Адамның мінез-құлығы. Рефлекстің маңызы және оның түрлері.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
“Пригород жалпы орта білім беретін мектебі”КММ

Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы

Сабақтың тақырыбы: Адамның мінез-құлығы. Рефлекстің маңызы және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның мінез-құлығы. Рефлекстің маңызы және оның түрлерін оқушыларға түсіндіру, тірек-сызбалар арқылы сабақтан алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін жүйелі түрде дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек-сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: адамның мушелерінің макеттері, қима қағаздар, буклеттер, слайд
Пәнаралық байланыс: психология
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) кезекшіден мәлімет алу
Ә) сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасы:  Көк диван

Диктант: Falce True
1. Адам ағзасының өсуі мен дамуы қанша кезеңнен тұрады? (2 кезеңнен: эмбриогенез және постэмбриогенез)
2. Эмбриогенез қандай кезең? (ағзаның ұрықтанғаннан бастап туғанға дейінгі кезең)
3. Постэмбриогенез қандай кезең? (Туғаннан бастап өз тіршілігін жойғанға дейінгі кезең)
4. Әрбір ағзаның жекелей дамуын ғылыми тілде не дейміз? (онтогенез)
5. Дене жасушаларындағы хромосомалар саны? (46)
6. Ұрықтан қанша түрлі ұрық жапырақша пайда болады? (3 түрлі: сыртқы, ортаңғы, ішкі)
7. Сыртқы ұрықтық жапырақшадан, жабын эпителий ұлпасынан нелер дамиды? (жүйке жүйесі, сезім мүшелері)
8. Ортаңғы ұрықтық жапырақшадан, дәнекер ұлпасынан не дамиды? (қаңқа, бұлшық еттер, қан айналым мүшелері, зәр шығару және көбею мушелері)
9. Ішкі ұрықтық жапырақшадан не пайда болады? (ас қорыту мүшелері мен тыныс алу мүшелері)
10. Жүктілік мерзімі қанша уақыт? (280 күн).
11. Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым? (геронтология)
III. Еске түсіру “Ой қозғау” стратегиясы (жүрек, бауыр, буйрек, өкпе, тіс, ас қорыту және тыныс алу мүшелері)
IV. Жаңа сабақ. Топ бойынша тапсырмалар.
– Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Рефлекс дегеніміз организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару. Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты «шартты және шартсыз рефлекстер» болып 2-ге бөлінеді. Шартсыз рефлекс – туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқымқуалаушылық факторларға негізделеді.Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – туйсік (инстинкт) деп аталады. Түйсік – едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі – тағамдық шартсыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму – қорғаныштық шартсыз рефлекс.
Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке рефлекс орталықтары орналасады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысымен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер – ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер арқылы адам тамағын табуға, қауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мұның бәрі де жоғары жүйке қызметі арқылы жүзеге асады. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми тұрғыда түсіндірген орыс ғалымы – И.М. Сеченов. Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толықтырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы – И.П.Павлов.
Шартсыз және шартты рефлекстердің бір-бірінен айырмашылықтары
Шартсыз рефлекстер                                    Шартты рефлекстер
1 Туа пайда болады                                          Жүре пайда болады
2 Бір түрдің барлық дарақтарына тән            Әрбір дарақтың жеке өзіне тән
3 Өмір бойы өзгермейді (тұрақты)                 Кейбірі жойылып отырады, кейбірі қайтадан пайда болады (тұрақсыз)
4 Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асады.    Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларындағы ми қыртысының тікелей қатысуымен жүзеге асады
5 Шартты рефлекстердің түзілуіне негіз болады.              Сол рефлекске тән арнайы тітіркендіргіш қажет

Тек қана шартсыз рефлекстер негізінде түзіледі.                Арнайы тітіркендіргіш қажет емес
6 Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамсыз етеді Ағзаны сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне бейімдейді
7 Ағзаның ұрпақ жаңғыртуы жүзеге асады                              Ағзаның көбеюіне тікелей қатысы жоқ
8 Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алынып тасталған жануарларда сақталады Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алынып тасталған жануарларда сақталмайды
9 Тұқым қуалайды                                                  Тұқым қуаламайды

V. Бекіту.
1. Этология дегеніміз не? (Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылым)
2. Рефлекс дегеніміз не? (организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы)
3. Ми рефлекстерін кім ашты? (1863 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов)
4. Түйсік дегеніміз не? (шартсыз рефлекстердің жиынтығы)
5. Рефлекстер туралы ілімді дамытқан ғалым? (1903 жылы орыс ғалымы И.П. Павлов)
VI. Термин сөздермен жұмыс
Рефлекс – организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы
Этология – адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылым
Инстинкт – шартсыз рефлекстер жиынтығы

VII. Семантикалық картамен жұмыс.
№ құбылыс Шартты рефлекс                                                                                     Шартсыз рефлекс
1 Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі                                                                   +
2 Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму                                                                        +
3 Сәбиге таныс емес затты көрсеткенде соған қарай басы мен көзін бұруы                      +
4 Туа пайда болады                                                                                                                  +
5 Жүре пайда болады +
6 Өсе келе бала ересектердің ескерпелеріне сәйкес ұстамдылық, шыдамдылық танытуы +

VIII. Үй тапсырмасы: 270 бетте орналасқан сұрақтарға жауап беру, тәжірибе жасау
IX. Қорытынды:
– Адам өмірінде көптеген рефлекстер түзіледі. Мұның бәріде біздің өмір сүруіміздің басты мәні болып саналады. Тіршіліктің бұл өмірлік мәні жеке адам үшін басты рөл атқарады.
X. Бағалау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master