Күй шебері Тәттімбет

Сабақ Күй шебері Тәттімбет

 

Мектеп Коктал орта мектебі

Пәннің аты     музыка

Күні 19.09.16. Мұғалім есімі  Мустапаева Дариха Ганиевна
Сынып 2-«а»      24  оқушы Қатысқандар саны  24 Қатыспағандар саны   0
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Тәттімбет Қазанғапұлының өмірін әңгімелеу арқылы күйші композитормен таныстыру.
Оқу нәтижелері

Оқушылардың қисынды ойлау қабілеті кеңейеді,

сауатты оқу дағдысы күшейеді, топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

 

Барлық оқушылар: Шертпе төкпе күйлердің орындалу ерекшелігін біледі,есте сақтау қабілеттері қалыптасқан.
Оқушылардың басым бөлігі: Күй түрлерімен танысты, тыңдап, күйлерді ажырата біледі.
Кейбір оқушылар: музыкаға қызығушылығы артқан, кейбір музыкалық аспаптарды ажырата біледі.
Алдыңғы оқу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 – топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 – топ, көктем айындағылар 3 – топ, жаз айындағылар 4 – топ болып  .

1.     Ынтымақтастық атмосферасы
Екі көзің не үшін керек?               Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?          Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?               Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?          Туған жерде жүру үшін!-

2.Үй жұмысын тексеру  «Алғашқы қоңырау» жатұа орындау. (Ыстық орындық  әдісі )

Жоспарланған уақыт

45 мин

Жоспарланған жаттығу Ыстық орындық әдісі.Қызығушылықты ояту, «Ой қозғау» әдісі,
Басталуы Күй – күйші – күй тарихы деген сөздерді қалай түсіндіңдер?
Құрманғазының күйлері білезік буынымен ойналатын күйлер, үстірмелете, жылдам екпінде қолдың қағыс қағар тұсында бас бармақ сұқ саусаққа жақын орналасады.
Ортасы

«Мағынаны тану»

 

 

АКТ

( злектронды  оқулық)

    Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлеріне кеңінен танымал, шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші – композитор. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.
Күйлер орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктерге қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.
Біз танитын Құрманғазы күйші – төкпе күй иесі болса, бүгінгі танысып отырған күйші композиторымыз Тәттімбет – шертпе күйдің шебері.
Тәттімбет шертпе күйдің шебері атанған. Ол күйші, әрі ақын, сөзге шебер адам болған. Тәттімбет ел аралап, алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып, қайтып келе жатады. Сол сапарларда бір ауылда айтысып жатқан екі ақынға кездеседі. Сонда ақынның бірі: «Бұл дүниеде не өлмейді?» – деп сұрайды, екінші ақын: «Өлмейтін тау, су, ай, күн, жер», – деп жауап береді. Ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды:
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны,
Ағын судың өлгені –
Ағыны тоқтап қалғаны,
Қара жердің өлгені –
Үстін ақ қар басқаны,
Ай мен күннің өлгені –
Қарайып барып батқаны,
Тек өлмейтін шын асыл
Данышпан адам айтқаны.
Ақынның екеуі де Тәттімбеттің айтқан жауабын мойындады. Екі ақын Тәттімбеттің қонақ болуын сұрайды.
«Құрмет сыйларыңызға рахмет! Елім мен жерімді сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», – дейді.
Тәттімбет өзінің туған жеріне арнап күй шығарған. Ол күйдің атын «Саржайлау» – деп атайды.
Музыка тыңдайық.
Тәттімбеттің күйі «Саржйлау».
Музыка сауаттылығы.
Шертпе күй – оң қол саусақтарымен шертіп орындалатын музыкалық шығарма.
Біліп ал!
Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың көрнекті күйші – композиторы, шертпе күйдің шебері. Тәттімбеттің«Саржайлау»,«Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті», «Бестөре»,
«Сылқылдақ», сияқты күйлері көпке танымал. Тәттімбеттің күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізген.
Аяқталуы Ой толғаныс Сұрақ-жауап

Күйдің қандай түрін білесің?
Біз қандай күйшімен таныстық?
«Шертпе күй» дегеніміз не?
Тәттімбет ел аралап жүріп кімдерге кезігеді?
Тәттімбет сөзге шешендігін қалай танытады?
Тәттімбет туған жеріне арнап шығарған күйі қалай аталады

Қосымша ақпарат   Интернеттен мағлумат алу. Тәттімбет туралы толық  ақпарат беру. Музыкасын тыңдату.

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Саралау – (Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?)

 

Бағалау – (Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)

Басбармақпен  бағалау

Пән аралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығын байланысы

Ыстық орындық әдісі, Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ. Бейнелеу, әдебиеттік оқу  сабағымен байланыс.

Рефлексия –

 

 Қойған мақсатыма жеттім, оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығы артты, сабақты толығымен түсінді.
Сабақтың оқу мақсатын шынайы ма? Шынайы, өйткені сабақ балаларға қызықты болды.
Бүгін оқушылар не білді? Тәттімбет туралы мағлумат алды, күйлерін тыңдап, күй туралы өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.
Сыныптағы ақуал қандай болды? Көтеріңкі күйде болды.
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Тиімді болды. АКТ
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Үлгердім нақты тапсырмалардын орындалуында.
Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Ешқандай түзетулер еңгізбедім.
Қорытындылау

Үй тапсырмасы:  Күй шебері Тәттімбет  туралы тағы мағлумат жинақтау.

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1) Ыстық орындық

2) АКТ

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1) Музыканы тыңдау.

2) Ой қозғау

Сабақ барысында мен сыныптағы жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?

1)   АКТ-ны колдануды

2)   қосымша  тапсырма беру.

 

 

 

 

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master