Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы саңырауқұлағы.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
“Пригород жалпы орта білім беретін мектебі”КММ

Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы

6 биология

Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы саңырауқұлағы.

Мақсаты:  білімділік: оқушыларға  зең және  ашытқы  саңырауқұлақтарының тіршілігі, түрлері, құрылысы, бір – бірінен айырмашылығы, биологиялық маңызы  туралы  білімді  теориялық  және   практикалық тұрғыда   меңгерулеріне  жағдай  туғызу.

дамытушылық: саңырауқұлақтар  туралы  түсініктерін  нақтылай  отырып  жаңа  сабақтағы  басты  мәселелерге  назарын  аударып, жеке  тұлғаның  ойлау  және  есте  сақтау  қабілетін  жетілдіріп, шығармашылық  ізденісін  дамыту.

тәрбиелік:  Оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыра  отырып сабаққа  өз  еркімен  белсене  араласуына, білімдерін  көрсетуге  ықпал  ету, жауапкершілікке, топпен  жұмыстануға, өзін-өзі  басқаруға  және  денсаулық  сақтауға  тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтиже:  Топтық  жұмыс  арқылы  өзгені  тыңдай  білуге, өз  ойын  жүйелі  жеткізе  білуге  үйренеді;

Оқу  материалынан  өзіне  қажеттісін  саралап  ала  біледі;

Ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп, талдай  білуге  машықтанады;

Фактілерге  сүйеніп, өз  көзқарасын  қорғай  алады.

Саңырауқұлақтар  жөнінде  түсініктері  артып, жаңа  терминдерді  меңгере  алады.

Сабақ түрі: аралас сипатта

Сабақ  әдісі: СТО, топтық  және  практикалық  әдіс

Сабақ типі: жаңа  білімді  ұғындыру

Көрнекі  құралдар: электронды  оқулық, слайдтар, флипчарттар, суреттер, тәжірибеге  қажетті  микроскоп, түрлі  ортада  өсірілген саңырауқұлақтар, т.б.

Пәнаралық  байланыс: химия, медицина.

Сабақтың барысы:        І.Қызығушылықты  ояту.
Өткен  тарауда  алған  білімдерін  еске  түсіру  мақсатында  карточкалар суырып, ондағы  өсімдіктердің  тұқымдастары  мен  кластарын  айыру  арқылы 2 топқа бөлінеді:  «Даражарнақтылар»  және  «Қосжарнақтылар» топтары.

Топ  басшылары  сайланып, сабақ кезеңдерінде белсенділік танытқан оқушыларды  бағалау парағына  бағалап  отырады.

«Қосжарнақтылар» тобына:

Зигота

Крахмал

Гликоген

Спорангий

Паразиттік

Ой  қозғау. Өткен  сабақты  тексеру  мақсатында  тест. Оқушылар  тест  кілті  бойынша  жұптарын  бағалайды.

«Терминдер  әлемінде». Сөздікпен  жұмыс.

«Даражарнақтылар» тобына:

              Микология

                 Конидий

                 Зооспора

                   Гамета

              Сапрофиттік

Топтастыру:   

  «Даражарнақтылар» тобына                                                     «Қосжарнақтылар» тобына:

                                                                                                                                                      

                              

                           Саңырауқұлақтар                                            Саңырауқұлақтар

                                   өсімдікке тән                                                  жануарға тән

                                                                                                                                                                                                                                                                                           

 

ІІ.Мағынаны  тану.

Өткен  сабақтағы  саңырауқұлақтардың  көбеюі  туралы  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  жаңа  сабаққа  көшу:

1.Саңырауқұлақтар  қандай  жолдармен  көбейеді?

  1. Вегетативті көбею қалай  жүзеге  асады? (Жіпше, өсімді денесі  арқылы).
  2. Жынысты көқбею ше? (Гаметалардың  қосылуы  арқылы зигота түзіп).
  3. Жыныссыз көбею қалай  жүреді? (Споралар  арқылы).

5.Күнделікті  тұрмыста, үйде  азық-түліктердің, жемістердің  көктеп, бүлінгенін  көресіздер ме? Ал  олардың  біржасушалы  саңырауқұлақтардың   өсімді  денесі, споралары  екенін  білеміз  бе?

Оқушылардың жауабын тыңдап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ендеше  бүгінгі  сабақта  біржасушалы  саңырауқұлақтармен танысатын  боламыз.

Электронды  оқулықтан   зең және  ашытқы саңырауқұлақ түрлерін көрсету. Оқушыларға оқулықтан теориялық білім қалыптастыру тапсырмасы беріледі.
Оқулықтағы  мәтіннен   Даражарнақтылар  тобы  ашытқы  саңырақұлағын, Қосжарнақтылар  тобы  зең  саңырауқұлағы  туралы  оқып, жаңа сабақтың мазмұнын түсініп, топта  талдап, сипаттама  береді.

Оқушылардың берген жауаптары толықтырылады.

                                                        ІІІ. Толғаныс.

№33 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Микроскоптық  мукор  саңырауқұлағының  сыртқы  құрылысын  зерттеп  білу.

Оқушылар  зертханалық  жұмыстың  мақсатымен  танысып, жұмыс  барысына  кіріседі.

Оқушылар топпен жасаған микропрепараттарын, дайын микропрепараттарды микроскоппен көріп, суретпен  салыстырады. Зертханалық жұмыс дәптерлеріне жұмыс  нәтижелерін  жазады.

Зертханалық жұмыс қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау.
Оқушыларға  жаңа  тақырып  бойынша  әзірленген  флипчарттар  беріледі: «Даражарнақтылар» тобына  біржасушалылардың  көбеюі  туралы  сызба  сызу, «Қосжарнақтылар» тобына  биологиялық  диктант толтыру.

Екі  топқа  семантикалық  карта  және  екі жақты  кесте беріледі.

Біржасушалы  саңырауқұлақтар

Пайдасы Зияны

Семантикалық  карта

Атауы Зең саңырауқұлақ Дәрі жасалады Ауру  тудырады Тамақ өндірісінде қолданады Тағамдарды  бүлдіреді Сары шоғыр түзеді Көкшіл шоғыр түзеді
Мукор
Пеницилл
Ашытқы
Аспергилл

Тақырып  бойынша  сұрақ-жауап.

 

Бағалау. Топ  басшыларының  бағалауларын  ескере  отырып  оқушыларды  бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты  оқу. Жаңа  терминдерді сөздікке  жазып, жаттау.
Зең  саңырауқұлақтардың  тұрмыста пайда болуын бақылау. Біржасушалы  саңырауқұлақтар  тақырыбына  шағын  жоба  қорғау.

Кері байланыс

Оқушылар сабақта не сәтті өтті, нені жақсы меңгерді, соларды стикерлер арқылы үш түрлі смайликтерге жапсырады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master