Төрт түлік малдың қадір-қасиеті

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Исмайлова Конырша Сегизбаевна

Білім беру саласы:   Тіл дамыту,  Қоршаған орта

Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік малдың қадір-қасиеті»

Сабақтың мақсаты: Балалардың  төрт түліктің  адам өміріне пайдасы және тұрмысқа қажеттілігі туралы әңгімелесу  арқылы,  білімдерін  бекіту. Балалардың үй жануарларына деген сүйіспеншілігін арттыру және төрт түлікке мейірімділікпен  қарап, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, тілін, сөздік қорын байыту. Балалардың  білімін жаңа технологиялармен байланыстыру.

Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, бейне суреттер, жайлаудың суреттері, құрт, қамшы, жүннен тоқылған киімдер, сусымалы  тағамдар, ақсүйек.

Әдіс-тәсілдері:  Түсіндіру, әңгімелеу, үйрету,  сұрақ-жауап, мадақтау,ойын  ойнау.

Сабақтың  жүрісі:

Балалар бізге бүгін  көптеген  қонақтар  келіп отыр. Алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Балалар  қонақтармен  амандасады:

Армысыз қайырлы күн!

Армысыз қайырымды аспан!

Армысыз, қайырымды жер ана!

Армысыз, шұғылалы  алтын күн!

Салеметсіздер ме қонақтар!

 

Шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге  жылы  тілектерімізді  арнайық:

 

Біз қандаймыз  қандаймыз,

Шұғылалы  таңдаймыз,

Күлімдеген  күндейміз!

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күндерге!

Осы  кезде  сырттан  шу  естіледі.

Тәрбиеші: – Балалар,  бір  дыбыс  естіледі,  бұл  не  екен?

Ішке  шопан  ата  келеді (қасында жылқы, түйе, сиыр, қой) : Өрістен  келе  жатырмын.  Жол  бойы  төрт  түліктер  дауласып,  «Адамға  ең  пайдалысы да,  қажеттісі  де  менмін»  дейді.

Төрт  түліктің  айтысы:

  1. Мен сиырмын,  сиырмын,

Адамдарға  қажетпін!

Бақайларым  сартылдап,

Мүйіздерім  жалтылдап,

Ұзын  тілім  үйіріліп,

Танауларым  шүйіріліп,

Айран-сүттің  көзімін,

Ірімшік,  сүзбе,  қатық  ұйытқан!

  1. Мен жылқымын,  жылқымын,

Мен  адамдарға  қажетпін!

Күш-жігерім,  қайратым,

Мен  жүйрік  тұлпармын!

Жесең  етім  қазы-қарта,

Қымызым  ішсем  емге  дауа!

Жал-құйрығымнан  арқан  ескен,

Жылқы  деген  мал  екен,

Жеті  қазынаға  жатқызған!

  1. Мен түйемін,  түйемін,

Төрт аяғын  тең  басқан.

Екі  өркешін  қом  басқан!

Мінсең  көлік  боламын,

Мен  адамға  қажетпін!

Ішсем  сүтім  шөл  басқан,

Құртым  менің  сарсуым,

Таңдайға  тіл  үйірген!

  1. Мен қоймын,  қоймын,

Мен  адамдарға  қажетпін!

Құйрығым  майлы  қазандай,

Жібек  жүнді  жануармын!

Апппақ  қою  сүтім  бар!

Ақ  шағала  құртым  бар,

Ақтылы  қой  жануар,

Мал  өсірсең  қой  өсір,

Өнімім  менің  көл  көсір!

Тәрбиеші: – Айналайын  төрт  түлік!  Адамға  барлығыңда  қажетсіңдер!  Сенбесеңдер  тыңдаршы,  балалар  сендер  туралы  не  білетіндіктерін  айтып  көрсін.

Балалар  төрт  түлік  малдың  қасиетіне  тоқталады:

1-топ төрт  түліктің  мінсе  көлік  екендігін  түсіндіреді.

2-топ төрт  түліктен алынатын сүт  өнімдері туралы айтады.

3-топ төрт түлік жүнінен алынатын киімдерден сән үлгісін  көрсетеді.

4-топ қамшы өреді.

(Бейнекөріністер  көрсету)

Балалар  тоқпақтар:

  1. Бұл жылқы  жиын-тойдың  көркі  екен,

Бәйге,  көкпар,  доданың  төресі  екен!

Қазы-қарта,  жал-жая,  қымыз-саумал,

Астың  таңсық  пайдасы,  дәмдісі  екен!

  1. Атта қамшың  болмаса  қолға  ұстаған,

Жүрмес,  жуас  жабыда,  көнбес  саған!

Ата-бабам  біреу  жөн  сұрай  қалса,

Ат  үстінен  қамшымен  жол  нұсқаған!

Тәрбиеші (бейнекөрініс  көрсетіледі):

Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Кезінде ата бабамыз көшіп қонып жүріп, малына жайлы қоныс іздеп қыста қыстап, көктемде табиғаты қолайлы жерге  малы күйлі болсын деп  қоныстанған. Олардың бабын тауып, қадір қасиетін, ерекшелігін білген. Төрт түлік малымыз жүрсе көлігі, ішсе сүті, жесе еті, адамға серігі болған.   Мүйізінен тарақ жасаған. Жылқының  жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі. Жүнінен киімдер тоқып, киіз басқан. Ата-бабамыздың  баспанасы  киіз  үйдің  жабдықтарыда осы  малдың  жүнінен  дайындалады. Сондықтан да қазақ халқы төрт түлік малды қастерлеген.

Шопан ата балаларды  қонаққа  шақырып, қоштасып,  төрт  түлік  малдарды  ертіп  шығып  кетеді.

Тәрбиеші:- Балалар,  бізде  таза  ауамен  дем  алып,  жайлауға  шопан  атаның  үйіне  қонаққа  барайық.

«Жайлауға жол»  релаксация жұмысы.

Балалар көздерін жұмып,  тынығады.

Мақсаты: бір мезгіл тынығу, уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту. (Баяу, жағымды музыка ойналады).

  • Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық.

Біз  үлкен жолдың бойымен жайлауға шопан атаның үйіне келе жатырмыз. Жолдың екі жағы жап-жасыл шөпке, қызылды- жасылды гүлге толы. Қандай әсем табиғат! Ағаштардың жапырағы жайқалып тұр. Жердің бәрінде қызғалдақ гүлі. Қызғалдақтың түсі қызыл, сары. Кілем сияқты құлпырып жайнап өсіп тұр. Қандай әдемі гүлдер!  Құлағымызға бұлақтан сылдырап аққан судың дауысы келеді. Бұлбұл құстардың сайраған әні құлағыңа естіледі. Міне, алыстан шопан атаның үйі де көрінді. Біз шопан атаның үйіне жақындадық.

Терең дем алып,  көзімізді ашайық.

Төрт түлік малдың дауысы естіледі.

Балалар ата мен әжемен  амандасады.

  • Сәлеметсізбе, ата, әже!
  • Амансындар ма, қарақтарым.
  • Мынау қай балалар?
  • Біз «Жұлдыз»  бөбекжайының  балаларымыз.
  • Ой, жарайсыңдар балаларым, келіңдер, төрлетіңдер!
  • Хал-жағдайларыңыз, мал-жандарыңыз аманба?
  • Біз бүгін жайлауға сізге қонаққа, сіздердің жай-күйлеріңізді білуге, төрт-төлік  малдың жай- күйімен тереңірек танысуға келдік.

Ата: – Балаларым! Биыл  біз төрт түлікке  табиғаты  қолайлы  жайлауға «Құмтөбеге»  келіп  қоныстандық. Құмды  өлке  төрт  түлік  малға жайлы  өріс. Жайлаудың  табиғаты  тамаша,  ауасы  тап-таза,  еркін  демалыңдар!

Жайлауда  ойын  ойнап  дем  алу:

Д.о: «Не  қалай  дыбыстайды?»

Қ.қ.о: «Ақсүйек»

Би: «Домбыра»

Балалар  ата  мен  әжемен  қоштасып,  көңілді  «Қошақаным»  әнін  орындай  жүріп,   бөбекжайға  оралады.

Тәрбиеші  балаларды  жайлаудан  көрген,  білгендерін  жұмыстарында  бейнелеуге  шақырды.

1 топ   жайлауға  төрт  түлікті  орналастыра  отырып,  төлдерін  табу.

2 топ  дәнді  дақылдардан  жайлау  көрінісін  бейнелеу

3 топ  жарма  ұнтағына  төрт  түліктің  ізін  түсіру.

Балаларды  мадақтау.

Балалар  қонақтармен  қоштасады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master