Биологиядан 6 сынып зертханалық жұмыстар

№ 1 Зертханалық жұмыс

Споралы және тұқымды өсімдіктерді қарастыру

Мақсаты : споралы және тұкымды өсімдіктерді салыстыру,олардың неліктен мұндай топтарға  бөлінетіндіктерін  анықтау. Өсімдіктердің мүшелері  туралы  түсініктерді бекіту.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: қырықжапырақтар тәріздес  өсімдік-тердің, гүлді  өсмдіктердің, көкек мүгінің кеппе өсімдіктері, кәдімгі қарағай-дың өркені мен бүрлері.

Жұмыс барысы және нәтижесі:

І. Мүктердің  құрылысымен танысу. нәтижесі

1.Көкек  мүгінің  сыртқы құрылысын  қара.

2.Мөлшері  мен жапырағының орналасуын, олардың түсін,  сабагының түрі (жапырақты және жапырақсыз), бұтағы мен гүлдерінің болуын анықта.

3.Мүктердің балдырлардан қандай айырмашылығы бар? Барлық қорытындылар мен бақылауларды төменде берілген кестеге толтыр.

ІІ. Қырықжапырақтар тәріздестердің  құрылысымен танысу.

1.Қырықжапырақтар тәріздестсрдің тамырын және тамырсабағын кеппе өсімдіктерден  тап.

2.Қырықжаырақтар тәріздестердің жапырағын төңкеріп, астындағы споралы  қоңыр төмпешіктерді  қара.

3.Қырықжапырақ  тәріздестердің мүктерден   айырмашылығы  неде?

ІІІ. Қарағай  өркенінің құрылысымен танысу. Олар қалай аталады?

1.Қарағайдың өркенін  қара. жапырақтарын тап.

2.Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының  біреуін и жеке бөліп алып, тұқымның  орна ласуына және сыртқы құрылысына назар аудар.

3.Тұқымына көңіл бөл. Тұқымның жел арқылы таралатын қанатшасын тап.

4.Осыған дейін қарастырып өткен өсмдіктерден қарағайдың қандай айырмашылығы бар?

Гүлді  өсімдіктердің құрылысы.

1.Үлестірілген кеппе  өсімдіктерді  қарап, оларды ң бөлімдерін  анықта.

2.Басқа өсімдікпен  салыстырғанда, қандай мүшесі  пайда болды?

 

 

Кестені толтыр және оның негізінде қорытынды жаса.

 

Өсімдік топтары Жапырағы

СабағыТамырыГүліЖемісіТұқымыКөбеюіҚұрылысының күрделену

ерекшелігіМүктер

Қырықжапырақ-тәріздестер        Кәдімгі қарағай

Гүлді өсімдіктер

 

 

Қорытынды :

Қандай өсімдіктерді споралы өсімдіктер деп атаймыз

________________________________________________________________________________________________________________________________

Барлық өсімдіктерге тән ортақ қасиет?

_______________________________________________________________________________________________________________________________

Қандай өсімдіктерді   тұқымды өсімдіктер деп атаймыз?

_____________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.

Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Құрал-жабдықтар:  микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа),

Жұмыстың барысы:

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

Сұрақтар  мен  тапсырмалар

1.Суреттегі  микроскоптың   бөлімдерінің  аттарын  көрсетілген  сызықтардың  тұсына  жазыңдар              _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

Микроскоп

1. Жарық түсіру
2. Көзбен қарау
3. Көру түтігін қозғау
4. Затты қарау
5. Көру түтігінің бекітілген жері
6. Қарайтын затты орналастыру
7. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі
8. Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі

2.Атқаратын  қызметіне қарай микроскоп  бөлімдерінің  аттарын кестеге толтырыңдар.

 

 

Проблемалық  тапсырмалар

 

1. Пияздың  қабығын  неге  иодпен  бояйды? __________________________

_________________________________________________________________

Қорытынды:

1. Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай?_____________________________

_____________________________________________________________________________

2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.________________________________

№ 3-зертханалық жұмыс.

 

Тақырыбы:Пияз  өңінің,жапырақ эпидермисінің микро препаратын  даярлау

Мақсаты: Пияз  өңінің,жапырақ эпидермисінің микро препаратын  даярлауды үйрену

Құрал-жабдықтар:  микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су

Жұмыстың барысы:

 

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

Препарат  инесімен  пияз  қабыршағының  ішкі  мөлдір  өңінен  абайлап  кішкене  үзік  алыңдар.

Оны  су  тамшысына  батырып,  ине  ұшымен  жаймалап  жазыңдар.

Препаратты  иод  ерітіндісімен  бояңдар.

Бұл  үшін  микрообъектив  жанынан  заттық  шыныға бір  тамшы  иод  тамызыңдар.

Артық ерітіндіні  сүзгі  қағазбен екінші  жағынан  сорғызып  алыңдар.

Боялған  препаратты  микроскоппен  анықтап  қараңдар. Қандай  өзгеріс  болды?

Нәтижесі:

І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.

Препаратты жабын шынымен жабады
Пияз қабығын аршиды
Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады
Зат шынысына су тамызады
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
Препаратты зат үстелшесіне орналастырады

 

Проблемалық  тапсырмалар

  1. Оқушы  зерттеу  жасау  үшін  ағаштан  үзіп  алған  жапырақты  микроскоппен  қарай  бастады. Бірақ  ол  күңгірт  жасыл  сызықтан  басқа  ештеңе  көре  алмады. Ол  неден  қателесті?
    1. а) жарықты  дұрыс  қоймады;
    2. б) үлкейтіп  қарау  керек  еді;
    3. в) жұқа  қабығын  сылып  алып  қарау  керек  еді;
    4. г)  жапырақты  бояумен  бояу  керек  еді.

 

 

№ 4-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Элодея жапырағын  жапырақ өңін мысалға алып, өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу.

Мақсаты: Элодея жапырағын  жапырақ өңін мысалға алып, өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп ,зерттеу жұмысын жүргізудегі практикалық дадыларды қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар:  микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су

Жұмыстың барысы:

 Жапырақ  клеткаларындағы  пластидтерді  микроскоппен  көру

Эллодея  жапырағы  клеткаларынан  препарат  әзірлеңдер.

Бұл  үшін  жапырақты  сабақтан  бөліп  алып,  оны  заттық  шыны үстіндегі  бір  тамшы  суға салыңдар  да  жабын  әйнекпен  жабыңдар.

Препаратты  микроскоппен  анықтап  қараңдар.

Клеткадағы  жасыл  денешік  – хлоропастарды  табыңдар.

 

Орындалатын тапрсырмалар:

  1. Өсімдік жасушасының микроскоптағы  пішініне көңіл аудару
  2. Жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.
  3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару.

Кестені  толтырыңдар.

 

Жасушаның құрылысы

 

Жасушаның құрылысы

Атқаратын қызметі

Көбеюге қатысады.
Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады. Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.  Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске бояйды.

 

2. Өсімдіктердің  әр  бөлімдерінің  түстері  неге  байланысты  болады?____

_________________________________________________________________

  1. Клетканың  қай  органойдында  қосымша  қоректік  заттар  жиналады?:

а) ядрода;       б)хлоропластарда;      в)вакуольде;         г) ядрошықта.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Пияз  өңінің  қабықашасы  мен  эллодея  жапырағының  құрылысының  қандай  айырмашылығы  бар?_______________________________________

_________________________________________________________________

2. Пияз    қабықашасы  мен  эллодея  жапырағының   қандай  ұқсатығы  бар? __________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

№ 5 Зертханалық жұмыс

Қосжарнақты және даражарнақты  өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын зерттеу

Мақсаты: тұқым құрылысын зерттеу, үрме бұршак пен бидай дәнегінің арасындагы айырмашылық пен ұқсастықты анықтау; Зерттеу жұмысын жүргізудегі практикалық дадыларды қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: үрмебұршақ, пен бидайдың құрғақ және өсқен тұқымдары, олардың өскшдері, микропрепарат «Бидай дәнегінің ұзына бойғы тілігі, (ұзынынан қақ; жарылған», қысқыш, ұлгайтқыш қол әйнек (лупа) және пышақ

Жұмыс барысы және нәтижесі:

 

 

1.Құрғақ және суға жібтілген үрмебұршақ тұқымын қара. Осы тұқымдардың ұзындығы мен енін сызғышпен өлше. Қай тұқым үлкенірек? Осыны сен қалай түсіндіре аласың?

 

 

Тұқым Ұзындығы Ені  Түсінік беру
Құрғақ тұқым
Жібітелген тұқым

 

 

2.Жібітілген тұқымның ойыстау жағынан қауызы мен тұқымкіндігін тап. Түсіндір. Тұқым қабығы (қауызы) ————————————–

——————————————————————————————-

3.Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) пышақпен қес, қабығын ал. Оның тұқым өміріндегі орны қандай?

 

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————

 

4.Тұқым қабығының астында ұрық болады. Оның сыртқы түрін қара. Тұқымды бойлай кескенде сен оның екі жарнақтан, бүршікше, сабақша, тамыршадан тұратындығын көресің. Көргеніңді сал және тұқым бөліктерінің атауын жаз.

 

1-             —————————————————————————————————————————————————–

2-             ——————————————————————————————————————————————————

3-             ——————————————————————————————————————————————————

4-             ——————————————————————————————————————————————————

5-             ——————————————————————————————————————————————————-

6-             ——————————————————————————————————————————————————-

 

5.Бидай дәнегінің құрғақ және жібітілген түрін қара. Жібітілген дәнектен сапты инемен тұқымның қабығын (қауызын) сылып алуға тырыс. Мұны жасау оңай ма екен? Неліктен?

————————————————————————————————————————————————————————————————————

 

6.Тұқымның ұрык (үшкір жағы) және тұқым жарнағының білеуленген белдігі орналасқан бөлігін тап.

 

7.  «Бидай дәнегінің ұзына бойғы тілігі» (ұзыннан қақ жарылған) микропрепаратын қара. Эндосперімігн тап Оған не жиналған?————————-

———————————————————————————————————

Ұрықты тап.Ол неден тұрады?——————————————————————

———————————————————————————————————

 

8.Үрмебұршақ тұқымы мен бидай тұқымының арасында ортақ қасиеттер қандай, айырмашылықтары неде? Ол неден тұрады?

 

Салыстыру белгілері

Өсімдіктің аттары

Үрмебұршақ

Бидай

1.Тұқым қандай бөлімдерден тұрады?
2.Ұрық қандай бөлімдерден тұрады?
3.Құнарлы заттардың қоры қайда жинақталған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 6  Зертханалық жұмыс

Тақырыбы:Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (асбұршақтың, асқабақтың, үрмебұршақтың және бидайдың).

Мақсаты: тамыр типтерімен танысу,тамыр жүйесін ажырату және оларды анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: кеппе өсімдіктер, үрмебұршақтың, бидайдың, пияздың сәбіздің өскіндері. Сабақ өсерден 10-15 кун бұрын пиязды батып туратындай етіп суы бар ыдысқа салып, ал сәбізді  топыракка көміп тастау.

Жұмыс барысы және нәтижесі:

1 .Үрмебұршак және бидай тұкымдарын  өсіру жұмыстарының нәтижесіне талдау.

Үрмебұршак және бидай  өскіндерінің  алғашкы даму барысында  қанша тамыр пайда  болады?           ———————————————————————————————————————

——————————————————————————————————————————————————-

Үрмебұршақтың тамыр жүйесінің дамуы мен бидайдың тамыр жүйесінің дамуында қандай айырмашылық бар?……………………………………………………………………………………………………………….

——————————————————————————————————————————————————

Үрмебұршақ пен бидайдың өсімдіктеріне тамыр жүйесінің қандай типі тән?

———————————————————————————————————————————————————————-

  1. Жаңа дамып келе жатқан пияздың басын алып кара. Тамыр жүйесінің типін анықта. Сызбаға оның кандай тамырлардан тұратындығын жаз.

 

 

3.Кеппеөсімдпстердің жинактамасынан шашакты тамыр жүйесімен  өсімдіктерді жина. Олардың  аттарын жаз

 

 

4.Сәбіздің тамыр жүйесін қара. Типін анықта.

5.Тамыр  жүйесінің  ерекше белгілері   туралы  қорытынды  жаса.

 

Кіндік- —————————————————————————————————————————————- ———————————————————————————————————————————————————————–

Шашақ –  ————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————–

 

№ 7  Зертханалық жұмыс

Тамырдың өсу аймағын анықтау

Мақсаты: Тамыр және оның өсу аймағы туралы  білімді калыптастыру; тамырдың кай  бөлімі  өседі; практикалык бақылау дағдыларын, байкауды қалыптастыруды жалғастыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: үрмебұршактың және бидайдың өскіндсрі, ұлгайтқыш әйнек, қағаз майлықтар,  ернеуі  жіңішке шағын  шыны ыдыс, мақта.

Жұмыс барысы және нәтижесі:

1.Үрмебұршактың немесе бидайдың жас өскіндерінің тамырына ең ұшынан бастап арақашыктығын бірдей етіп, каламмен белгі сал.

2.Шыны ыдыстың  ішкі қабырғасын  айналдыра  кағаз  майлықты  жапсырып  шық.

3.Кағаздың төменгі ұшы суға батып тұратындай етіп, шыны ыдыстың тубіне азғана су кұй.

4.Шыны ыдыстың аузына мактадан лайыкты тығын жасап, сол тығынның ортасына  өскің   сиятындай етіп  тесік  қалдыр.

5.Өскінді тығындағы  тесікке орналастыр, тамыры ыдыстың  ішіндс қалады, өскінді  суға тигізбеу керек. Өсімдік керек ылғалды кағаз майлық арқ ылы сіңіреді

  1. 3-4 күн бойы бақылау жүргіз. Не байкадың, дәптерге жаз.

 

7.Қорытынды жаса:

Тамыр   қай  бөлімнен  бастап  ұзарып өседі  және неге? –  —————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

№ 8  Зертханалық жұмыс

Тамыр түрөзгерістері

Мақсаты: Тамыр  түрөзгерістершін  зерттеу және олардың  сыртқы түрінің өзгеру

себептерін  анықтау.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: Сәбіз, қызылша, суреттер, ұлғайтқыш әйнек.

 

Жұмыс барысы және нәтижесі:

 

1.Жемтамырларды зерттеу.

 

Сәбіз  және қызылшаның  жемтамырларын   қара.

 

Негізгі  және жанама тамырларды тап.

 

Негізгі  тамырдың  ерекшелігі  неде? __________________________________________________________________________________   ______________________________________________________________________

 

2.Негізгі  тамырдың  жуандап өсуінің  мәні  неде? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

3.Мұндай түрөзгерістердің  қандай  өсімдіктерде байқалады? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

4.Тамырдын, тағы  қандай  түрөзгерістерін білеесің?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

5.Тамырдың  түрөзгерістерінің  себептері  бойынша  қорытынды жаса ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

   

№ 9  Зертханалық жұмыс

Өсу бүршігі және гүл бүршіктерінің құрылысы

Мақсаты: бүршіктің құрылысын зерттеу, олардың құрылысындағы ортақ және жеке белгілерін табу, салыстыру. Бақылау қабілеттерін қалыптастыру, бақылауды түсіндіру, жұмыс кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

Құрал-жабдықтар: ұлғайтқыш әйнек, әртүрлі өсімдіктердің өркендері, қысқыш, өткір ұстара.

 

Жұмыс барысы және нәтижесі:

 

  1. Әр түрлі өсімдіктердің өркендерін қара.

 

  1. Бүршікті өркеннен бөліп алып, оның сыртқы құрылысын қара. Қолайсыз жағдайларға бүршік қалай бейімделеді? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

  1. Өсу бүршігін ұзыннан теңдей екіге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен қара. Бөлімдерінің  атауларын жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Гүл бүршігін ұзыннан теңдей екіге бөліп, зертте, оның негізгі бөліктерін тап. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Қорытынды жаса:

-өсу бүршігі мен гүл бүршігінің ортақ белгілері ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

-өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығы ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

 

№ 10  Зертханалық жұмыс

Жапырақтың сыртқы құрылысы.

Жапырақтағы лептесіктерді анықтау.

Мақсаты: жапырақтың сыртқы құрылысын зерттеу, лептесіктерін микроскоп арқылы қарау, жапырақтың қай бөлігінде орналасқандығын анықтау, микропрепарат дайындай білу дағдыларын дамыту және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

Құрал-жабдықтар: кептірілген немесе өсімдіктен үзіп алынған жиналған жас жапырақтар, микроскоп, сапты ине, заттық және жабын шыны, тамшуыр, су құйылған стакан.

 

Жұмыс барысы және нәтижесі:

 

  1. Жапырақтарды қара. Жапырақ қандай бөлімдерден тұрады; бөлім атауларын жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

  1. Жапырақтың бір үзіндісін алып, оны бүктеп, астыңғы жағынан еппен едәуір мөлшерде жұқа етіп өңін сылып ал.
  2. Одан препарат дайында, микроскоп арқылы қара.
  3. Жасуша қабықшасының түссіз бөлігін тап.
  4. Жасуша лептесіктерін тап.
  5. Микроскоп арқылы жапырақ қабықшасындағы жасушалардың бөлімдерін жаз

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

7.Қорытынды жаса.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 11  Зертханалық жұмыс

Жапырақтың ішкі құрылысы.

Жапырақтың түрөзгерістері.

Мақсаты: жапырақтың ішкі құрылысымен танысу, жапырақтың түрөзгерістерін кеппеөсімдіктерден немесе суреттен қарап, дапырақтың сыртқы құрылысындағы өзгерістердің себебін анықтау.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, заттық және жабын шыны, шыны таяқша, суреттер немесе кеппеөсімдіктер (бөрікқарат пен асбұршақтың өркендері) кактус, алоэ.

Жұмыс барысы және нәтижесі:

  1. Жапырақ тақтастының өте жұқа көлденең кесіндісінен микропрепарат дайында немесе дайын микропрепарат қолдануға болады.
  2. Қабықша өңінің астыңғы және үстіңгі жағынан жасушаларын тап.
  3. Жапырақ тақтасының жұқа өңін сылып алып, микроскоппен қара. Олардың пішіндері және орналасу реті қандай? Көріп , байқағаныңды кестеге толтыр.
Жапырақ жұмсағының жасушасы Пішіні мен орналасуы

 

  1. Кеппеөсімдіктен, өсіп тұрған өсімдіктен, суреттен жапырақтардың түрөзгерістерін анықтап, кестеге толтыр

Жапырақтың түрөзгерісі

Қандай өсімдіктерде?

Түрөзгерістің маңызы

 

  1. Қорытынды жаса:

a)      Жапырақтың ішкі құрылысы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә) Жапырақтың сыртқы құрылысы неден өзгереді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

16 комментариев

  1. pania says:

    зертханалық жұмыс керек көмектесіңіздерші

  2. pania says:

    салеметсіздер!!!!!!!!!!!!!!

  3. ерке says:

    11 10 зертханалық жұмыстан көмек керек

  4. моля says:

    jalgasi bar ma. 22den- 29ga dein

  5. erasil says:

    жауаптары бар ма?

  6. толганай says:

    Отнемын маган номер 20 зертханнын жпупбы керек жалынамын комектесыныздершы😳😳😳

  7. толганай says:

    Ой жауабын отнемммм😭😭😭😪

  8. 11зертханалық жумыстын жауабы бар ма???керек болып тур😅

  9. Биология says:

    Жауап қайда

  10. Раниа Кинаятова says:

    БИОЛОГИЯДАН 12,13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАСАП БЕРІҢІЗДЕРШІ ӨТІНЕМІН😣😙😓😢😳

  11. Ким ДаРи says:

    Неге бұл зертханалық жұмыстарды интернетке жаздыңыздар?Егер жауаптары болмаса:\

  12. Акниет Салдарбек says:

    6 сыныптың 7-11 зертханалық жұмыстың жауаптарын жіберіңіздерші өтініш, керек болып тұр.

  13. Диляра says:

    13 зертханалық керек болып тұр.Тезірек шығарасыз ба өтінем

  14. жайна баймурат says:

    маған 19 20 керек еді өтінемін істеп беріңіздерші.

  15. Айша says:

    23 істеп беріңіздерші өтініш🤗😭😭

  16. Меруерт says:

    28 29 керек еді өтінем істеп берншы

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master