Өткенді пысықтау.

 

МАТЕМЕТИКА    4 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

   Оқушылардың көп таңбалы сандармен есептеу қабілеттерін  нығайта түсу; көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру;

Дамытушылық:

     Алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуін дамыту;ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:

    Өзін ортаға сай ұстай білуге,  өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу; адамгершілікке, жауапкершілікке баулу; өзін-өзі бағалай білуге үйрену;

Сабақтың түрі  :пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі:  топпен жұмыс, ойындық оқыту технологиясы, ДОТ;

Көрнекілігі:үлестірме карточкалар, интерактивті тақта,

                         «пентамино» фигуралары,балалар газет-журналдары;

Пән аралық байланыс:  әдебиеттік оқу, дүниетану;


 САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ:

Слайд 1. Матеметика сабағына қош келдңіздер!
I. Мотивациялық кезең  (бағдарлау)

а)–Балалар, қазір бізде математика сабағы.Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта жақсы білімімізді көрсетеміз деп сенемін.

Слайд 2. (сабақтың тақырыбы мен мақсаты)

-Сабағымыздың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Мақсатымыз: көп таңбалы сандармен жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін есте ұстап, оны іс жүзінде қолдана білу.

Слайд 3.(газет-журналдар суреттері)

-Бүгін біз тапсырмаларды екі топқа бөлініп орындаймыз. Ендеше топтарымызға ат қойып алайық. Ол үшін мына жердегі балаларға арналған газет-журналдардан  таңдағанымызды аламыз.  Сол басылымның атауы  топтың аты болады. ( «Айгөлек», «Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т.б.)

-Барлығымыз бері қараймыз. (оқушылар бәрі бірге айтады)

ә) психологиялық дайындық.Қызығушылығын ояту.

Слайд 4.     Бір, екі, үш,

                   Бойға жинап күш.

                  Математиканы  бастаймыз.

                  Білімнен біз қашпаймыз!

БІЗДІҢ ЖАСАҒАН ӘР ЖҰМЫСЫМЫЗ  МАҚАЛДАР АРҚЫЛЫ  АШЫЛЫП ОТЫРАДЫ

ІІ. Өткенді қайталау

Слайд 5.«ҚЫНА ТАСҚА БІТЕДІ, БІЛІМ БАСҚА БІТЕДІ»

(оқушыларға оқыту)

–         «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді», ендеше, қазір өткенді еске түсіріп ,ойымызды жинақтап алайық.

«Компьютер» дидиактикалық  ойыны арқылы  арифметикалық амалдарға ауызша есептеу жүргізу.

18∙10:2∙40:6:100∙8:4∙60=720

900:2-50∙8+800:4-320=680

720:8∙9-210∙4:8∙6∙0=0

Слайд 6.(№19 есепті басу)

Карточкамен жұмыс:  (дұрыс және бұрыс пікірлерін айту)

-Тағы қандай фигураларды білеміз? Мына фигураларды атап шығайық.

Слайд 7.(геометриялық фигуралар суреттері)

 

IІI.Операциялық кезең (орындаушылық)

ІҮ. Есептер шығару

Слайд 8.«ҚАЛАУЫН  ТАПСА, ҚАР ДА ЖАНАР»

(оқушыларға оқыту) -Көлемді табу үшін не істейміз?  V= a∙b∙h

                                                                                           h=V: (a∙b)

                       І топ                  ІІ топ     

      V=            84 000см³          360дм³

       a=            20см                  5дм

       b=            70см                  8дм

       h=            60см                  9дм

 

 (тақтаға шығарту)

 

ҮІ.Дәптермен жұмыс

           Бүгінгі күн ретін  жазу.

 

Ү. Оқулықпен жұмыс

-Оқулығымыздың 64- бетіндегі №16 есепті шығарамыз.

Слайд 9.«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

(оқушыларға оқыту)

                       І топ                                         ІІ топ       

                     №16(а)                                       №16(ә)

            254 600:5=50 920(г)                           4000∙3=12 000(о)

            254 600-50 920=203 680(г)               12 000-4000=8 000(о)

–         №16- ны жұмыла  талдап есепті шығарайық. Есепті оқып шығу.

–         Есеп не туралы?

–         Не белгілі? Не белгісіз?

(тақтаға шығарту)

 

Слайд 10.  «БОЙЫ СЕРГЕКТІҢ, ОЙЫ ДА СЕРГЕК»

VІІ. Сергіту сәті

Ал, балалар  тұрайық,

Алақанды  ұрайық.

Бір  отырып,  бір  тұрып,

Біз демалып  алайық.

Оңға,  оңға  түзу  тұр,

Солға, солға түзу  тұр.

Алға қарай бір  адым,

Артқа қарай бір  адым.

Жоғары -төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

Слайд 11.«ЖЕТІ  РЕТ  ӨЛШЕП,  БІР  РЕТ  КЕС»

(оқушыларға оқыту)  (ауызша)

                       І топ                       ІІ топ       

          616∙307 ˃ 617∙30                306:18 ˂ 306:17

          315∙7∙2 = 315∙14                 354∙4∙5 ˃ 5∙353∙4

          266:14 ˃ 266:17                  2 450∙512 ˃ 512∙2 449

 

Слайд 12.«ТОҚСАН  АУЫЗ  СӨЗДІҢ  ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІНІ БАР »

(оқушыларға оқыту)         (тақтаға шығарту)

                       І топ                                 ІІ топ       

               579∙823= 476 517             12 492:347=36

               231 693:231=1 003           51 054:127=402

              7 595:217=35                     506∙908=459 448

              6 007∙241=1 447 687         125∙456=57 000     

             

Слайд 13.«КӨП ОЙЛАСАҢ-ДАНА БОЛАРСЫҢ»

(оқушыларға оқыту)    (ауызша)

                       І топ                                 ІІ топ       

              600+40+20+8=668              600+40-20-8=612

              600:40∙20+8=308                600-40-20+8=548               

 

Слайд 14.«БІЛГЕНГЕ МАРЖАН»

(кенгуру суретін қою)  пентамино арқылы кенгуру құрастыру.

-Кенгуру туралы білетіндерін сұрау.

 

Слайд 15.ҮІІІ. Үй тапсырмасы

№15(ә)  63-бет.      №16(ә) 64-бет.

 

ІХ.  Рефлексиялық кезең  (бағалау)

Слайд 16.   «Еңбек-адамның көркі,

                    Адам-заманның көркі»

Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты мадақтау, бағалау.

 

Слайд 17.Назарларыңызға рахмет!

«Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал»

-мінеки, біздің бүгінгі сабағымыз қонақтарымызға ұнаған сияқты.

Сабағымыз аяқталды.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master