Морфология 

 

Тунгатарова Асылтас

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебі

 

Пән: Қазақ тілі                                                                  

Ұзақ мерзімді жоспар: Морфология                              

Күні:                                                                                     Қатысқандар саны: 16

Сынып: 6-сынып                                                               Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы Еліктеу сөздер
Сілтеме Қазақ тілі оқулығы,6-сынып

Авторы С. Исаев. Ж. Дәулетбекова. Алматы « Атамұра » баспасы 2005, МАН.

Жалпы мақсаты Еліктеу сөздер туралы түсінік қалыптастыру.Еліктеу сөздердің басқа сөз табынан өзіндік ерекшелігін меңгерту. Еліктеу сөздерді мәтін ішінен ажырата білу.
Ресурстар Интертақта,постер, смайликтер,маркер, стикерлер, флипчарт
Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздер туралы біледі.Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшелігін ажырата алады. Оқушының белсенділігі артып, өз бетімен жұмыс істей алады.
Пәнаралық байланыс Әдебиет
Блум таксономиясы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
 Ұйымдастыру. Жағымды психологиялық ахуал орнату. Оқушылармен амандасу. « Мен үшін ең керемет күн» арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілеу, ақ,сары, қызыл гүлдер арқылы топқа бөлу, топ ережесімен танысу.

Ақ түс –қайырымдылықтың, тазалықтың белгісі.

Көк түс- молшылықтың, татулықтың белгісі.

Сары түс-көңілдендіреді, бой сергітеді.

Мұғаліммен сәлемдесу. Ақ, сары, қызыл гүлдер арқылы 1-топ «Мен үшін », 2-топ «ең керемет», 3-топ «күн» деп үш топқа бөлу.
Білу. Үй тапсырмасы. «Миға шабуыл» кезеңі. Есте сақталған немесе білетін ақпарат деңгейін тексеру. «Блиц сұрақтар» әдісі. Өткен материалдарды еске түсіру. Шарты: Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы топ мүшелері сұраққа жауап береді. Мадақтау сөздер арқылы, смайликтер  арқылы бағалау.
Түсіну. Жаңа сабақ. Мақсаты: жаңа тақырыпты мұқият оқиды. Тақырыпты оқушыларға іштей оқыту,  тақырыпты түсіну. Жаңа тақырыпты түсінеді, өз білетіндерін ортаға салады. Смайликтер арқылы формативті бағалау.
Қолдану. Мақсаты: алған теориялық білімін практикада қолдану. Постер қорғау. «Мен үшін» тобына: Табиғат құбылыстарына байланысты еліктеу сөздер. «ең керемет» тобына: Отбасына байланысты еліктеу сөздер. «күн» тобына: Жануарларға байланысты еліктеу сөздер.

230- жаттығу.

Постер қорғайды.Оқулықпен жұмыс. 230-жаттығу.Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айту. Басбармақпен, смайликтер арқылы бағалау.
Сергіту сәті. «Бразилия» жаңбыры
Талдау. Мақсаты: оқушының шығармашылық дағдысын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс. Сурет бойынша еліктеу сөздерді пайдаланып, эссе жазу. Критериалды бағалау.
Жинақтау. Мақсаты: оқушылардың еліктеу сөздерді ажырата алуын қадағалау. Еліктеу сөздер дегеніміз не болды? Бір мысал келтіру.  Еліктеу сөздерге мысал келтіреді. Смайликтер арқылы бағалау.
Кері байланыс. Кері байланысты іске асырады.
Бағалау. -Бүгінгі сабақ жеңіл болды ма?

– Сабақ қызықты өтті ме?

– Жадымызда оңай сақталды ма?

Оқушылар өз еңбектерін бағалай біледі. Білімін зерделеу, жиынтық баға қою.
Үйге тапсырма Ереже, 20 еліктеу сөз жазу. 5 сөйлем құрау.

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master