Ондық бөлшекті ондық  бөлшекке бөлу тақырыбын қорытындылау

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл қазақ орта мектебі

Оразалинова Алтынгуль Тулеуовна

 

 

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

 

Сабақ №4 Сынып: 5 Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті ондық  бөлшекке бөлу тақырыбын қорытындылау
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық(2014), Бенджамин Блум (1956), Александер (2001,2008), Мерсер (2000)
Жалпы мақсаты

 

  Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрету
Модульдер Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ақпаратты  коммуникативті технологиялар, блум таксономиясы, диалог.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері Топта талқылап, талдай алады, серіктесімен ой бөлісе алады, өз ойын ашық айтады, сұраққа жауап бере біледі, тақырыпқа сай өз пікірлерін жүйелеп ортаға сала алады
Сабақта туындаған негізгі идеялар

 

Топтарға конфеттің түстеріне  қарай бөліну

Сыныпта психологиялық ахуалды орнықтыру

Өткен сабақтың тақырыбын байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашып алу.

Өз білімдеріне сәйкес сабаққа талдау жасау арқылы, сыни тұрғыда ойлауға үйрету.

Оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету

Өзін-өзі бағалауға үйрету

                                                    Мұғалімнің сабақ барысы:                                               1 сабақ (45 минут)

 

Берілген тапсырмалар Мұғалімнің әрекеті

 

 

Оқушының әрекеті

 

Уақыты
Кіріспе Ұйымдастыру Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Сергіту сәті «Қара жоға» биі
  • Сыныпты конфеттің түстеріне қарай алты топқа бөлу
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындық. 2 минут
I Білу

 

Үй тапсырмасын диалогқа түсу арқылы тексеру

 

 

 

«Ондық бөлшектердің менің өмірім үшін маңызы бар ма?» тақырыбындағы үйге берілген эссені оқу.

Оқушылар бір-біріне ондық бөлшектер туралы сұрақтар қойып, жауабын айтады

Оқушылар бі-бірін тыңдайды, еске сақтайды, ойлайды, әңгімелеседі 4 минут
II Түсіну

 

Оқулықпен жұмыс №836

 

Уақыт өлшемдерін сағатпен өрнектеп, нәтижесін ондық бөлек түрінде жазу

Жауабы: 9 мин=0,15 сағ

36 мин=0,6 сағ

2 сағ 12 мин=2,2 сағ

2 сағ 15 мин=2,25 сағ

3 сағ 48 мин=3,8 сағ

 

Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, осы қойылған сұрақтар төңірегінде білімдерін кеңейте отырып, жаңа мәліметтер жинау арқылы болжам жасайды, түсіндіреді, жазады, айтады, ой бөліседі

5 минут
III Қолдану

 

Постермен жұмыс (шығармашылық тапсырма)

 

 

Ондық бөлшектерді қолданып, суреттеу арқылы теңдеу құру. Әрбір топ постерге теңдеуді сурет арқылы салады  және постерлермен алмасып бір-бірінін суретіне теңдеу құрады,шешеді. 10 минут
IV Талдау

 

Математикалық диктант Сөйлемді аяқта:

1)  жай бөлшегін ондық бөлшекке айналдырғанда …. саны шығады? (0,8)

2) 54 секунд  ? минутқа тең   (0,9)

3) Тіктөртбұрыштың ауданы 3,84 см2, ені 1,2 см. Ұзындығы ? см    (3,2 см)

4) 6 сағ ? тәулікке тең  (0,25 тәулік)

Жеке  тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты меңгеруге үміттерін арттыру 5 минут
V Жинақтау

 

Ашық орындарға қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолдану арқылы 12 санын табу. Қажетті ашық тор көздерге қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын толтыру.

99,45+0,55*0,12=12     Ж:100*0,12=12

0,25*48+0=12        Ж:12+0=12

3:0,2-3=12       Ж: 15-3=12

51:1,2-30,5=12       Ж:42,5-30,5=12

4,5:0,2-10,5=12       Ж:22,5-10,5=12

16,8:5,6+9=12           Ж:3+9=12

Бос орындардағы таңбаларды анықтайды 7 минут
VI Бағалау.

 

Бағалау критерийлері арқылы мұғалімнің бағалауы.

Білу:  1 ұпай

Түсіну: 1 ұпай

Қолдану: 2 ұпай

Талдау: 2 ұпай

Жинақтау: 2 ұпай

Бұл топтың оқушылары басқа топтың жауаптарын тыңдап, тұрыс бұрысын бақылап отырады. Сабақ бойынша ой бөліседі

 

 

 

Өзін бағалау, топты бағалау

5 минут
Рефлексия Эдвард Де Боно әдісі «Сөйлейтін қалпақтар»

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім ағашы»

 «Ақ қалпақ» -ондық бөлшектің не үшін керектігін айтады, «Сары қалпақ» -ондық бөлшектердің жағымды жақтарын зерделейді, оның жақсылықтарын іздеп, дәлелдейді, «Қара қалпақ» -жағымсыз кейіпкердің іс -әрекетін айтады, «Қызыл қалпақ» -жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің ішкі сезімдері туралы айтады, «Жасыл қалпақ» -жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің мүмкіндіктерін оларды қалай жаңа бастамаға жетелеуге болатынын айтады, «Көк қалпақ» -бақылаушы, бағалаушы.

«Білім ағашы» бойыша бағалау

Әр топқа берілген қалпақ бойынша топтан 1 оқушы ойын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Осы тақырып бойынша алған білімдерін білім ағашына бояп көрсетеді

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады

6 минут
Орындауға арналған тапсырмалар Үй жұмысы:  №837 1 минут

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master