Сөйлем

       Қажымұқан ауылы №4негізгі мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Шайхина Карлыгаш Габдоллаевна

 Ашық сабақ                                                     Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы. Сөйлем

Мақсаты: сөйлем, сөйлемнің түрлері,сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы, түсініктерін бекіту;сауаттылыққа, тазалыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәриелеу.

Қолданылған технология: педагогикалық шеберхана

Психологиялық дайындық

 

Оқушыға лайық,

Қатар- қатар түзеліп.

Қолымызды жіберіп

Түп- түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Отыруға нақпа- нақ,

Дайындалдық  бәріміз.


Ұйымдастыру: Оқушыларға бүгінгі күннің реті және сынып жұмысын жаздыру. Көркем жазу. Сөздік диктант:

І. Индуктор. Тақтада ұл баланың суреті, құстың суреті және  қарындаш пен  сурет дәптері  тұр.   Осы заттар арқылы не істеуге болады? Қане, осы ойымызды дәптерге түсірейік .

ІІ. Жеке құрастыру:  Ерасыл қарындашпен  құстың суретін дәптерге бейнеледі.  (Тақтада талдау). Айтылу мақсатына қарай.хабарлы сөйлем. Құрамына қарай жайылма сөйлем. Бұл сөйлемді іс-әрекетті білдіретін сөз бейнеледі. Не істеді? Бұл сөйлемді іс -әрекеттің иесі кім? Ерасыл.  Қайда бейнеледі? Дәптерге, бұл толықтауыш. Нені бейнеледі? Құстың суретін бейнеледі. Немен бейнеледі? қарындашпен.

ІІ. Әлеуметтендіру Жариялау: 1 топ. Сөйлем деген не? Мысал келтір (Сөйлем сөзден тұрады. Ол аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемдегі сөздер  дұрыс құрылу үшін, олар өзара мағыналық байланыста жұмсалу керек: Балықты ұстады. Нені? қайтті? Мағыналық үйлесімі бар сөздер өзара жалғаулар арқылы байланысады:Мектептің оқушылары).

2 топ. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

(Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз. Еңбек ер атандырады. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мен мектепке келсем, сабақ басталып қойыпты).

3 топ. Жай сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

(Жай  сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.Бастауыш пен баяндаыштан құралған  сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Азат оқыды.Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Азат жақсы оқыды).

4 топ. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер неше топқа бөлінеді?   

 (Бір нәрсе туралы хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.Адамның көңіл- күйін, сезімін білдіретін сөйлемді  лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады).

ІІІ. Жеке құрастыру. Жариялау. 574 жаттығу. (Оқушылар тақтада орындайды). Тапсырма:Оқы. Мәтінде неше сөйлем бар?  Әрбір сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

Камшат- ірілеу аң. Ол суда тіршілік етеді. Камшат балықпен қоректенеді. Ұсақ балықты  су ішінде-ақ  жеп қояды.

  575 жаттығу. Мысалды тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті екенін айт. 1. Іштей оқу. 2.Кейіпкерлері нелер?

(Көлбақа, Көкқұтан).Авторы кім?(Ы.Алтынсарин).Ол туралы не білесіңдер?

  1. Рөлге бөліп оқу. 4. Мазмұнын айт.5. Тізбектеп оқып, ауызша талдау.

576 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.(тақтада орындау) Футбол алаңда ойналады. Планеталар үнемі күнді айналып қозғалады. Айран қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Асқар әжесіне хат жазды.

І\/Әлеуметтік құрастыру. Жариялау. (Ауызша талдау )578 жаттығу Өлеңді оқы. Құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың неше жай сөйлемнен құралғанын айт.

Жақсы әдетке жақын болса

Түнде көзі ілінбейді, Қорқақ бала дірілдейді.

Өкпешілдер тыржыңдайды,Қырсық  бала қыржыңдайды.

Өсекшілдер сыбырлайды,Ұрыншақтар жыбырлайды.

Тыржыңдамай,Қыржыңдамай,Сыбырламай,Жыбырламай,

Қандай ғажап ақыл  қонса, Жақсы әдетке жақын болса!

     \/.Үзілу. Біріккен сөз дегенміз не? 579 жаттығу мәтінді түсініп оқы. Бірыңғай мүшелерді тап. Оларға сұрақ қой. Бірыңғай мүшелердің арасына үтірдің қойылу- қойылмау себебін түсіндір.

Етістікті сәйкестендір

достар шақырып жатыр
Ит билеп жүр
Биші Жазды
Жазушы Оқымады
әтеш Кездеседі
Оқушы Демалды
Зейнеткер Емдейді
Дәрігер үреді

 

Рефлексия Оқушылардан  қандай ережелерді қайталағандарымызды сұраймын? Оларға мысал келтіреді.

Үй тапсырмасы: 577-жаттығу Жұмбақтың шешуін тап Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талда. Сөйлем мүшесінің байланысын сызбамен көрсет. Дәу қара құс көрінді, Көзінің жасы төгілді. (бұлт)

Бағалау Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім- біліктеріне қарай, оқушылармен ақылдаса отырып бағалау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master