Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Марат Дамира Маратқызы

 

 интелектуалды үзіліс

Мақсаты:

1.Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ойлары терең, қиялдары ұшқыр болуға үйрету.

2.Логикалық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

3.Білімді, озық ойлы тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, бағалау парағы

1 «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
  5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
  6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
  7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
  9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
  10. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
  11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
  12. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
  13. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
  14. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
  15. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
  16. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
  17. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
  18. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
  19. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
  20. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
  21. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
  22. 225 нешенің квадраты? (15)

1.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)

2.1метрде неше см бар? (100см)

3.Юұрыш өлшейтін құрал (транспортир)

4.у=х2 функциясының графигі.(парабола)Ең кіші жай сан?(2)

 

  1. 5. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (бұрыш)
  2. Жұп функция графигі қай оське симметриялы?( ордината)
  3. 7. Үшбұрыштың орта сызығы 10см, табаны неге тең? (20)

8.Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағат 20минут ұшады, ал кері қарай 80минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

  1. 9. ІІІ-ші ширектің таңбасы (-;-)
  2. 10. Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?(1,2,3)

1.Қай санға бөлуге болмайды?(0)

  1. 2. Екі ғасырда неше жыл?(200)
  2. 3. Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)
  3. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі?(сәуле)
  4. 5. Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш?(квадрат)

6.Тік төртбұрыш ауданын есептейтін формула? (S=ав)

  1. 7. Трапецияның табандары 4см және6см. Орта сызығы неге тең?( 5см)
  2. 8. Координаталық жазықтықта неше ширек бар?(4)

9.ІVширектің таңбасы?(+;- )

  1. 10. Қайсы артық 1кг мақта, әлде 1кг темір?(бірдей)

1.Ең кіші жай сан?(2)

2.Миллиондн неше нөль бар?(6)

3.Тік бұрыш неше градусқа тең?(900)

4.Тік бұрыштан кіші бұрыш?(сүйір)

5.барлық қабырғасы тең параллелограмм?(ромб)

  1. 6. Квадрат қабырғасы 9см.Периметрі неге тең?(36)

7.1 тонна  мақта ауырма, әлде1тонна темір ауыр ма?(бірдей)

8.Шаршының неше қабырғасы бар?(4)

  1. Күн көзі жылына неше рет соғады?( 365)

10.Герон формуласы? S=

1.11 жай сан ба, әлде құрама сан ба?(жай)

2.Ең кіші натурал сан?(1)

3.Геометриядағы негізгі фигуралар? (нүкте, түзу)

4.Барлық бұрыштары  тең төртбұрыш (тік төртбұрыш)

5.Үш пар ат 30км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)

6.Кесіндіні өлшейтін құрал қалай аталады?(сызғыш

7.Кез келген екі нүкту арқылы нені жүргізуге болады?(түзу)

8.Қабырғасы 6см және8см тік төртбұрыш аудаы неге тең (24см2)

9.50-ді 0,5-ке бөл ( 100 )

  1. Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба ? (жай сан )

3 әріп бойынша сөз құрау

„С”  әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар (синус, сүйір , сектор , сәуле , сегмент , синусоида , стереометрия ,  сан)

„К ” әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар

( косинус , көбейту, куб ,  конус ,  кесінді , көлем , координата )

П” әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар

( пифагор , плюс , параллелограмм , пирамида , парабола , параллелепипед , планиметрия )

А. Аргумент, арифметика, авсиса, аксиома, айқас.

Ш.Шеңбер, шаршы, шар, шексіздік,

 

4Соңғы қорытынды шартымыз «анықтаманы жалғастыр». Бұл шартта оқушыларға бір анықтама бастап беріледі, сол анықтаманы оқушы ары қарай жалғастырады.

  1. Пропорция дегеніміз-… (екі қатнастың теңдігі)
  2. Екі теріс таңбалы екі санды көбейткенде-…(оң сан шығады)
  3. Егер екі теріс санды қоссақ-…(сандар қосылады таңбасы теріс болады)
  4. Перпендикуляр түзулер -…
  5. Вертикал бұрыштар-…
  6. Параллель түзулер-…
  7. Доғал бұрыш-…
  8. Сүйір бұрыш-…
  9. Шеңбердің ұзындығы-…
  10. 7ге кері сан-…
  11. Х пен координаталық жазықтықтың-…
  12. У пен координаталық жазықтықтың-…
  13. Квадрат деп-…
  14. Тік төртбұрыштың переметрін-…

Қорытынды

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master