8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы!

Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі Кауменова Гүльнара Джолаевна

Тақырыбы: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы!

Мақсаты:

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту: адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Көктем мерекесіне жазылған плакаттар: «Мерекеңізбен анашым», «Көктем мерекесі құтты болсын, қыздар!».

1-жүргізуші:

Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақтар және қадірлі ұстаздар.

Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде азаматты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі келді. Ана! Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар.

2-жүргізуші:

Асыл аналар! Көктем бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбасыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

«Ана» туралы өлең шумағы

Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың.

Әлпештедің, аяладың, өсірдің.

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,

Қандай бақыт ортамызда жүргенің!

Ән: «Анашым»

II-бөлім «Тіршілік тірегі – ана»

1-жүргізуші:

Бақытты ғой шынында,

Анасы мен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар.

Әйелдер көркі, сәні емес қай елдің,

Азаматы жақсылыққа бай елдің.

Бұл елдің тірегі мен гүліндей,

Қасиетіне бас иемін әйелдің

(Ұлдардың сынып қыздарына жүрекжарды сөздері)

Себепсіз қалмас сабақтан,

Көреміз сені тек алдан.

Өсе бер, жайна, Гүлжайна,

Ақылың бойға жарасқан,

Бәйгіде озған жүйріктей,

Аласың бесті іркілмей.

Жібек біздің әдепті,

Даланың әсем гүліндей.

(Қыздарға құттықтау қағазын табыс ету)

Ұлдардың орындауында би.

2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекенің жалғасын

Сынып аруымен табайық.

Зер салып, талабына қарайық.

Өнерлі кім, дарынды кім,

Талантты іздеп табайық.

Уа, халайық, халайық,

Ойланып енді қарайық.

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық.

(Қазылар сайланды)

1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар жайлап басып,

Келеді ортамызға жайнап тасып.

Қыз баласын сыйлаған халқым менің,

Қошеметтеп, қол соғып қарсы алып.

Ортаға аруларымызды шақырамыз.

Сайыстың негізгі шарттары:

  1. Таныстыру
  2. Мақал-мәтел жарысы.
  3. Өнер көрсету
  4. Таныстыру

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Ал енді аруларымыз ортамызда,

Өздерін таныстыру осы жерде.

Арулар өздерін қысқаша таныстырады.

  1. Мақал-мәтел сайысы

Мақал-мәтел сайысына кез келді,

Мақалменен тәнті етеміз сіздерді.

Мақал деген сөз мәйегі емес пе,

Зейін қойып тыңдағыздар біздерді.

(Оқушылар кезекпен мақал айтады)

  1. Өнер сайысы

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктер аласаны.

Болмаса сұлу қыз, ару әйел,

Табынып еркіндікпен таласады.

Кезекті өнер сайысына береміз. Арулар өнерін ортаға салады.

  1. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан да ардақтап,

Әжеге бас иеміз.

Оқушыларымыз үйден дайындалған сыйлықтарын ұстаздарға тапсырады.

2-жүргізуші:

Аналар мен ұстаздар, сіздерге арналған тәрбие сағаты кешімізді аяқтай келе, сіздерге шат көңіл, мықты денсаулық тілейміз.

Хош, сау болыңыз!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master