Ж.Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі

Гүлбану Алтынбекова
Оңтустік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
“Абай атындағы жалпы орта мектебі”кмм
Алтынбекова Гүлбану Төленбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Ж.Молдағалиев “Ар-ұят туралы” өлеңі

Сабақтың тақырыбы : Ж.Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі Мектеп: «Абай атындағы жалпы орта мектебі» кмм

 

Күні:09.03.2017ж Мұғалімнің аты-жөні:Алтынбекова Гүлбану
Сынып: 5а,ә Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат беру.

Өлеңнің тақырыбын ашу. «Ар,ұят»сөздерінің мағынасын түсініп, талдау

Адамгершілік,имандылық қасиеттерді бойына сіңіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жазушының өмірінен мәлімет алады,адамгершілік, ар-ұят,имандылық туралы түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: Ар-ұят сөзінің мағынасын танып,талдау жасай алады.Өлеңнің ұйқасын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:Ұғынғаны бойынша ойтолғау жаза алады.
Алдыңғы оқу Қ.Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»
Жоспар
Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар Ресурстар
Басталуы

15 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал

«Аһ,Ох» тренингі арқылы жағымды ахуал қалыптастырып,әрі  жаңа сабақтың тақырыбын аштырамын.

Сынып оқушыларын мақал-мәтелдер  арқылы топқа біріктіріп, топ басшысын тағайындатамын.Тапсырмаларды топ мүшелеріне бөліп беріп отыратындығын түсіндіремін.

  ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау 

Қ.Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір» өлеңін жатқа сұраймын Үй тапсырмасын пысықтау үшін «Сөздер сөйлейді» әдісімен  оқушыларға Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сөздер жазылған стикерлерді таратып беремін (Қарағанды,Ұлы Отан соғысы,Абдолла, 1911 жыл, Дариға, Туған жер,Абдолла Жұмағалиев, Өзім туралы). Оқушылар өздеріне берілген стикердегі сөздерді Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылығына қатыстыра отырып сөйлетеді.

Маркер,А4 қағазы,

оқулық,

Ортасы

25 минут

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

А) «Мен қазақпын»өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан сыр шертетін деректер көрсетемін.

Ә) Ж.Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасаймын.

Б) Тақырыптық өлеңді оқымас бұрын проблема қоямын.

— Балалар, «ұят», «ождан», «ар» , «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады? (…жауаптар тыңдалады)

-Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойларыңды билейді?

(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет –құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)

-Ұялу, ұяла білу жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе?

-Ал енді Жұбан атамыздың ұят туралы айтқан ойларын оқып,талдау жасатамын.Әр топтан оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын.

Өлең мазмұны  бойынша топтарға сұрақтар бере отырып, шығармаға жан –жақты талдау жасатамын.

-Қария мен жас жігіт арасындағы қақтығысқа көзқарасың?

— Қартқа ұят көрінген іс -әрекет неге жас жігітті  бейжай қалдырған?

— Қарияның     «Жеп келем,жеп келем туғалы,

Тірі боп жүргенім сондықтан…

…Адам ол өледі мен десе,

Ұяттан айырылған сағатта…»-деген ойларында ақынның пікірі, көзқарасы көрінген бе?

Қазақ болмысы, бала тәрбиелеудегі ұлттық үрдіс өлеңнің қай шумақтарында көрінген? (7,8,10,13,19)

Қазақтың «мың өліп, мың тірілген» тарихына сілтеме қай шумақтан көрінеді?

(9,16,17,18)

—     Өлеңнің түйіні  қай шумақтарда көрінген? (12,14,20)

А)Әдебиет теориясы бойынша өлең құрылысы талданады. Өлең аралас ұйқасты (шалыс ұйқас та, шұбыртпалы ұйқас та, қара өлең ұйқасы да бар екеніне мысалдар келтіріледі.);

Ә) Ар-ұят туралы өлеңдегі мақалдарды тапқызып, өздеріне  де айтқызамыз:

1. «Өлімнен ұят  күшті.

2.Арымнан жаным садаға».

3. «Батырды намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді».

4. «Батыр бір өледі, қорқақ күнде өледі»

Б) Сөздік жұмысы (өлеңдегі кей тіркестердің мағынасын ашып, оқушының сөздік қорына енгіземіз.)

— тепсініп тулады –қатты ашуланды;

— санақ- есеп;

-түнеді –бұл жерде бағалады, ұйыды мағынасында;

-жауырсыз ат қалмай – үстіндегі ері алынбағандықтан, үсті жараға айналды мағынасында;

-терлік – аттың жауырынын ер қажамас үшін астына салынатын киізше;

-жан –тәнін — өмірін, басын мағынасында;

-отамай –құртпай, жоймай т.б.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

«Жақсы бала» мен «Арлы бала» топтарына «Ар-ождан» аллеясы әдісімен «Арлы бала»тобына шал рөлін, «Жақсы бала»тобына жігіт рөлін бейнелету, бір-бір оқушы шал,жігіт рөлін сомдайды.Қалған топ мүшелері аллеядан өтіп бара жатқан кейіпкерге сұрақтары мен өтініштерін айту арқылы өз ойларын түйіндеу. «Әдепті бала» мен «Білімді бала»топтарына «Попс формуласы» әдісімен,яғни берілген таратпадағы тапсырманы оқып, топта берілген флипчартқа орындатып, ортада топтан бір оқушы қорғау  арқылы тақырыпты бекітемін.

 маркер,флипчарт
Аяқталуы

5 минут

 v.Үйге тапсырма беру.

«Арыңды жасыңнан сақта» ойтолғау жазып келуге тапсырамын.

«Сұрақтар қорабы» әдісімен оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша  кері байланыс (сұрақтар)қалдыруды тапсырамын.

Бағалау.Оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын.

 

Сұрақтар қорабы

Бағалау

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master