WORD –тың графикалық мүмкіндіктері

ШҚО

Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Физика-информатика пәнінің мұғалімі:   Ләйлә  Мухатова

Сабақтың тақырыбы:  WORD тың графикалық мүмкіндіктері.

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     WORDтың графикалық мүмкіндіктері,мәтіндік құжатқа графикалық

                        кескіндерді кірістіру, фигуралық  мәтін кірістіру туралы білімдерін

қалыптастыру.

 Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:           Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар :    компьютер, оқулық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
  2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?
  3. Кесте деген не?
  4. Кесте қүру жолдарын ата?
  5. Үяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?
  6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка—Рисунок—Картинки…      командасын орындау қажет.

а)        суреттер…     (     СlірАгt     программасы объектілерінен);

б)  файлдан… (файл түрінде сақталған объектілер);

в) автофигуралар;
д) сканерленген;

е)диаграммалар    (Ехсеl    электрондық    кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

  1. Вставка – Рисунок – Картинки…командасын таңдағанда Місrosoft СliрСаllегу диалогтық терезесінде    Картинки    қосымшасынан және Рисунок    категориясын таңдаңдар.
  2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қежет. Суретті
    орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка – Положение
    командасын таңдау қажет.

Вид -Панель инструментов -Рисование командасы арқылы түрлі дайын геомтриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады. Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.

4.Практикалық  жұмыс

Жаңа сабаққ  орындалатын тапсырмалар: Практикум 9.37,9.38 тапсырмлар.

5.Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?
  2. Рисование панелі арқылы қандай эрекеттер орындаймыз?
  3. Формат рисунка – Положение командасы қандай қызмет атқарады?

6.Үйге тапсырма беру. Практикум: 9.36,9.39,9.41 тапсырмалар

Оқулық:      WORD- тың графикалық мүмкіндіктері.Мәтіндік құжатқа

                       графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін  кірістір.

Шығармашылық жұмыс жасау(еркін тақырып)

7.Оқушыларды бағалау.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master