Ұлттық руханият – ұлт болашағы

Ұлттық руханият – ұлт болашағы

«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, бала отбасында алған тәрбиесін өмірдің сан алуан қырдарында қолданады. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, бауырмал болу, ұлттық руханиятты сақтау, туған жерғ туған елін сүю, алқына қамқор болу секілді  рухани құнды қасиеттер балаға ең алдымен тал бесіктен дариды.  Халқымыздың «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» , «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген  ұлағатты сөздері бекер айтылмаса керек. Сондықтан да бала болашағы үшін, соның ішінде ел болашағы үшін отбасын тәрбиесінің маңызы зор.

Бүгінгі таңда жалпы адамзаттық рухани құндылықтар мен ұлттық таным негізінде қалыптасқан салт – дәстүрімізді тұлға  бойына дарытуда отбасы тәрбиесімен шектелмейді.  Әлеуметтік қоғамның ,соның ішінде мектептің де баланы тұлға ретінде дамытып, тәрбие беруде айтарлықтай үлесі зор.

«Адам бір жылын ойласа –  дән  себеді, бар ғұмырын ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа –  ұрпақ тәрбиелейді»  демекші, менің  бала арманым мақтаулы мұғалім болу еді. Жүрегіме жақын, жанымды жадырататын мұғалім де болдым.  Ендегі арманым өзгелерге үміт сыйлау, әр үміт иесінің шырағын жағу. Жан –  жақты жетілген жаңа ұрпаққа рухани -адамгершілік қайнарын сіңіру. Өзгелерге өнеге бола білетін ұрпақ тәрбиелеу.  Бұл үшін мен не істеуім қажет? Бұл сұрақты мен  мектеп табалдырығын мұғалім болып аттаған күні өзіме қоя білгем.  Әр мұғалімнің өз сабағындағы өзіндік талап, ережелері болады. Менің басты ережелерім  мейірімді болу, әрқашан қол ұшын созу және бір бірімізге сіз деп құрметпен сөйлеу.  Бұл ережелер арқылы әр бала тек жақсылыққа қарай ұмтылады. Өзгелерге көмек қолын созуға әрқашан дайын болады және өзгелерді өзімен бірдей көреді.

«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой).  Сондықтан да бала жанын құрметтеп, оның әрбір ісіне сүйіспеншілікпен және үлкен қызығушылықпен қарай білуміз қажет. Сонда ғана бала өзінің ісіне, болашағына сеніммен қарай біледі.

Әлемді өзгертуді ең алдымен өзіңнен бастаған жөн. . Мұғалім балаға жылы жүзбен қарап,  жайдары көңіл сыйлай білсе, әрбір бала одан үлгі алып, өнеге тұтады.

Қазіргі қоғамымыздың басты  мақсаты – ұлттық рухани құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген,  дербес тұлғаны тәрбиелеу.

Осындай ізгі мақсаттарды жүзге асыруда  «Өзін өзі тану» пәнінің де алатын орны ерекше.

Өскелең ұрпақтың жүрегіне ізгілік нүрыны құйып, жанына сәуле себетін өзін өзі тану  – тұлғаны адамгершілікке, ұлттық руханиятқа бастайтын пән.

Мұғалім –  жүрек жылуын барлық шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәріздес нұр болып қоя білуі тиіс.  Сонда ғана біз рухани дамыған тұлғаны болашаққа бағдарлай аламыз!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master