Изопроцестер

                                                                                                                                 «Бекітемін»

                                                                       МД оқу ісі жөніндегі орынбасары:             Т.Кенбай

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ҮІ тарау.Идеал газ молекулалы – кинетикалық теориясы Мектеп:№247

 

Күні:13.03.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Енсебаева Бибинур Турехановна
СЫНЫП:10 «Б» Қатысқандар :  12 Қатыспағандар: жоқ
Сабақтың тақырыбы: Изопроцестер
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         тақырыпты терең меңгереді,

·         топтық жұмысқа үйренеді,

·         изопроцестерді бір-бірінен ажыратады.

Оқушылардың  басым бөлігі:
·         Изопроцестердің графиктік сызбасын  құрастырады
Кейбір оқушылар:
·         Изопроцестердің графиктерін біледі;

·         Өз зерттеулерін, тәжірибелерін ұсынады.

Бағалау критерийі 1.      Физикалық және химиялық құбылыстарды атайды;

2.      Физикалық және химиялық құбылыстарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

·         Газ өзгерісіне, физикалық құбылыстардың белгілеріне қатысты бақылауларын анықтайды.

Негізгі  сөздер  мен  тіркестер:
–          Физикалық құбылыстар, балқыту, қатыру, қайнату, булану, еріту, жандыру, айналдыру,энергия, жылу, температура, қыздыру, салқындау.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Біздер…..байқадық

Бөлшектер қозғалысы азайды/артты, себебі температура түсті/көтерілді
Бөлшектер температура көтерілген кезде жылдамырақ қозғалды
Мен су қатып қалды деп ойлаймын, себебі……….
Газдың өзгеруі……… себепті болды
Құндылықтарға баулу Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыс Химия: 3-тарау,§2,86-94 бет

Алгебра:2-тарау.§5, 68-75 бет

 
Алдыңғы оқу Температураның түрлері, термометрдің жасалу тарихы,температуралық шкала
Сабақ барысы

 

 
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

             Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

8 мин

1мин

2 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Прибор суреттері (термометр,барометр,мензурка)  арқылы  сынып оқушылары 3 топқа топтастырылады және жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

Ой қозғау

Температураны өлшеу әдісі неге негізделген?

-Абсолют нөл деген не?

-Термометрлерде денелердің қандай қасиеттері пайдаланылады?

-Ыстық және сұйық денелер несімен ерекшеленеді?

-жылулық тепе-теңдікте тұрған газдар үшін қандай шама бірдей болады?

-дененің термодинамикалық тепе-теңдігі деп нені түсінеміз? Мысал келтір.

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.

 

 

 

 

 

 

Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

31 мин

2 мин

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

3  мин

 

8 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы

құбылыстар туралы зертханалық тәжірибе  көрсетіледі.

изотермиялық процесс;

-изобаралық процесс;

-изохоралық процесс.

Тапсырма 1.  Постер қорғау  (Топтық жұмыс)

І- топ: Изотермиялық процесс

ІІ-топ: Изобаралық процесс

ІІІ-топ: Изохоралық процесс

Критерийді оқушылармен айқындау

1.Тақырыптың ашылуы

2. Көркемдігі

3.Түсініктілігі.

Топтар өздерінің қорғаған постерлерін ауыстырып критерий арқылы бағалайды.

Тапсырма 2. Ойлан, жұптас, бөліс.

 (Жеке, жұптық, топтық жұмыс)

Оқушылар өздеріне берілген есепті шығарып, топта талқылап, тақтаға бір оқушы шығарады.

 Есеп шығару.
І- топ:Қысым 3*105 Па ауасы бар ыдыстың көлемі 10м3. Оны көлемі 5м3 ыдыспен қосқандағы соңғы қысымды табыңдар

ІІ-топ: 0 ºС кезіндегі ауа шарының көлемі 820 м3 .Егер ол күн сәулесімен 15 ºС –қа дейін жылынатын болса, онда осы шардың көлемі қандай болады?Газ массасы мен оның қысымының өзгерісін ескермеуге болады.

ІІІ-топ: Жабық ыдыстағы газдың 27ºС температура кезіндегі қысымы 75 кПа болды. – 13ºCтемпература кезінде қысым қандай болады?
Бағалау критериймен таныстырады.

1.Есептің шарты дұрыс жазылуы.

2. Өлшем бірлікке дұрыс айналдырылуы

3. Формулалардың дұрыстығы

4. Есептің шығарылуы

Электрондық оқулық

(оқу жоспарындағы сайт)

Bilimland.kz

 

 

 

Қажетті ресурстар

 

Бағалау парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпалар

Сабақтың соңы

6 мин

5 мин

 

 

 

 

1 мин

 

Кері байланыс орнату.

Өз ойларын жазады.

Қосу, алу, қызықты …

Деген сөздердің астына жауап жазады. Әртоптың басшысы өз бағасын қойып, айтып кетеді, мұғалімге тапсырады

Үйге тапсырма. 20-жаттығу, №1-2-есеп,

21-жаттығу, 5-есеп. Кесте толтыру.135-бет

Стикерлер

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master