Балабақшамен қоштасу

    Құрметті ата – аналар , қонақтар!        

Бүгін біздің бүлдіршіндерімізбалабақшамен қоштасып мектепке қадам басқалы отыр.

«Білім әлеміне саяхат» атты қоштасу кешімізге қош келдіңіздер!

Алдарыңызда жүздерінен мейіріммен нұр тамған, жауқазындай құлпырған бақытты балғын шақ бүлдіршіндеріміз осы шағын орталық табалдырығын жүрексіне аттаған кеше ғана кіп – кішкентай балдырғандар еді.

Енді міне бойларыда, ойларыда өсіп, оң мен солды танып, өздері киіне білуді үйреніп, алғашқы асуын аман – есен асып, бір жасқа тағыда есейіп шағын орталықпен қоштасып мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

             Тойларыныз тойға ұлассын!

Бүлдіршіндеріміз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Қадамдарың құтты болсын!

Талаптарыңа нұр жаусын!

Білім әлеміне аттаған қадамдарың құтты болсын!

 

Осы салтанатты мерекені ғажап көңіл – күймен қарсы алып, балаларымыздың өнеріне,  біліміне тәнті болыңыздар!

  Олай болса, бүлдіршіндерімізді,  балабақшатүлектерін сахна төріне шақырайық.

Нәзік сұлу қызымыз – Досмухамбет Гүлім Асылханқызы

 

Сабырлы да салмақты сұлу қызымыз – Зинолла Инабат

 

Биші сұлу қызымыз – Тимурқызы Махаббат

 

Тілі тәтті сұлу қызымыз –Ғилымбек Айбибі

 

Бауырмал сұлу жігітіміз – Хамидуллин Бекарыс

 

Әдепті сұлу жігітіміз – Елдарұлы Мансұр

 

Әнші сұлу жігітіміз – Қуанышқали Мейірім

 

Салмақты сұлу жігітіміз – Ғұмар Нұрәділ

 

Сабырлы сұлу жігітіміз – Баймырза Назар

 

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

    Сәбилерім көздеріңнен нұр тұнды.

      Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,

     Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

 

                       Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

                      Жүректерден арман отын жағыңдар.

                     Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

                   Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

 

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік!

 

Жақсылық сыйлап бақшаға,

Түлектер келді ортаға.

Вальс биі биленсін,

Көрейік біз тамсана.

«Вальс»

Тамашалайық

Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерің.

Би биледің ән тыңдап

Алаңдауды білмедің

 

Гүлге толы жан – жағың

Асыр салып жүгірдің

Өсті талап талғамың

Көп нәрсені ұғындың

Жүргізуші: Қуан, шаттан, балақай!

Балалар :  Құтты болсын тойымыз!

Олай болса, тойымызды жалғастыра отырайық

Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған тақпақтары бар екен тамашалайық.

Гүлім:  Оқимыз білім аламыз,

            Болашақ жолын саламыз.

           Бақшамызбен қоштасып,

          Біз мектепке барамыз.

Назар:  Бізбақшаға барамыз,

             Ойнаймыз ән саламыз.

             Тәрбиеші әпкелер,

           Досы барлық баланың.

Инабат: Балабақша сүйікті,

                Ән салдырып билетті.

               Шынықтырып денеңді,

      Шымыр болуға үйретті.

Бекарыс: Балабақша панамыз,

                Мектеп біздің анамыз.

               Ұлағатты ұстаздан,

              Оқып білім аламыз.

Мансұр:  Тәрбие берген ұямыз,

                Тәртіпті бала боламыз.

                Қоштасып балабақшамен,

               Мектепке кетіп барамыз.

Мейірім: Қанша күндер өткіздім,

Балабақша бағында.

                 Көп оқыдың көп білдің,

                Ел мен Отан жайында.

Нұрәділ: Қанша бала, қанша қыз,

                Бір шоқ гүлміз баршамыз.

               Ойын күлкі ордасы,

               Біздің балабақшамыз.

Айбибі:Сүйген өзі ұл қызын,

               Бөбегім деп аянбай.

               Балабақша өз үйім,

              Апай болды анамдай.

Махаббат: Беріп тәлім тәрбие,

 Үйреттін ән биге.

 Балабақша балдәурен,

                   Нұр сыйлайды әр үйге.

Біз бақытты баламыз,

Өсті оймен санамыз.

Бақшамен біз қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

  • Иә, балалар,

Жүргізуші: Мектепке енді барыңдар,

Үлгілі бала болыңдар.

                  Жақсы оқып сабақты,

Кілең«бестік» алыңдар.

  • Иә, апай

Балалар: (барлығы хормен)

Біз оқушы боламыз,

Кілең бестік аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Жақсы оқып сабақты,

Бақшамызды қимаймыз.

Жүргізуші: Құтты болсын тойларың,

Сәтті болсын ойларың .

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің- деп

«Балдырған» әнін қабыл алыңыздар!

Құрметті балабақша қызметкерлері сіздерге арналған балаларымыздың арнауын қабыл алыңыздар!

Гүлім: Қоштасып біз бақшамен,

           Мектепке кетіп барамыз.

          Бізді баулап өсірген,

Оқу білім үйреткен

        Ән салдырып билеткен,

        Тәрбиеші әпкелер.

       Бәріңізге мың алғыс!

Назар : Тәтті тағам пісірген

             Айран – сүтін беретін

           Аспазшыға мың алғыс!

Инабат: Ауыра қалса бір жерің

               Тынымсыз шауып жүретін

               Дәрігерге мың алғыс!

Бекарыс: Әрқашан бізге жалықпай

                  Жылы төсек салатын

Күтуші біздің тәтелер

               Сіздерге арнап мың алғыс!

Мансұр:  Бар бөлмені тазалап,

Іші – сыртын жуатын

               Тазалықшы апайлар

               Сіздерге арнап, мың алғыс!

Биші қызымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп

Би билесін шаттана

Тобымыздың биші қызы Тимурқызы Махаббаттың орындауында «Үнді»  биі

Тамашалайық

Дымбілмес келеді

Дымбілмес:   –  мында не болып жатыр?

 

Дымбілмес келеді

Дымбілмес:   –  мында не болып жатыр?

Жүргізуші:  – Балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр

Дымбілмес:  – Апай, апай менде сабаққа барайыншы?

Жүргізуші: Дымбілмес, сен алдымен  біздің қонақтармен, балалармен амандасып алсаң ше…

Дымбілмес:  – Сәлеметсіңдерме балалар!

Сәлеметсіңбе, Дымбілмес.

Жүргізуші: – Дымбілмес сен мектепке қандай құрал – жабдықтар  керек екенін білесің бе?

-Білмеймін.

-Балалар біз мектепке барамыз ,- иә?

– Сендер  мектепке қандай құрал – жабдықтар  керек екенін білесің бе?

– Кәне атайықшы

– Қалам, сөмке, өшіргіш, дәптер, бояулар т.б

-Дымбілмес сен біздің балаларымыздан не керек екенін естідің бе?

– иә

Бірінші мектепке баратын кезде балабақшаға барып көптеген суреттер салуды үйренеміз, тақпақтар жаттап, есептер шығаруды үйренеміз

  • Сен оларды білесің бе?
  • Білмеймін
  • Ой, апай солда сөз болып па, меніңде өз өнерлерім бар
  • Қандай өнерін барекен?
  • Көздеп тұрып, торғайларлды жалп ете түсіремін.
  • Ысқыру білемін.
  • Тақпақ білемін
  • Ал айта қойшы

Мен айтамын тақпақ,

Өз өзімді мақтап .

Кеше киген шалбар,

Бүгін міне салтақ.

Тау теректі кеземін,

Балшық суды кешемін.

Кеше киген шалбарды,

Бір ақ күнде шешемін.

  • Балалар, Дымбілместікі дұрыс пе?
  • Жоқ
  • Дымбілмес сен санау білесің бе?
  • Иә
  • Санап берші бізге
  • 1,2,3,4,10,20…
  • Дымбілмес сенің бұның дұрыс емес
  • Сен мектепке баруға дайын емес екенсің.
  • Балалар, Дымбілместі мектепке апарамыз ба?
  • Жоқ
  • Сен бірінші балабақшаға барып балалардан көптеген тақпақтар, өлеңдер үйреніп ал.
  • Олай болса, біздің балаларымыздың арасына

қош келдің!

Ән жалғандар ,бас қоса

Бақшаменен қоштаса

Күніміз тұрсын күлімдеп

Жүріңдерші достаса

Көңілді өскен балалар

Шырқап әнге салыңдар

Тойымызға сән беріп

                        Әнде айтып алыңдар

Хор: «Үйретеді»

  • Кәне ,балалар, Дымбілмеске өз білімдеріміз бен өнерлерімізді көрсетіп үйретейік.

Мектепке бару үшін балабақшадан нені біліп үйреніп

шығуымыз керек екен.

Санап үйренеміз, пішіндерді ажырата білуіміз керек,есеп шығаруды, түстерді айыра білуіміз керек.

Жыл мезгілдерін білуіміз керек.

  • Ал, балалар, кім санап береді?
  • Кім нешеге дейін санау біледі екен?
  • Жарайсыңдар, балалар.
  • Ал кім маған түстерді айырып береді?
  • Кәне, кәне….
  • Пішіндерді айыра білеміз бе екен?
  • Жарайсыңдар, балалар!
  • Олай болса,мына суреттерден пішіндерді санап беріңдерші?
  • Жылдың неше мезгілі болады?
  • Төрт мезгілі болады
  • Кім атап береді?
  • Ал қазір, жылдың қай мезгілі?
  • Көктем
  • Кім мақал – мәтел біледі

Инабат: Отан – Оттан да ыстық,

Назар:    Сусыз өмір жоқ

                        Нансыз әнің жоқ.

Бекарыс:Туған жердей – жер болмас,

                Туған елдей – ел болмас.

Мансұр: Еңбек етсең ерінбей,

               Тояды қарның тіленбей.

Мейірім: Мал баққанға бітеді,

               Отын шапқанға бітеді

              Егін еккенге бітеді

             Жерін тауып сепкенге бітеді.

Гүлім: Ынтымақ  бар жерде – бақыт бар.

Нұрәділ: Су ішкен құдығыңа түкірме

Махаббат :  Ананың сүті – бал,

                      Баланың тілі – бал.

Дымбілмес: – Балалар сендерден көп нәрсе үйрендім,        

                        көп- көп рахмет.

                       Менде сендер сияқты дайындаламын.

Бүгін енді, өздерің көріп отырғандайбіздің балабақшамызда ерекше күн депайтсақ артық болмас.

Біздің ата – аналарымыз қобалжып отырған сияқты, балаларымыздыңөсіп қалғанын білмей қалдыңыздар , иә

Балаларыңыздың алғаш бақшаға келген күндері қандай еді, қазір қандай?

-Қараңдаршы, біздің әрбір бала өнерлі, білімді, ақылды  осыған үйреткен , осы ұжым мүшелерінің арқасы – деп айта кеткім келеді.

Ата – аналар сіздерге де алғыс айтамыз.

Сіздерге, енді тілейтінім, ең бастысы денсаулық, шыдамдылық, мектепке барғанда оңай болмайды әрі қарай шыңдап, олармен бірге оқу оқисыздар, жазу жазасыздар.

Бәрін қайтадан бастайсыздар

Бірақ біздің балабақшаның есігі әрқашанда сіздерге ашық.

Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар.

Болашақта біз сіздерді  мақтан тұтып жүрейік,

Барлығыңызға ақ жол тілеймін.

Балаларыңыз тек биіктен көрініп, сіздер мен біздерді қуанта берсін.

 Көк жүзіне самғаңдар,

            Тауды бұзып, тас жарып.

           Мұхиттарды жалғаңдар,

           Күллі әлемді шарлаңдар.

          Ғарышқа да самғаңдар.

         О, жараңдар, жараңдар!

         Кәне мында қараңдар – деп ортаға бір топ 

         бишілерімізді шақырайық.

                  «Қара жорға» биі

                     Қ а р с ы   а л а й ы қ

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,

Күллі шәкірт сізге басын иеді.

      Бақша мәңгі бапкерім,

     Қарызбыз біз бәріміз.

    Өзіңе деген парызды

   Айтамыз әлі талай біз – дегендей

Ұжым  мүшелері  сіздерге  арнаймыз.

Нәзік сұлу қызымыз Гүлімнің орындауында «Өзбек» биі

Қоңыр үнді дауысың, әсем таңдардай

Тәрбиешімнің жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

 

 Ұсынғаны адалдық,

                     Үйреткені адамдық.

                    Бар ұжымға тілейміз

Бақыт, табыс, амандық – дей отырып, түлектеріміздің азғана сыйлығын қабыл алыңыздар.

                          ( гүл береді)

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен

Шаршайсың жұмыс жасап біздер үшін,

Ақылды балаларың соны білген.

Дүниеге әкелген,ол да сенің, анашың,

                Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің,анашың

               Тіл алмасаң кешірген ол да сенің,анашың,

              Мәпелеген баласын аман болшы анашым.

Тағы да бір биімізді қабыл алыңыздар ата – аналар сіздер үшін.

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Көңілді биді көріңдер,

Өнерге баға беріңдер

Ортада, сабырлы да салмақты сұлу қызымыз ЗиноллаИнабат

Қарсы алыныздар

                        «Үнді»  биі

Кеудемнен жүрек сезім  ақтарылсын

Болармын күні ертең – ақ мақтанышым

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін – дегендей сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

 

 

Енді ата – аналарымызды сергітіп би билесек дейміз.

Біздер көрсетеміз сіздер қайталайсыздар.

                            «Флэшмоб»

       Ой, жарайсыздар, рахмет.

Құрметті ата – аналар кешіміздің соңы да келіп жетті.

Сіздердің еңбектеріңізді де атап кетпесек болмайды.

Ата – аналар, өздеріңмен бірлесіп өткізіп жатқан іс – шараларымыз да көп.

Сондықтан тәрбиеленушілеріміздің ата – аналарына , балаларына жақсы тәрбие беріп, балабақшаны бір отбасындай көргені үшін алғыс хат пен марапаттаулар дайындаған болатынбыз.

Шын жүректен құттықтап, табыс етуге рұқсат етіңіздер.

                   (марапаттаулар беріледі)

 

Отбасыларыңызда тек күлкі мен қуаныш болсын!

Белсенділік танытып, келгендерің үшін көп – көп рахмет!

 

                                                                             Батыс Қазақстан облысы

                                                                             Жаңақала ауданы

                                                                             Қызылоба ауылы

                                                                        Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ

                                                                              жанындағы шағын орталық      

                                                                                     аға тәрбиешісі

                                                                      Сансызбаева Армангүл Қанатқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master