Пейзаж жанры – Табиғатты бейнелеу

Қарағанды облысы, Сарысу елді мекені

«№7 Сарысу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі

Темралин Бөлеген Арманович

 

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж жанры – Табиғатты бейнелеу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бейнелеу өнерінің жанрларымен , оның ішінде пейзаж жанрымен таныстыру.

Білімділігі: Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу.

Дамытушылығы: живопись өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, үйрету , көрсету.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:

Мұғалім үшін: интерактивті тақтадағы слайдтар, альбом, сурет салудың жолдары.

Оқушы  үшін  альбом, қарындаш, политра, бояу, қылқалам қарындаш, су құятын ыдыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын репродукцияларымен бірге слайд арқылы сұрау.

  1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
  2. Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсілдеріне, мазмұнына байланысты қандай жанрларға бөлінеді?
  3. Жанрларды қалай ажыратуға болады?

         ХІХ ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастады. Әрине, бұл табиғат көріністерін ұзақ бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық және кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналды. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарында ерекше әсерлілікке  жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің алған әсерінкөрсетуге ұмтылды.            Қоршаған орта, айналамыз толы-әсемдік. Оның бәрі табиғат құдыреті, табиғат байлығы. Адамзат қолымен жасалған сан алуан ғажап бұйымдар, тамаша таңба, өрнек, өнер, музыка туындыларының өмірге келуіне шалқар шабыт, таусылмас қуат беретін де ең алдымен тылсым табиғат күші, соның игі әсері.

Пейзаж- бейнелеу өнерінің жанрларының бірі. Пейзаж-француз сөзі. Пейзаж-дегеніміз  қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын. Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр.Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрнісін білдірсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

Сурет салу

Альбомды тігінен қойып, беттің үштен төрт бөлігін қыстағы түнгі аспанның түсімен  бояймыз да, төмендеген сайын ақшылдатамыз. Бояу кепкен соң тоғайды саламыз. Ағашты бейнелегенде бірнеше түсті араластырып барып саламыз. Ағашты салған кезде қылқаламды тік ұстап тұрып, төмендеген сайын астыға қарай салмақты түсіріп, жуандату арқылы ағаштың діңін саламыз. Бұтақтарды салғанда тура осы әдіс қайталанады, бірақ ол көлбеу және кішірек болып саналады.

Ағашты салып болғаннан кейін қылқаламның ұшымен жапалақтап жауып тұрған қарлы саламыз.

Жаңа білімді бекіту

Сабақты қорытындылау

Оқушылар салған жұмыстарын ортаға салып, қате, дұрыстарын талқылап, бірін бірі бағалайды.

Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады.

Үйге тапсырма: табиғат көрінісін бейнелеу

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master