Нәтижеге бағдарлай оқыту — бұл әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің кепілі.

Мекебай Жұмакүл Шүкірқызы

М.Әуезов атындағы №5 орта мектеп

Арқалық қаласы

 

Нәтижеге бағдарлай оқыту — бұл әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің кепілі.

 

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың нәтижеге бағдарлануы, оқушының жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы,  шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Біз  сабақ беріп жүрген сыныптарда  топтық және  жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша  оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Осы айтылған мәселердің нақты орындалуын өткізген сабақтар барысында байқадым. Соның ішінде мысалға келтіре кетсем  2-сыныптағы қазақ тілі сабағынан «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» әдебиеттік оқудан «Ата тәлімі» дүниетанудан «Ауа, ауаның қасиеті» 3-сыныптағы қазақ тілінен «Түбір сөз бен туынды сөз», «Қарама қарсы мағыналы сөздер», дүниетанудан « Табиғаттағы су.Бұлт және тұман» т.б. сабақтарда пайдаландым. Биылғы оқу жылында 3 – сыныпқа сабақ беріп жүрмін, осы аталған модульді сабақтарымда толық  қамти алмасам да, оқушылардың шамаларына қарай ұйымдастырып, сабақтың әрбір этаптарына кейбір элементтерін еңгізудемін. Төменде жаңаша білім беру үлгісімен өткізген бір сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

 

 

Пән:     Дүниетану

       3-сынып

 Өтілетін күні: 08.12.16    Мұғалім: Мекебай Ж.Ш.
Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Жалпы мақсаты ·         Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызын түсіндіру.

Бұлттардың қалыптасуын және олардың айырмашылығы жайлы түсінік беру.

·         Алған білімді жүйелеп, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

·         Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, сөйлеу және таным қабілеттерін дамыта отырып,  бағыт-бағдар беру арқылы  өздіктерінен жұмыс  істеуге, қоршаған ортаны қорғауға үйрету; экологоиялық тәрбие беру;

Оқу нәтижелері Жер бетіндегі барлық тіршілік көзі үшін судың маңызын бағалауды үйренеді; сын тұрғызысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге қалыптасады.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл  АКТ-ны қолдану;  оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және  оқу; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Әдістер Түсіндіру, баяндау, ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік,
Көрнекілігі Проектор, электронды оқулық, А-4 қағаз, оқулық, бақылау күнделігі, бағалау парағы, кері байланыс парағы.
Сабақ кезеңдері

Уақытты меңгеру

1.      Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут

2.      Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -15-20 минут

3.      Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) –

5-8 минут

Атқарылатын  жұмыстар Әдіс-тәсілдер Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс — әрекеті Қолданылған модульдар
Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут

 

Психологиялық дайындық

 

Сыныпта жағымды ахуал орнатайық

Дүниені тану сырлары

Қызықтырды біздерді

Сабақта бірге болуға

Шақырамыз сіздерді

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу «Дельфин», «Кит», «Балық» тобы болып бөлінеді. Оқушыларға топтарды не себептен осылай атауымыз туралы ой тастау. Топқа бөлініп отырады. Топ ережесін естеріне түсіреді. Топ атауларына байланысты өз пікірлерін айтады.
Мақсат қою Сабақтың   мақсатын оқушылар өздері анықтай алатындай жағдай жасау

 

Критерий қояды.

1. Өз ойымды анық жеткізе білемін

2. Өз көзқарасымды білдіремін және тұжырымдаймын

3. Әңгімедегі негізгі ойды анықтай  білемін

4.Сөздікпен жұмыс жүргізе   білемін

Сұрақтар шеңбері Үй тапсырмасын сұрау Әр топ қарама –қарсы топтарға өткен тақырыптардан кез келген  жерден сұрақтар қояды. Өткен тақырыптарды еске түсіреді .Сұрақтарға жауап береді. ЖСО
Операциялық- орындаушылық кезең -15-20 минут

 

Қызығушылықты ояту Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру мақсатында оқушыларға жұмабақ жасырады. Жұмбақтың шешуін табады. (Су. Бұлт) ЖСО
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

 

«Болжау» стратегиясы

Су туралы не білеміз? Ол туралы не білгілерің келеді?Бұлт деген не? Ол қай кезде пайда болады? 2 мин

Табиғаттағы су сұйық, қатты және газ тәріздес-бу күйінде кездеседі. Су-табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі. Бұлттың әр түрі болады.

Әр топ өз ойларын ортаға салады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту
Олай болатын болса бүгінгі өтетін біздің тақырыбымыз қандай болмақ  деп ойлайсың? Табиғаттағы су. Бұлт және тұман.  

 

 

Оқыту мен оқудағы        жаңа тәсілдер.

 

«Конференция»

әдісі

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Топтық жұмыс.

«Сынып ішін аралау» тәсілі

Оқулықтағы«Табиғаттағы су. Бұлт және тұман» деген мәтінді 3 абзацқа бөліп,  топтарға бөліп береді. Балалар оқыған мәтін бөлігін келесі топқа айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын. Оқушыларға тақырыпты сатылай  түсіндіру

Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады

Сергіту сәті «Көңілді күн»әнімен бейне үзік көрсетеді. Оқушылар бой жазып дем алады. АКТ
Электрондық оқулықпен жұмыс Судың маңызы мен оның қасиеті туралы,бұлттың пайды болуы, олардың түрлері жайында айтылып түсіндіріледі.  

Оқушылар ден қойып тыңдайды.

АКТ
Топтық жұмыс І-топ. Эссе жазу « Су-тіршілік көзі»

ІІ-топ. Суреттің көмегімен ертегі құрастыр .

ІІІ-топ. Бес жолды өлең жазу.

8 мин

Оқушылар ден қойып тыңдайды.

Оқушылар топтар бойынша тапсырмаларын орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Тест «Дұрыс немесе бұрыс» Тест сұрақтарын береді.

 

Оқушылар дұрыс немесе бұрыс деп жауап береді.

 

ОүБ

ОБ

 

Рефлексиялық- бағалау Кері байланыс БББ кестесін ұсынады Оқушылар кесте бойынша пікірлерін айтады. ОүБ

ОБ

Үйге тапсырма  Оқулықтан беріледі

«Су-тіршілік көзі» тақырыбында сурет салу.

Оқушылар күнделіктеріне жазады.
Бағалау. Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды ОүБ

ОБ

 

 

Қорыта келе айтарым, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, оқушының білім құмарлығын дамыту, әр сабақта  ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша  жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы әлемдік деңгейдегі білім берудің  жаңа сатысына өте аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 2014. №4

3.Оқыту –тәрбиелеу техналогиясы журналы-2011

4.Оқушыардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістемесі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *