«Мерекеңізбен!» Панно»

 Нүсіпжанова Айжан Серікқызы          №104 жалпы білім беретін мектептің          

 бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: « «Мерекеңізбен!» Панно»

Сабақтьң мақсаты:      1.  Қоршаған әлемнің үйлесімді тұтастығын, ондағы

8 Наурыз мерекесіне Аналарға сыйлық дайындау. 2.Оқушылардың әртүрлі материалдарды (қағаз) арқылы

өңдеудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың заттар мен құбылыстарды эстетикалық

қабылдауы мен бағалауын қалыптастыру.

  1. Еңбек мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың

   бейнелі, нақты логикалық ойлауын, қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: Иллюстративті – түсіндірмелі

Сабақгың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, денелей көрсету, интерактивті әдіс.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, күннің қиып алынған бейнесі, дайын

панно, түрлі – түсті қағаздар, диск, қалың жіп, желім, қайшы,

бағалау текшелері.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, математика.

Сабақтың барысы: I.Қызығушылықты ояту.

* Психологиялық дайындық

– Балалар, қазір біз еңбекке баулу сабағын бастауға дайынбыз ба?

Дайынбыз біз бәріне, Үйренеріміз көп әлі де.

  • Бүгін қай күн? Аптаның нешінші күні? Қалай аталады?
  • Жалпы осы наурыз деген ұғыммен қандай түсініктерді байланыстыруға
    болады?

–   Тамаша! Сонымен біздің сыныпқа нұрын төгіп, сәулесін шашып қонаққа не
келіпті? Олай болса, барлығымыз осы күндей жарқырап, жайнап                бір-біріміздің көзімізге қарайықшы.

* Ой қозғау

– Жақында бір мереке болады екен ғой. Қандай? Дәл осылай бізге тағы кім күн
сияқты жылуын беріп, күлімсіреп, әр таңда қарайды? Біз үшін ең қымбат жан – Ана
туралы не айта аласыңдар? Аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп бізді мәпелеп
өсірді. Біздің білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Ал осының

барлығын не үшін айтып отырмыз? (Жақында 8 наурыз мерекесі болады) Не

істейміз? Олай болса аналарымызға сыйлықты өз қолымызбен жасап берейік. Ал не

жасаймыз?

Әдетге адамдар не сыйлайды? (Бір шоқ гүл,…)

– Балалар,маған біреу сыбырлап жатыр, а-а бұл біздің күніміз екен ғой.

Күн:

– Мен сендерге көмектесейін. (Күннің артынан панноны аламын) ¥най ма? Бүл   «панно» деп аталады. Ненің бейнесін жасайды екенбіз? (гүлдің)

  1. Мағынаны тану.

*Сабақтың мақсатымен таныстыру.

– Панно дегеніміз жапсырма. Яғни оны кез-келген материалдан жапсырып жасауға
болады. Мысалы, мына алдарыңда тұрған паннолар бұрынғы біз жасап жүрген
аппликацияға ұқсайды. Бірақ панноның бір ерекшелігі, оны сәнді бұйым ретінде
үйдің, бөлменің, сыныптың, басқа жерлердің қабырғаларына іліп қоюға болады.
-Ал, қалай ойлайсыңдар, біздің панноны жасау үшін, қандай материалдар қажет?
Құралдардан ше? Балалар осы жерде техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Жұмыс орнын ретке келтірейік. Осылар жұмыс орнымызда бар ма? Қандай ретпен
тұруы керек? Әр заттың өз орны бар.

*Жұмыс ретін қою. Тәжірибелік жұмыс.

– Жұмысты қандай кезеңдер бойынша орындаймыз?

  1. Гүл күлтелерін дайындау.

А. Қағазды екі бүктейміз.

Ә Күлтенің жарты суретін саламыз.

Б Сызық бойымен қиып аламыз.

В Осындай бес қызыл күлте дайындаймыз.

  1. Жапырақтарды дайындау.

А. Қағазды екіге бөлеміз.

Ә Жапырақтың суретін саламыз.

Б. Сызық бойымен қиып аламыз.

В. Бірдей екі жапырақ дайындаймыз.

  1. Жапсырманың негізін жасау.

А. Жарамсыз дискіні аламыз да сары түсті қағаздың бетіне қойып,

айналдыра сызамыз.

Ә. Сызық бойымен осындай екі дөңгелек қиып аламыз.

Б. Диск бетіне желім жағып, қағаздан қиып алынған дөңгелекті

жабыстырамыз. Екінші жағына ілу үшін қажетті ілмекті жасаймыз.

  1. Дөңгелек бетіне жабыстыратын гүл.

А. Күлтелер мен жапырақтардың ұшы мен түбіне желім жағып, белін сәл

көтеріп, дөңес пішін жасап жабыстырамыз.

Ә. Осылайша   жартылай   көлемді  жапсырмалау   арқылы  бұйымға

сән береміз.

Б. Гүл күлтелерінің ортасына түйін ретінде дөңгелек желімдейміз.

III. Ой толғаныс.

-Балалар, бағанадан бері күніміз қарап,барлығын бақылап отырды. Енді күнге және маған ұнаған панноларды тақтаға шығарып ілсек. Өздеріңе көрме ұнай ма? Қандай ескертулер айтар едіңдер?

–  Жарайсыңдар! Біз бүгін сабақта не істедік? Қалай ойлайсыңдар, аналарымызға
сыйлығымыз ұнай ма? Бұл бұйымды ертең аналарымыз қонаққа келген кезде, тосынсый ретінде тапсыратын боламыз. Аналарымызға арналған әнімізді айтып, сабағымызды аяқтайық. (Ән орындалады)

– Рахмет, сабағымыз аяқталды.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master