Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы.

 

Еліңніңұлыболсаң, еліңежаныңашыса, азаматтықнамысыңболса, қазақтыңұлттықжалғызмемлекетініңнығайып-көркеюіжолындажантеріңдісығыпжүріпеңбекет. Жердің де, елдің де иесіөзіңекеніңдіұмытпа!
Н.Ә. Назарбаев

Педагог – зиялытұлғажәнемәдениетадамы.
Қазіргізаманталабынасаймұғалім болу еңжауапты, еңкүрделі, еңзиялымамандықболыптабылады. Себебі, оладамдықалыптастыруға, дамытуғабағытталғанзоржауапкершіліктіқажетететінмамандық.

Қазіргі колледж немесе мектептіңміндеттері:
– Алдыңғыұрпақтыңсоңғыұрпаққажинаған, қалыптастырғанмәдениқұндылықтарынжеткізу;
– Баланыңтұлғасындамыту;
– Баланың, мектептіңәлеуметтікбейімделуі,
Қандайбірәдістерменпедагогикалықтехнологияныпайдаланбасын, баланыңруханижандүниесінеәсеретудеоқытушыныңөзтұлғасыныңәсеріерекше. Оқушылардыңоқытушыбойындағыеңбағалыдепесептейтінқасиеттері: баланыжақсыкөруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талапқойғыштық, әзілайтабілуі, келешеккесенімділік, іскешығармашылықпенқарауболыптабылады. Ал, мұндайқасиеттергееге болу үшіноқытушырухани бай, зиялыжәнешығармашылтұлғаболуықажет. К. Д. Ушинский: «Оқуорныныңталабынакөпнәрсебайланысты, еңбастысытәрбиешініңтұлғасыныңрөліерекше, жасұрпаққаберетінәсеріноқулықпен, жазалаужәнемадақтауменалмастыруғаболмайды», – депжазған.

Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.
Жүйелі түрде өзіне – өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін – өзі үздіксіз дамытып отырады.
Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
Педагог тәрбиеші.Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс – әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады
Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс – шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады.
Жұмыстың келесі кезеңі – тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс – әрекетін жүзеге асыру болып табылады. Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап, болжай білген жөн. Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды.

Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс – әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс – әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан – жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды – шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу – зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет.
Шәкірт тұлғасын өз пәнін жетік білуге оқыту арқылы тәрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тәрбиелеу, жұмыс түрлерін жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Әрбір оқытушының өзінің шығармашылық лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы бүкіл әдіс – тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқаны белгілі.

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.  Ал,  баланың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол біздердің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master