«Мен баламды қаншалықты білемін ?»

Шарван Умарқызы Бакилова

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Таусүгір орта мектебі КММ

Оқушылардың ата-аналарымен  жиналыс.

«Мен баламды қаншалықты білемін ?»

Ата-аналар жиналысын жасалып  «Кімнің баласы ?» бейнеролик көрсете отырып, треннинг өткізілді.

Күн тәртібінде:

1.Оқу жылының жоспарымен таныстыру.

  1. «Кімнің баласы» бейнеролик көрсет. Бейнефильм бойынша топ болып бөлініп,пікірлерін білдіру.

3.Сауалнама «Мен баламды қаншалықты білемін?»

Сыныпта барлығы 16     Жиналысқа  13 ата-ана келді.

1-ші мәселе бойынша Оқу жылының жоспары туралы қазіргі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдердің қаншалықты өзгеріс әкелетінін әңгімелеп өттім.

2-мәселе бойынша 2-топқа бөлініп, бейнероликті көріп, талдады.

Пікірлесу тартымды өтті.1-ші топтан Ата-ана К апай « Шыныменде біз ата-аналар өз балаларымызға көңіл көп бөле бермейміз,оны мойындаймыз. Баланы дүниеге әкелген соң оның өміріне жауаптымыз.»

2-ші топтан Ата-ана А  «Бүгінгі бейнефильмде көргеніміздей баланың ішкі ойымен санаспаймыз.Оларды бала ретінде ғана қабылдаймыз. Менің ойымша баламен дос ретінде ой бөлісуіміз тиіс. Бүгінгі Шарванның бізді таныстырған бағдарлама мақсатын құптаймын.»

2-топ бір-бірін Фидбэк әдісімен бағалады.

Сауалнаманы толтырды. Жиналыс соңында кері байланыс жасалды.

 

 

 

3-  сынып жетекшісі Бакилова Шарван

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master