Сиқырлы және ғажайып әлем

Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Усерова Айкерим Ерназаровна

«Creative» шығармашылық клубының жетекшісі

 

Сабақ тақырыбы:  «Сиқырлы және ғажайып әлем »
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 

-Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
-ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
-ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, –еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
– қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Дамытушылық: Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке балалар кітабін оқуға , көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: проэктор , кітаптар көрмесі, Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы айтқан дана сөздері:

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир.

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

М. Горький.

Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесі сияқты.

Л. Толстой.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Барысы:

І. Кіріспе

II . 2- сәуір Халықаралық балалар кітабі күнімен құттықтау

III . Жас жазушы Алтынай Берікпен сұхбат

  1. «Қазақ ертегілері» Алматы , «Балауса» баспасы 2014ж. жинағын талқылау
  2. Қорытынды

 

І. Кіріспе

II . 2- сәуір –  Халықаралық балалар кітабі күнімен құттықтау

Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі.

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады.

К.А. Фединше айтқандай, «Сөз – әдебиеттің құрылыс материалы» болып табылатындықтан, балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал.

Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, жетіле түсуіне елеулі үлес қосқан, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сапарғали Бегалин. Атақты ақын, жазушы-журналист атамыздың шығармалары әзірбайжан, өзбек, армян және корей тілдерінде жарық көрді. Аударма саласында да жемісті еңбек етіп біраз атақты жазушылардың шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Сонымен қатар  М. Әлімбаев,    Қ. Мырза Әлі,

Т. Молдағалиев, Т. Нұрмағанбетов, О. Бөкеев, М. Қабанбаев, К. Ахметова сияқты т.б. жазушыларымыз балалар әдебиетін шығармаларымен, әңгіме, ертегілерімен толықтырды .

Ендеше  балаларға арналған кітаптардың авторлары мен балалар кітапханасының барлық жұмыскерлерінің  күнімен ,осынау атаулы мерекемен баршаңызды құттықтаймыз!

III . Жас жазушы Алтынай Берікпен сұхбат

       Балалар бүгін бізге қонаққа Мемлекет басшысының сыйлығының иегері,жақында аймақ басшысының қабылдауында болған 40-қа жуық ертегінің авторы , түрлі байқаулар жеңімпазы Алтынай Берік келіп отыр.

Ертегілері : «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» т.б . «Балапан» телеарнасының 5 жылдығында жарық көрген «Менің ғажайып ертегім » кітабына «Ұқпасқа айтқан сөз жетім» ертегісі енгізілген.Облыс әкімінің қолдауымен «Нұр Отан » партиясының облыстық филиалы Алтынайдың ертегілер жинағын жарыққа шығармақ.

  1. «Қазақ ертегілері» Алматы , «Балауса» баспасы 2014ж. жинағын талқылау

Осы жинақ оқушыларға алдын –ала қолдарына берілген болатын . Оқушылар кітапты толықтай оқып шықты .

Жинақтағы ертегілер :

  • Тұрмыс- салт ертегілері
    • Тазша бала
    • Жақсылық пен жамандық
    • Қарттың ұлына өсиеті
    • Қарт пен тапқыр жігіт
    • Ақыл, Ғылым , Бақыт
    • Сыбызғы сыры

 

  • Қиял –ғажайып ертегілері
    • Күн астындағы күнікей қыз
    • Алтын сақа
    • Жеті өнерпаз
    • Алып қара құс самұрық

 

  • Батырлық ертегілер
    • Ер Төстік
    • Керқұла атты Кендебай

 

  • Хайуанаттар туралы ертегілер
    • Сауысқан мен көкек
    • Қу түлкі
    • Түлкі мен қырғауыл
    • Екі лақ
    • Түлкінің қайрауы
    • Түлкі мен ешкі
    • Ақымақ қасқыр
  • Қасқыр мен кірпі
  • Жүзім жегісі келген қасқыр
  • Арыстан,қасқыр, түлкі
  • Екі бұғы
  • Қоян
  • Тапқыр қоян
  • Тышқан мен жылан
  • Қаз бен түлкі

    Осы ертегілер бойынша оқушыларға сұрақтар қойылатын болады.Кейіпкерлердің бейнелерін ашу.Ертегінің кез-келген жерінен сұрақ қою арқылы ертегіні ашу ,талқылау .

 

  1. Қорытынды

Кітап – өмір ұстазы.” Сондықтан әр бала кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс. Кітап оқымай, өмірді тану, білім алу мүмкін емес” деп Серке Қожамқұлов айтқандай, кітаптан әрбір адам нәр алады. Сендерді де кітаппен дос болуға шақырамын”

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master