
Сергіту  сәті   Қатысушыларды  шеңбер  бойына  тұрып, «Қалалар» ойынын ойнауға  ұсыныс  тастайды. Қатысушылар шеңбер  бойына  тұрып,  ойын  ережесіне  сәйкес қалалардың  аттарын  атайды 2 мин  
Презентация  әзірлеу және  қорғау   таратып  беріп, топ  атына сәйкес тақырыпта презентация  құрастырып, оны  қарсы  топтарға  назарына  таныстырып,  шешуге  ұсыныс  береді. Қатысушылар интернет  желісін  пайдалана  отырып,  талапқа  сәйкес презентациялар  құрастырып,  оны  қарсы  топтарға  шешу  үшін  назарларына  ұсынады 15 мин  
Қорытындылау   Сыни тұрғысынан  ойлаудың «5+5+1» әдісі  бойынша коучингті  қорытындылайды:

Бүгінгі  шебер сынып  жайлы  5 сөйлем  жазу

5 сөзге  дейін  қысқарту

1 сөзге  дейін  қысқарту

5 мин  

 

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master