8 Наурыз – аналар мерекесі.

 Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі

 « 8 Наурыз – аналар мерекесі»

 Шағын топ тәрбиешісі:  Конирбаева . Б

Білім беру саласы:   Коммуникация

Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: 8 Наурыз – аналар мерекесі.

Сабақтың мақсаты: 1. Халықаралық мереке – 8 Наурыз мерекесімен таныстыру.

1.Аналарды тек мереке күні ғана емас, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

  1. Әдепті болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 8 Наурыз арналған тақырыптық суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер, торғайдың суреті.

Сөздік жұмыс: қолы шебер.

Шаттық шеңберіне тұруі

Армысың, асыл Күн!

Армысың, ашық Күн!

Армысың, ұстазым,

Армысың, достарым,

Сендерді көргенде қуанамын!

  1. Көңіл күй әліппесі.

-Қайырлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бірбірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтеріп, сабағымызды бастайық.

  1. Біздің топқа торғай ұшып кірді, тұмсығында хат бар сияқты. Бұл хатта не жазылғаны туралы торғай білмейді, торғайға көмектесеміз бе?

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар!

Білімді өзектендіру.

-Қандай мереке жақындап келе жатыр?

-Торғайға осы мереке жайлы толығырақ айтып берейік.

Әңгіме:8Наурыз.

-Көктем түсе күн жылы шуағын шашады.Қар астынан қылтиып,жасыл шөп шыға бастайды.Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ,қараторғай сияқты құстар ұшып келе бастайды.Міне,осы кезде алғашқы көктем мерекесі-8 Наурыз халықаралық аналар күні аталып өтілді.Бұл мереке мемлекеттік болып саналады,яғни бұл күні барлық адамдар демалады.Бұл мерекеде қыздарды,аналарды,әжелерді,апаларды өлең,тақпақ айтып,гүл сыйлап құттықтау дәстүрге айналған.

Таңғажайып сыйлық ертегісін кейіптендіру.

 Шарты: Ертегіні балалар аттрибут киіп, ойнайды.

      -Аңдарда өз аналарына сыйлық  іздейді екен.

Сергіту сәтін өткізу.

 Сөз тіркесі дидактикалық ойыны.

– Қазір күн қандай? (Салқын)

-Салқын не бар? (Балмұздақ)

Балмұздақ қандай?  (Тәтті) т.б

-Иә,балалар,кез келген ананың қолы шебер.Өйткені олар дәмді етіп ас та әзірлейді.Киім де тігеді,яғни қолдарынан бәрі келеді.Сондықтан қолы алтын дейді.Шебердің қолы алтын деген сөз бар.ол біздің аналарға да арналады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілген тапсырманы.

Түсінеді:8 Наурыз-халықаралық әйелдер мерекесі екенін.

Қолданады:Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу,яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

 

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master