Глобус

Шайкен Қайырберлі Шайкенұлы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,

«Айыртас негізгі орта мектеп» КММ

география-биология пәні мұғалімі

1.Сабақтың тақырыбы: §11. Глобус

 

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар глобустан географиялық ендік және бойлық жайлы  оқып, кез-келген нүктенің географиялық координаталарын тауып үйренеді.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:

Білу: Глобус, географиялық координаталар,географиялық ендік, географиялық бойлық туралы алғашқы білімді меңгереді.

Түсіну: Глобустың градус торы қалай түсіріледі? Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады? «Экватор», «масштаб» деген не? тәрізді ғылыми ұғымдарды түсінеді.

Қолдану: Глобустардан қашықтықтарды өлшеу жұмыстары. Глобустан Алматының ендігі мен бойлығын анықтайды. Алматы мен Астананың ара қашықтығын өлшейді. Өздері тұрған елді мекеннің полюс пен экватордан градус және км есебімен алынған қашықтығын есептейді.

Талдау: Глобусты қолдану арқылы жасалған практикалық жұмыстарын ғылыми тілде топтық әрекетте талдайды.

  1. Бағалау: Блумм критерий бойынша оқушылардың өзін және өзара бағалауы.
  2. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсету.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, глобус, доп, калькулятор.

Сабақ барысы

Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5 мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, «Шаттық шеңберінде» бірге тұрып, «Серпілген сұрақ» стратегиясымен үй тапсырмасын шеңберде тұрғанда допты қолданып тексеріп шығады. 1. Допты қағып алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады әрі сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
5 мин Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі жаңа тақырыптың мақсатын айқындайды.

2.Глобусты таныстыру.

Глобус туралы алғашқы танымдық қызығушылығы оянады.
 30

мин

 Негізгі  бөлім 1.Мәтінді 2 бөлімге бөледі. Әркімге  өз бөлімін оқуды және кесте толтыруды тапсырады. Өзара бір-біріне мазмұндатады.

Үнсіз оқушының қатысуын бақылайды. Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды. ұйымдастырады

2. Глобустың градус торы қалай түсіріледі? Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады? «Экватор», «масштаб» деген не? тәрізді сұрақтар қояды, оқушылардың зерттеушілік диалогта әрекеттескенін қадағалайды.

3. а)Глобустан Алматының ендігі мен бойлығын анықтатады. ә)Алматы мен Астананың ара қашықтығын өлшетеді. б) Өздері тұрған елді мекеннің полюс пен экватордан градус және км есебімен алынған қашықтығын есептетеді.

4. «БҮБ» кестесінде глобусты қолдану арқылы жасалған практикалық жұмыстарын ғылыми тілде топтық әрекетте талдатады.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.

2. Глобустың градус торы қалай түсіріледі? Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады? «Экватор», «масштаб» деген не? тәрізді ғылыми ұғымдарды түсінеді. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып жауап беруге тырысады.

3. а)Глобустан Алматының ендігі мен бойлығын анықтайды. ә)Алматы мен Астананың ара қашықтығын өлшейді. б) Өздері тұрған елді мекеннің полюс пен экватордан градус және км есебімен алынған қашықтығын есептейді.

4. «БҮБ» кестесінде глобусты қолдану арқылы жасалған практикалық жұмыстарын ғылыми тілде топтық әрекетте талдайды.

5

мин

Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды. Блумм критерийі бойынша оқушылардың өзін және өзара бағалау парағын ұсынады.

2.Үйге тапсырма:  1)§11 оқу;

2) «Ыстық орындыққа» сұрақтар дайындап келуді тапсырады.

1. Блумм критерийі бойынша оқушылардың өзін және өзара бағалауы.

2. Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master