Орманға саяхат

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, білім бөлімінің «Аялы – Ай»

МКҚК  балабақшасының тәрбиешісі:

Ожай Хатира

Білім беру саласы : «Интегралды»

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы :Орманға саяхат

Мақсаты :Балаларға қыс мезгіліне орман жайында түсінік беру.Аңдардың бейнесін сала білуге сөз бен сөзді байланыстырып жалғауларды дұрыс жалғау арқылы сөйлеу қабілетін дамыту.Ормандағы аңдарды қорғап адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:с .

Әдіс – тәсілдер :Көрнекілік , сөздік , ойын т-б

Сөздік жұмыс :Волк – қасқыр , лиса – түлкі , заяц – қоян , лес – орман ,медведь-аю.

Шаттық шеңбер

Алдымызда біздердің

Көп таныс пен қонақтар

Үлкенге де сіз

Кішігеде сіз

Бар адамды ардақтап

Бас иеміз біз

Суретпен жұмыс : қыс мезгіліне байланысты көрнекі суреттер көрсету.Суреттер бойынша сұрақтар қою

Мұнда қай мезгіл көрсетілген ?

Балалар қыс дейді.

Қыс айларын атап беріңдер?

Желтоқсан , қаңтар , ақпан.

Қазір қыстың қай айы?

Қаңтар айы . Қаңтар қыстың екінші айы.                               Мнема кесте

Орман туралы түсінік беру.

Қыс туралы тақпақтар айту.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан .

Білмеймін тоңғаныма тойғаныма,

Жылқы ойнап , бие қашқан тай жарысқан.

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,

Жастар күлмес жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай.

Аяз келді қаһарлы.

Айналаны қар жапты,

Ақ тоң киіп орман тұр.

Дәл атамдай салмақты.

Қыс келді балалар,

Қыс борансыз өтпейді.

Боран болды бір кезде,

Тоңды малда ,адамда.

Балалар олай болса барлығымыз табиғат туралы әнімізді айтып ормаға саяхат жасайық.Орманға бару үшін бізге автобус  керек.Қанекей балалар автобусқа мінейік.

Ән : Табиғат  туралы  ән.

Тәрбиеші :Балалар айналадан не көріп тұрсыңдар ?

Ағаш , қар , орман , құстар , жан – жануарлар.

Тәрбиеші :Балалар қараңдаршы ағаштың түбінде аю ұйықтап жатыр екен.Осы кезде аю оянып кетіп : мені неге оятасыңдар – деп қорбаң қорбаң етіп ашуланады.Аю сіз ашуланбаңыз бізбен бірге бақшаға барыңыз.Біздің балалар сізге өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

Сергіту сәті:

Аю:Рахмет балалар менің ұйқым ашылды .

Музыка әуені ойналады. Топқа түлкі кіреді.

Осы кезде түлкі майысып : Сәлеметсіңдер ме балалар.Мен сендерге орман тұрғындарының атынан хат алып келдім.Хаттың ішінде қысқа байланысты  жұмбақтар бар екен . Мен хатты апайларыңа берейін .

Сәлеметсіз бе түлкі.Қош келдіңіз.Қонақ болыңыз , отырыңыз.Тәрбиеші қатты оқиды.

Шанамен зулап жететін,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шешуі:Қыс мезгілі

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетінде,

Жазда сайға қашады.

 Шешуі : Қар

Дидактикалық ойын : Аңдардың іздері

Мақсаты : Балалардың дүние танымын, көзқарастарын дамыту.Іздерге қарап қай аңның ізі екенін айыра білуге тәрбиелеу.

Музыка ойналады Аққала кіреді балалар мен ойын ойнайды.

Тәрбиеші : Балалар барлығымыз орнымызға отырып саусақ жаттығуларын бірге жасайық

Шығармашылық жұмыс : Аққала жасау

Тәрбиеші :Орман тұрғындарымен бірге аққала жасайықта сыйлығымызды аққалаға тарту етейік.

Орманнан қайтып келу.

Тәрбиеші :Балалар қысқы орманнан қандай ерекшеліктер байқадыңдар кім айтып береді? Қар,орман,аңдар.

Оқу қызметін қортындылау

Күтілетін нәтиже :

Біледі : Жыл мезгілдерін ажыратуды .

Игереді : Табиғатты сүйе білуді , және орманды қорғауға .

Меңгереді : Қыс мезгілі туралы түсініктерді , өзгерістерді айырады сөздерді дұрыс айтады .

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master