Ел еркесі- Ақан сері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 ЖОББМ.КММ

Музыка пәні мұғалімі:

Еримбетова Жазира Айтбаевна

Сыныбы: 3                            
Тақырыбы:  Ел  еркесі- Ақан сері

Мақсаты:

  1. Ел еркесі- Ақан сері туралы мағұлмат беру.
  2. Есте сақтау қабілеттерін,шығармашылық ойларын дамыту.
  3. Оқушылардың музыкаға деген  сүйіспеншілік

сезімдерін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,дәстүрлі әндерімізді  қадірлей білуге тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ән орындау,музыка тыңдау.

Түрі:  Жаңа  сабақ

Көрнекілігі:   Ақан серінің портреті, оқулық,үнтаспа, фортепино аспабы.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Ал қанекей, балалар,

Өздеріңдей асылдар.

Сәлемдесіп алайық.

Көңілді әнге салайық.

1.Оқушылармен амандасу.
2.Олардың  сабаққа  зейіндерін аудару.
3. Құрал-жабдықтарын тексеру.

Жаңа  сабақ:

Ақан сері (1843-1913) – ақын,әнші,композитор. Ол  Көкшетау өңірінде дүниеге келген.

Ақанның  үш жүзге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай  деген  қыран  бүркіті, соңына ерткен алғыр тазысы болған. Ақан  серінің        « Құлагер», « Маңмаңгер», «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», т.б әндері бар.

Ақан  серінің шын аты- Ақжігіт.  Халық  оны «Ақан сері» деп атап кеткен. Қазақ халқында өзі әншә,өзі ақын,өзі домбырашы, өнерлі жігіттерді «сал-сері» деп атаған. Сал-серілер елден ерекше киініп,басына үкі тағып,жүйрік ат мініп, қасына бір топ әнші,күйші,палуан- өнерлі жігіттерді ертіп жүретін болған.

Ақан  серінің Құлагер деген аты болды. Атақты Сайдалы байға ас беріледі. Осы аста ат бәйгесі болады. Бәйгеге үш жүзден астам ат қосылады. Ақан сері де Құлагерін дайындайды. Құлагерді бұл бәйгеде бірінші келеді деп ешкім ойлаған жоқ.  Өйткені Құлагер бәйгеге қоспағанда сәйгүлікке  ұқсамайды екен. Ат жарыстың алдында Құлагерді атбегілер: « Мынау шабатын атқа ұқсамайды ғой»-дейді. Сонда Ақан сері: « Аттың  жүйрігін  бәйге көрсетер»,-деп Құлагерін жетектеп жүріп  кетеді. Ал  Құлагер болса,аяғын жайбарақат  маң-маң басып кете барады. Бұл бәйгеде Құлагер үш жүз аттан озып бірінші келеді.  Сонда Ақан сері Құлагердің маң-маң басқан жүрісіне арнап « Маңмаңгер» атты әнін шығарған.

Осы астан кейінгі Сағынайдың асында Құлагерге  қастандық жасалады. Ақан серінің  оған арнаған әні халық арасында « Құлагер» атанып  кетеді.

Ән  тыңдайық: Ақан серінің « Маңмаңгер» әнін тыңдау.

Ойлан да айт!

-Сен ат бәйгесін  көрдің бе?

-Сен өзің ат бәйгесіне  қатысар ма едің?

-Ат  бәгесіне  қатысу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

Ән орындайық!

 

                                             Балалық шақ

 

Әнін жазған: А.Маханбетова

Өлеңін жазған: Ә. Асылбек

 

Былдырлаған бал тілімнің,

Тәттілігін   танытқан.

Туған жерім, түйсігімді,

Танымымды  танытқан.

Ана  тілім,бабам тілі,

Мен  өзіңді сүйемін.

Өз тілімде жазған тарих,

Шежіреме иемін.

Қайырмасы:

Балалық шақ,

Шыңырауы  шаттықтың.

Балалық  шақ,

Бал  бұлағы  пәктіктің.

Жапырағы  жас  құрақтың,

Шамшырағы жастықтың.

Балалығы  басым ерке,

Ұланыңмын бүгінгі.

Туған  елім есейгенде,

Көтеремін  жүзіңді.

Ана  тілім,бабам тілі,

Мен  өзіңді сүйемін.

Өз тілімде жазған тарих,

Шежіреме иемін.

Қайырмасы:

 

 

 

Сабағымды тест тапсырмаларымен қорытындылаймын.

Тест сұрақтары

 

  1. Ақан серінің шын аты кім?

а) Абай

ә) Тәттәмбет

б) Ақжігіт

 

  1. Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?

а) Қараторғай

ә) Құлагер

б) Ақбозат

 

  1. Бәйгеге қанша ат қосылып еді?

а) 300

ә) 450

б) 100

 

  1. Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарды?

а)  Сырымбет

ә) Маңмаңгер

б) Балқадиша

 

 

Үйге тапсырма:

Ақан сері  тақырыбын мазмұндап келу, әнді жаттап келу.

 

Бағалау:

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master