Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар

15 ЖББ ОМ

Копеев Айдар Сейтович

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты § 8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат беру

Ø  Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда  қолдана білуге үйрету

Ø  Өзін-өзі  бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат алады

Ø  Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Ø  Өзін-өзі  бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.

Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі  Гц-пен өлшенеді

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.

Өлшем бірлігі

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Траектория неше түрге бөлінеді?
  2. Қисық сызықты қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Машина доңғалағының траекториясы қандай қозғалысқа жатады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Жылдамдық дегеніміз не?
  2. Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Бұрыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот – Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген суретті түсіндіру, яғни  штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

1)                                                                                                             2)

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Сызықтық және бұрыштық жылдамдық дегеніміз не?
2 Түсіну Сызықтық және бұрыштық жылдамдық  формуласын жаз?
3 Қолдану Велосипед доңғалығының радиусы 40 см. Айналу периоды 4с. Доңғалақтың айналу кезінде сызықтық жылдамдығы неге тең болды?
4 Талдау  Сызықтық және бұрыштық жылдамдықды салыстыр?
5 Жинақтау Машина доңғалағының жүрісіндегі сызықтық және бұрыштық жылдамдықты  сипаттап бер?

 

6 Бағалау Дене қозғалысындағы сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың  маңыздылығы қаншама?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар №58
Кейінгі оқу §8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдық

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика